ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі CМЖ
Құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-01.00/01-2013
|
ПОӘК
«Жалпы тіл білімі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы
|
№басылым «_»_____ 2013жыл
|
6М 020500 - « Филология: қазақ тілі » мамандығына арналған
« Тіл білімінің, әдебиеттің өзекті мәселелері» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2014
ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2013
|
______№ ___басылым
|
_______ беттің _____беті
|
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістердің қысқаша мазмұны
СӨБӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау
СӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау
Пән бойынша сұрақтары
Пән бойынша тест тапсырмалары
ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2013
|
______№ ___басылым
|
_______ беттің _____беті
|
1.Глоссарий
1.1 Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.
1.2 Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі.
1.3 Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.
1.4 Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.
1.5 Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.
Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.
1.6 Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.
1.7 Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.
1.8 Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды.
1.9 Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.
1.10Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.
1.11Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»).
1.12Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
1.13Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.
1.14Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
1.15Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.
1.16Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.
1.17Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.
1.18Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.
1.19Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).
1.20Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.
1.21Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.
1.22Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.
1.23Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
1.24Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.
1.25 Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.
1.26Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.27 Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.
1.28 Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.
1.29 Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.
1.30 Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
1.31 Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
1.32 Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.
1.33 Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.
1.34 Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.
1.35 Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.
1.36 Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.
1.37 Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п
1.38 Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
1.39 Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.
1.40 Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.
ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2013
|
______№ ___басылым
|
_______ беттің _____беті
|
2 ДӘРІСТЕР
1 Дәріс Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы
2. Жалпы тіл білімі пәнінің мақсаты мен міндеттері
3. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен, әсіресе, жеке тілдер жөніндегі іліммен қарым-қатынасы
Тілдегі толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы – алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалды. Оның айқындалуы тілде болатын ортақ заңдылықтарды, түрлі құбылыстарды зерттейтін, соның нәтижесінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл піннің мақсаты – оқушыларды теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім беру. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасы.
Лингвистиканың объектісі мен салалары. Лингвистиканың объектісі – адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да жан-жақты зерттейді.
Дыбысты тіл – күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен, бір бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу ісін түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімін жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі деп екіге бөледі. Жеке тіл білімі сол тілдің немесе туыстас тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі немесе түркітану т.б.Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін саласы – жалпы тіл білімі деп аталады.
Дүние жүзі тілдері құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бір-біріне ұқсас, бәріне ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар. Мысалы, тілдің бәрі де адамдардың өзара қатынас құралы. Тілдердің қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем болады. Тіл бір қалыпта қалып қоймайды, өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Сонымен бірге, дамуға, өзгеріске түрткі болатын әр түрлі ішкі және сыртқы себептер тіл тарихының қай-қайсысында болса да кездеседі. Бұл да барлық тілдерге ортақ, жалпы заңдылық.
Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелері:
1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.
2. Тілдің құрылымы, құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.
3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаты.
4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға ортақ болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялық процестер, жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тіл т.б.
5. Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі.
6. Жазудың пайда болуы, даму жолдары.
7. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.
8. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.
Жалпы тіл білімі қарастыратын мәселелерді сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырымдар жасағанда жеке тілдерді зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топшылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жасалады. Ал жеке тіл білімі өз зерттеулерінде жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соны басшылыққа алады. Осыдан жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің өзара бірлігі, тығыз байланысы туады.
Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика сөзі қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.
Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан онысоциологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
Тіл білімін зерттеуде қолданылған әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарларына қарай да жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралдық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы (прикладтық) лингвистика жатады.
Кейбір зерттеушілер еңбектерінде фонетика бойынша дыбыстардың физикалық, физиологиялық жақтарын зерттейтін саланы предлингвистика деп атайды. Сондай-ақ, әр тілдің дыбыстық мәнерін, экспрессивтік, эмоциялық, көркемдік мүмкіндіктерін зерттейтін саланы паралингвистика деп атайды.
Жалпы тіл білімінің тағы да бір қарастыратын мәселесі – лингвистикалық ой-пікірдің қалыптасу, даму жолдары, яғни ғылымның өз тарихы. Өйткені өткенді білмейінше жаңаны тану мүмкін емес. Өткенмен салыстыра қарау арқылы ғана жаңалық ашуға болады.
Тіл білімі тарихының тәрбиелік те, танымдық та мәні зор. Өйткені ол қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Тіл білімін зерттеуде зерттеушілердің басшылыққа алатыны – тарихи принцип. Бұл принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі лингвистикалық мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, зерттеледі.
Әдетте, тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, жеке ғылым болып қалыптасу тарихы ХІХ ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ бұдан ХІХ ғ. дейін тіл мәселесі сөз болмады деуге болмайды.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі болғандығын байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Грек елдеріне тән.
Лингвистика тарихын шартты түрде:
1. Ежелгі заман лингвистикасы,
2. Орта ғасыр лингвистикасы,
3. Қайта өркендеу дәуір лингвистикасы,
4. ХІХ ғ. лингвистикасы,
5. ХХ ғ. лингвистикасы деп жіктеуге болады. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен тағы да түрлі кезеңдерге бөлінеді. И.В.Кодухов жазған «Жалпы тіл білімі» оқулығында тіл білімі тарихы бес дәуірге бөлінеді:
1. Көне заман лингвистикасы XVIII ғасырға дейінге дәуір.
2. Салыстырмалы-тарихы тіл білімі мен тіл философиясы қалыптасқан дәуір (XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғ. басы).
3. Логикалық және психологиялық тіл білімі дәуірі (ХІХ ғ. ортасы).
