Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.
Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді?
Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не?
Салыстыру үшін алынған материалдар қандай болуы керек.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің басты мақсаты не екен?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975
Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975
Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, «Просвешение», М, 1960, 1965
Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. «Ваклер», М, 2001
Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983
8 ДәрісХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар
2. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері
Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.
Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер есімімен байланысты. Салыстырмалы – тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсімен бірге А Шлейхер ХІХ ғасырда туған тіл философиясының көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар, ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар енгізді. Оның сондай теріс көзқарастардың бірі – тіл біліміне Натуралистік көзқарас. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалызерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінде толық көрінеді.
Бұл еңбектерінде А Шлейхер тілді табиғи орнанизм, тіл де табиғи организм секілді басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы, - дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғылымдар тобына қосылады.
Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі пс ихолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейтальды жатқызуға болады. Харьков университетінің профессоры Александр Потебня, неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вунд, Герман Пауль, тағы б. қолдады. Бір сөзбен айтқанда, тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету ХІХ ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктіреді.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық көзқарас ХІЪХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілестес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, Г. Остгоф, Б. Дельбрук, А Лескин т.б. Францияда М Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г И Асколи, Россияда Ф Ф Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бордуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Жас грамматистердің мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті ұстанды. Оның бірі –тарихи принцип те, екіншісі – психологизм принципі.
Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ. Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Бұл саладағы көрнекті еңбектері: «Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер» (1871) , «Фонетикалық альтернация теориясының тәжірибесі» (1895), «ХІХ ғ тіл білімі, немесе лингвистика» (1901), «Лингвистикалық ескертпелер және афоризмдер » (1903), «Тіл біліміне кіріспе » (1917) т.б.
Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов. Ол Геранияда, Англияда болып жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдап, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, үнді – еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген. Олардың ішіндегі ең елеулісі «Салыстырмалы тіл білімі» (1898)ж «үнді – еуропа тілдерінің салыстырмалы фонетикасы» (1902), «Көне славян тілі фонетикасынан лекция» (1919) т.б. жатады
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
2.Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
3.Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
4.Мәскеу лингвистикалық мектебі?
Ұсынылған әдебиеттер
1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975
2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. «Ваклер», М 2001
4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.
9Дәріс XX ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білім
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар.
Мұндай күрделі міндетті орындау оңай емес еді. Ол кезеңде бірсыпыра негізгі мәселелерге маркстік емес принциптерге негізделген үнді-еуропалық тіл білімі үстем болатын. Сондай қитыншылықтарға қарамастан іздене, кейде шалыс баса жүріп, советтік тіл білімі бірте – бірте күш жинап, үздіксіз алға ұмтылумен болды.
Бұл кезеңнің лингвистерінің алдына қойған ең басты міндеттерінің бірі – бүкіл совет халқымен бірлесе отырып, елімізде сауатсыздықты жою, жер-жерде жүздеп мыңдап ашылып жатқан оқу орындарына жаңа әліппелер, грамматикалық әр түрлі оқулықтар жасау, өзіндік жазуы жоқ, Россияның бұрынғы отары болғаншағын халықтардың өз тіліне лайықты жазуға ие болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын.Совет лингвистері бұл саладағы орасан қиын да абыройлы жұмыстарды жақсы орындап шықты.
Бұрын мүлде жазуы болмаған, немесе қолданып келген жазуы тілдің дыбыстық жүйесіне сай келмейтін елу шақты халық тілін жаңа әліппемен қамтамасыз ету талабы сол тілдердің дыбыстық жүйесін жан-жақты зерттеу міндетін алға қойды.Бұл ,Отан лингвистикасындағы фонетика , фонология ғылымының дамуына түрткі болды.Оның үстіне фонетика ғылымы Россияда И.А.Бодуэн де Крутенэнің және оның талантты шәкірттерінің еңбектері арқылы революциядан бұрын да жақсы жолға қойылған болатын . Фонетика ғылымының әсіресе оның фонология саласының біздің елімізде ерекше дамуына СССР – де құрылымы жағынан алуан түрлі тілдерде сөйлейтін ұлттардың көп болып , олардың тілдерінен бай , соны материалдардың жиналуы да қолайлы жағдай жасады.Сөйтіп,елімізде фонетика , фонология ғылымы бүкіл дүние тіл білімінің күшті бір саласына айналды.
