1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды «Кім отыр?» тренингі арқылы түгендеу. Оқушылардың көңіл күйін жақсарту -Қане, балалар! Көңіл күйлерің қандай?
-Тамаша! Керемет!
-Жарайсыңдар!
Тренинг.
- Бүгін сабақта кім жоқ?
-(Бақытты Балауса осында, Ілтипатты Інжу де осында, Ақылды Айқын да осында, Асқақ мінезді Алмаз да бар, т.б) – Тамаша! Бүгінгі сабақта барлығымыз да түгел екенбіз. Олай болса, мейірімді Махаббат апай да алдарыңда.
-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
-Жеміс-жидектер
-Сендерге сәттілік тілей отырып, балалық шақтарың тәтті болсын деп жеміс-жидектер алып келдім. Өздеріңе ұнаған жемістерді таңдап алыңдар.
2.Топқа бөлу. Жеміс-жидектермен топқа бөлу.
І топ: «Жүзім»
ІІ топ: «Алма»
ІІІ топ: «Құрма»
3. Үй тапсырмасын сұрау. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі.
6-тапсырма. «Жердің көркі –ағаш» деген тақырыпта әңгіме жазу болатын.
-Ал кім оқиды? \Әр топтан бір оқушыдан оқыту\
«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы ережелерді еске түсіру.
1. Омоним дегеніміз не?
2.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
3.Антоним дегеніміз не?
Ойшақыру.
-Балалар, біз бүгін не үшін жеміс-жидекпен топқа бөліндік?
(Суреттер арқылы тақырыпты болжайды.)
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.
Сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалар орындаймыз.
Білу және түсіну. 1-тапсырма. «Мәнерлеп оқу» әдісі. Мәтінді оқып, алдыңғы оқылым мәтінімен мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.
(Бір оқушы мәтінді оқиды, қалған оқушылар тыңдайды)
«Еркін микрафон» әдісі арқылы оқушылар мәтіндегімәліметті айтып шығады. Сұрақтарға жауап береді.
-Мәтіннен не түсіндік?(микрофонды береді)
1.Жүзімнің жүз грамында қанша калория бар?
2.Жүзім шырынының қандай пайдасы бар?
3.Бір килограмм жүзім калориясы қанша азық-түлікке тең?
4. Тағы қандай жемістерді білесіңдер?
Дескриптор:
-мәтінмен танысады;
-мәтіндегі негізгі және қосымша ойды анықтайды;
-сұрақтарға жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау:Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты мадақтау сөздер арқылы бағалау жүргізеді.
Жарайсың! Тамаша! Бәрекелді! Өте жақсы!Керемет!
Қолдану. Топтық жұмыс.
1-топ: 2-тапсырма. Жүзім құрамындағы дәрумендер мен олардың адам ағзасына пайдасын анықтап, кестеге жазыңдар.
|