4. Неограмматизм мен тіл социологиясы (ХІХ ғасырдың 3-бөлігі мен ХХ ғ. басы).
5. Қазіргі заман тіл білімі және структурализм (ХХ ғ. 30-60 жж). Соңғыға совет тіл білімі тарихы да қосылады.
Ұсынылған әдебиеттер:
Амирова, Б.А.Ольховиков., Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. М., 1975.
М.Березин. История лингвистических учении. М., 1975.
М.Березин., Б.Н.головин. Общее языкознание. М., 1979.
Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000
Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999
2 ДәрісКөне заман тіл білімі.Ежелгі Қытай грамматикасы. Көне үнді тіл білімі. Көне грек тіл білімі.
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Философияның тууына түрткі болған себептер.
3. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
4. Ежелгі Қытайда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика.
5. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі.
6. Грек тіл білімінің негізгі объектілері
7. Атау теориясы, тілдің шығуы
8. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері
9. Грек тіл білімінің негізгі объектілері
10. Атау теориясы, тілдің шығуы
11. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері
Әдетте тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, жеке ғылым болып қалыптасу тарихын XІX ғ бас кезінен бастайды. Салыстырмалы- тарихи тіл білімі тұрғысынан алғанда оның тарихын өткен ғасырдан баастау, әрине, шындыққа жуықтайды. Бірақ бұдан 19 – ғ дейін тіл мәселесі сөз болмады деген ұғым тумайды. Дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы ғылымға дейінгі дәуірлердің өзінде де талпынған. Адам қоғамының балаң кездерінен сақталған алуан түрлі мифологиялық, діни түсініктерді былай қойғанның өзінде, өте ертеден басталатын әр түрлі жазу- сызуларда тілдік заң- ережелер ескерілмеді деуге болмайды.
Ежелгі дәуір – лингвистикасының ой – пікірдің жаңа туындай бастаған және мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында лингвистикалық түсінік бірте – бірте, өте баяудамиды. Ол өрісі тереңдігі жағынан да жұпыны болды. Соған қарамастан бұл екзеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайғагн тілі білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп анаған жөн.
Ежелгі дәуір – лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі- атау атак, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер проблемасы. Заттарға, құбылыстарға, оқиғаларға қойылған аттардың қайдан, қалай пайда болғандығын, ол атаулардың дұрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сөз етушілер философтар болған және бұл проблеманы олар философиясының ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір – біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған .
Филология – жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Атау теориясыдай емес, грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі бағытта, әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуірдегі лингвистикалық ой-пікірдің барлығына тән ортақ қасиеттер де болды. Бұл кезеңдегі грамматикалық өнер тіл философиясына тәуелсіз, дербес ілім болғанымен, біраз мәселеде оған байланысты болған. Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйле тілі арасындағы қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикылық өнерді пікірді дұрыс, дұрыс әдеби етір бере білу өнеріне үйрететін практикалық ілім деген жөн.
Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылмағанымен олар тек практикалық сипатта ғана еді, ал лексикология синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз болды. Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге ғана нұсқаларды зерттеді. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеді. Бесіншіден, бір елдегі лингвистикалық ой – пікірдің екінші елге жетуі же жоққа тән болды. Бұларды көне заман елдерінде туған филологиялық зерттеулерді жеке сөз еткенде байқауға болады.
Ежелгі Қытай грамматикасы. Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551- 479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций ( Кун - Цзы).
Ат қою теориясымен қатар Ежелгі Қытайда Грамматикалық өнердің де негізі қаланды. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы – иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде - ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық,жартылай уставтық және жылдам жазу деп үш стильге бөлінген, грамматика байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға – сөз. Сондықтан, иероглиф жеке сөзді емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі – қытайша « Эрья» деп аталатын сөздік. Б.з.д. үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін – иероглифін түсіндіруге арналған. Ол жазбалардың сөздері киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын сол ережелер.
Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себепті бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп атайды.
Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі осында.
.
Көне үнді тіл білімі. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол – «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяи» ( Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі ) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі – тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Осы санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздердің тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағаны ғылымда әлі белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Үнділер тілдік негізгі тұлға – сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегендерімен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе – фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алған жоқ. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырылған. Соның өзінде қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын кездестіреміз. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген. Үндістан лингвистикасының тарихын сөз ете келіп, В.Томсен: «Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады», - деп жазады.
Ал, И.А.Бодуэн де Куртенэ « XIX ғасырдағы тіл ғылымы, немесе лингвистика » деген еңбегінде салыстырмалы грамматиканың XIX ғасырдың туындысы екенін айта келіп: «әдіс жөнінен алғаш түрткі салғандар үнді грамматистері, тілдік талдау, сөздерді құранды элементтерге бөлу солардан басталады. Бұл – түрлі тілдер сөздерін салыстырмалы қарауды дүниеге келтірді. Егерде үнді грамматистерінің XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Европа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Европа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді» дейді.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған лингвист-ғалымдар болды. Солардың бірі – біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын тілін санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи-салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы деген ұғымдардың алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің «Пракрит грамматикасы» дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі – философ-лингвист Бхартхари. Бұл – тіл мәселелерін философияға бйланыстыра қараған ғалым. Бхартхари тіл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлген. Басқа лингвистер сияқты бұл да сөйлемді ойды білдіретін негізгі тілдік тұлға, мағыналық жағынан да, құрылым жағынан да бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға деп санайды да, сөйлемнің байымдауымен арақатынасына тоқталады.