Тілдің грамматикасын жазу үщін әр тілдің өзіне тән нормасын айқындаудың қажет болатындығы белгілі.Бірақ , тіл құрамында азды – көпті диалектілік ерекшеліктер , соған сәйкес норма түрлілігі болып отырады.Сондықтан тілдің грамматикасын жазу үшін ол тілдің диалектілік ерекшеліктерін , грамматикалық , тілдік норма етіп ол ерекшеліктердің қайсысын қолданудың жөн болатындығын айқындау қажет .Осыған байланысты совет тіл ғылымында диалектолгиялық зерттеу де кең көлемде етек алды.Одақтағы көптеген тілдердің диалектілік сөздіктері , диалектологиялық карталары жасалды.
Бұл жұмыс тек нормалары , тілдік диалектілерді айқындаумен ғана шектелген жоқ , соларға қоса жер жерде әр халықтың ұлттық әдеби тілін қалыптастыру , оның өткені мен қазіргі күйін , болашақ бағыт бағдарын зерттеу жұмыстары да қарқынды жүргізілді.Жер жерлерде әдеби тілдің теориялық және практикалық жақтарын жан –жақты қамтыған көптеген зерттеулер дүниеге келді.
Одақ көлеміндегі халықтардың өзара достастық , туысқандық қарым - қатынастарын қалыптастырып дамытуда олардың тіл арқылы бір – бірімен қатынас жасауларының , өзара түсінісіп отыруларының шешуші мәні бар. Бұл қатынастың ең тиімді ,ең қолайлы ретінде орыс халқының ұлттық тілі қолданылады да , ол совет дәуірінде ұлт аралық тілге айналды.Сөйтіп, екі тілді сөздіктер жасау ісі өріс алды.Бұл күнде Отанымыздағы халықтардың барлығының өз сөздерін орыс тіліне , немесе орыс тілі сөздерін өз тілдеріне аударған сөздіктер бар.Екі тілді сөздіктермен қатар әр ұлт тілінде бір тілдік сөздіктердің де алуан түрлері шығарылды.Осындай кең өрісті істердің арқасында Отандық тіл білімінің лексиколгия , лекикография салалары жан –жақты дамыды.
Совет тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада бірінші болып ұлт тілі , ұлт тілдерінің болашағы , олардың өзара қарым –қатынасы , бір –біріне тигізетін әсері тәріздес күрделі проблемаларды зерттеуде де елеулі табыстарға жетті.
Совет тіл білімінің бір ерекшелігі – теориялық мәселелер мен практикалық мәселелерді тығыз байланыста, бірлікте жүргізуі. Бүкіл Совет ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. Осы талап тұрғысында жазылған біраз еңбектер жарияланды. Олардың қатарына В.Н.Волошиновтың 1929 жылы шыққан « Марксизм и философия языка », Р.О.Шордың « На путях к марксисткой лингвистике » (1931), « Языковедения и материализм » деп аталатын еңбектерін және көптеген мақалаларды жатқызуға болады.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Бірақ бұл бағыттар арасындағы қайшылық олардың философиялық принциптері арасындағы қайшылық емес еді. Олардың барлығы дерлік өз зерттеулерінде маркстік лениндік философияны басшылыққа алуды көздеді. Бұлардың арасындағы қайшылық – тіл біліміне марксизмді қалай өндіру принципінде, тіл фактілерін зерттеу тәсілдерінде, үнді-еуропалық лингвистикаға көзқарасында болды.
Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?
4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. «Очерки по истории лингвистики» М.,1975
2. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
4. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж
5. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974
10 Дәріс Тілді зерттеу әдістері
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Лингвистикалық әдіс туралы ұғым.
2.Сипаттама әдіс.
3.Салыстырмалы әдіс.
4.Құрылымдық әдіс.
5.Математикалық әдіс.
6. Типологиялық салыстыру.
Методология – гректің метод және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Мағынасы – метод туралы ілім. Методология – теориялық ойлаудың философиялық негізі.
Методология- дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып – білудің жолы, философиялық принципі. Маркістік диелетілік және тарихи материализм методы дегенді осы мағынада түсінген жөн. Өйткені бұл метод қоғам мен табиғат ққұбылыстарын, ойлауды, болмысты танып – білудің бірден –бір ғылыми жолы. Орыс тіліндегі үлкен энциклопедиялық сөздікте «метод – болмысты түсіндірудің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды танып – білудің, зерттеудің тәсілі» деген анықтама бар. Бұл сөздікте «Метод – болмысты түсіндірудіің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды танып – білудің, зерттеудің тәсілі » деген анықтама бар. Бұл – методқа жалпы ғылымдық, философиялық тұрғыдан, яғни метология деген тұрғыдан берілген анықтама. Бірсыпыра ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір – бірімен шатастырмау үшін және метод деген терминді моносемиялы ету үшін оның жоғырыда айтылғандай жалпы ғылымдық, философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді. Бұл – орынды пікір.
Сипаттама әдіс – лингвистикалық әдістер ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама метод бойынша жүогізілген. Сипаттама метод зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады.
Сипаттама метод бойынша жазылған еңбектер осы методың атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Оқу құралы ретінде жарияланып жүрген қазіргі тілдер грамматикалары, немесе фонетикасы мен лексикологиялары сипаттама метод бойынша жазылған. Тілдің белгілі бір дәіурдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама метод бойынша жүргізілетін зерттеудің мәні ерекше.
Құрылымдық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20 – ж бастап қолданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан.
Мұны тілді зерреуге алғаш қолдаушылар – Чехославакия мен Дания лингвистері. Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, лингвистикалық ағым ретінде құрылымдық тіл білімі, немесе структурализм деп те аталып жүр.
Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір – бірімен салыстыра тексеру – ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл тәсіл барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептелінеді. Салыстыру тек ғылыми зерттеуге ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған объектінің өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық жәе одан өзгешішелік жақтары айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көзделер түпкі мақсат – әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешілік лингвистикада қолданылатын салыстырмалы методта да бар.
Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың ролі мейлінше артты Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын, немесе тексті бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды.
Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қандай әдіс түрлерін білесің?
2. Әдіс түрлерін не үшін қолданамыз?
3. Методология дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975
2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3. Қалиев Ғ Жалпы тіл білімі А 2001
4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.
5.Мигирин. «Язык как система отображения» К1974.
11 Дәріс Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Тіл білімі және физиология мен медицинамен байланысы.
2.Тіл білім және әдебиеттану ғылымы.
3.Тіл білімі және тарих, археология.
4.Тіл білімі және география.
5.Тіл білімі және кибернетика.
Тіл білімі және физиология мен медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық құбылыс. Оған мидың да, сөйлеу органдардың да, нерв жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі, физиология, физика, медицина ғылымдармен де байланысты болады.
Тіл білім және әдебиеттану ғылымы. Бұл екі ғылым сол заманнан бірлікте және филология деген ортақ атаулысы келеді. Әдебиет пен тіл—айырылмас бірліктегі құбылыстар. Тіл – әдебиеттің жаны.
Тіл білімі және тарих, археология. Тілдің диахрондық, яғни тарихи жолдарын зерттеу – сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты.
Тіл білімінің халықтың материалдық мәдениеті тарихын зерттеуін – археология ғылымымен де байланысты.
Лингвистер, археологтардың, этнографтардың бірлесіп еңбек етуі – тіл тарихы, ел тарихы сырларын ашуға өлшеусіз пайда келтіреді.
Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы ХIХ ғасырдың соңғы кездерінен басталады. Диалектографияның мақсаты – диалектілік атластар жасау. Мұндай атластыңалғашқы түрін өткен ғасырдың аяқ кезінде (1897 жылы басталып, 1926 жылы біткен), Германияда Винклер, Вреде деген ғалымдар жасаған.
Диалектологияның дамуында лингвистиканың географияның ғылымымен ұштасуы ХІХ ғ соңғы кездерімен басталады. Диалектографияның мақсаты – диалектілік атластар жасау.
Тіл білімі және кибертнетика. Кибернетика грек сөзі – Мағынасы – басқару, басқару шеберлігі деген сөз. Кибернетиканы ғылым атауы ретінде қолдануды және онвң алға қойған мақсатын алағш айтқан – Америка профессоры Н.Винер.
Қолданбалы лингвистика – тіл білімінің тілді практикалық талаптарға сәйкетендіріп қоолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын бір саласы.
Тіл білімі және семиотика. Семиотика әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі туралы ғылым. Семиотика сөйлеу тіліне сондай таңбалардың бірі ретінде қарайды. Тілде таңбалық сипаттың барлығын тіл білімі де бекер демейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тіл білімі және медицина арасындағы байланысты ата?
2.Тіл білімі және әдебиеттану арасындағы байланысты ата?
3. Тіл білімі және кибернетика арасындағы байланысты ата?
Ұсынылған әдебиеттер:
Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975
2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3.Қалиев Ғ Жалпы тіл білімі А 2001
4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің
тарихын оқыту. А. 1985
Мигирин. «Язык как система отображения» К1974
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1-тәжірибелік сабақ. Көне заман тіл білімі. Ежелгі Қытай грамматикасы. Көне үнді тіл білімі. Көне грек тіл білімі.
Сабақтың мазмұны:
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Философияның тууына түрткі болған себептер.
3. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
4. Ежелгі Қытайда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика.
5. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі.
6. Грек тіл білімінің негізгі объектілері
7. Атау теориясы, тілдің шығуы
8. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері
9. Грек тіл білімінің негізгі объектілері
10. Атау теориясы, тілдің шығуы
11. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері
Сабақтың мақсаты: Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар, көне заман лингвистикасы жайлы мағлұматтар беру.Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?
4. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
5. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз?
6. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
7. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз?
8.Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?
9. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
10. «Эрья сөздігінің » ерекшелігі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. Изд.
3.УРСС, М. 2001.
4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. -Кишинев: Штиинца
5.Амирова, Ольховиков Б. А., РождественскийЮ.В. Очерки по истории лингвистики –М., 1975.
6.Березин М. История лингвистических учении. –М., 1975.
7.Методы лингвистических исследовании. –М., 1973.
8.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. –А., 1985.
9.Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975.
10.М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975
11.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
12.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
2 -тәжірибелік сабақ.Орта ғасыр лингвистикасы
Сабақтың мазмұны:
1.Әлемдік діндердің канондық тілдердің пайда болуы, олардың тіл біліміне тигізетін әсері.
2. Схоластикалық бағыттың ықпалдары.
3.Реалистік номиналистік бағыттар.
Сабақтың мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету
Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?,
2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?
3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар?
Ұсынылатын әдібиеттер:
1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975.
2. М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975
3. ҚалиевҒ. Жалпы тіл білімі А 2001
4.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.
3- тәжірибелік сабақ. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі
Сабақтың мазмұны: 17 – 18 ғ тіл біліміндегі ой пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны.
Сабақтың мақсаты: 17- 18 ғ тіл білімінің қалай дамығанын көрсету.
Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырда пайда болған еңбектер?
2. Осы кезде пайда болған сөздіктер?
3. Бұл еңбектердің қандай кемшіліктері бар?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975.
2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975.
3. Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, «Просвешение», М, 1960, 1965.
4. Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. «Ваклер», М, 2001
5. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983.
4-тәжірибелік сабақ.Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
Сабақтың мазмұны:
1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің объектісі көздейтін мақсаты.
2. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар.
3. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |