ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар



бет6/20
Дата27.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#6293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар

-аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит)



4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары

-ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс)

-ық, ік: құрғақ (сөз)

-у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату



Күрделі сындардың жасалуы

"Күрделі сын есімдер" деген термин 1952 жылғы А.Ысқақов пен К.Аханов авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап, ғылыми айналымға түсті .

Күрделі сындар деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сөздер аталады. Мысалы, қоңыр қошқыл, ал қызыл, қара көк, қоңкақ мұрынды, ұзынтұра, ат жақты, ерке тотай т.б. Күрделі сындар бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, ол қаншама сыңарлардан құралса да, бір сөздің қызметін атқарады, сөзге қойылатын талаптардың бәріне сай келеді.

Күрделі сын есім сөздер бір сындық белгіні білдіретін сөз болғандықтан, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы, Толықша келген, аппақ жүзді қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп, қиылып тұр (М.Әуезов). Тұстарыңда қара күрең кілем (С.Сейфуллин). Зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі аппақ жүзді, қара күрең, зор денелі, бурыл сақалды деген күрделі сындар мысалдарда қыз, кілем, Құнанбай деген зат есімдерді анықтап, қандай деген сүраққа жауап беріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болып тұр. Күрделі сындардың әр сыңары жеке сөйлем мүшесі қызметін атқармайды, өйткені олар бір сөздің ішкі құрылымына жатады, сыңарлары дербес сөздік қасиеттен айрылған.

Тілдегі сөз атаулының дыбыстық құрамы тұрақты, ол дыбыстардың орнын ауыстыруға болмайды. Күрделі сындар да сөздің осы белгісіне толық сай келеді. Күрделі сындар біртұтас сөз болғандықтан, олардың құрамындағы сыңарлардың орны тұрақты және олардың орнын ауыстыруға болмайды. Мысалы, түлкі тымақты (адам), көк жасық (ет), қызьыл шұнақ (аяз), түлкі бұлаң (мінез) дегендегі күрделі сындардың орындарын ауыстыруға болмайды, өйткені күрделі сындағы мағына бұларда жоқ. Күрделі сындар белгілі құрамда, ол құрамдағы сыңарлар белгілі тәртіпте тұрғанда, күрделі сындардың мағыналары қалыптасқан, оны бұзуға, өзгертуге болмайды. Сондықтан күрделі сыңарлардың сыңарлары мен олардың орны тұрақты.

Күрделі сындардың құрамының тұтастығын олардың сыңарларының арасына басқа сөздердің кіре алмауы да білдіреді. Күрделі сындар біртұтас сөздер болғандықтан, оның сыңарларының арасын басқа сөзбен бөлуге болмайды. Бұл-сөз атаулыға тән жалпы заңдылық. Негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын олар - біртұтас сөз, сондықтан олардың тұтастығын бұзып, арасына басқа сөз кіре алмайтыны белгілі. Дәл осындай күрделі сөздер де біртұтас сөз болғандықтан, оның қолданыста тұтастығы сақталады.

Күрделі сыңардың сыңарлары дербестігінен айрылып, біртұтас мағынаға көшкендіктен, олар біртұтас бірлік ретінде сөйлемде басқа сөздермен тіркесіп, сөз тіркестерінің бір мүшесі ғана болады. Мысалы, Үй ішін сұраған ашық жарқын ажарын көре алмаған (М.Әуезов). Ол өңшең қыз, сылқым сүлу келіншек пен сәнді сұлу бозбала (М.Әуезов). Мұнда күрделі сындар ашық жарқын мінез, сылқым сұлу келіншек, сәнді сұлу бозбала деген сөз тіркестерін жасап, солардың бір мүшесі болып тұр.

Күрделі сындардың сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Жалпы тіл біліміндегі күрделі сөздер теориясында күрделі сөздердің толық мағыналы сыңарлардан жасалатыны - әбден танылған пікір. Қазақ тіліндегі күрделі сындар да осы теорияға толық сәйкес келеді. Өйткені күрделі сындардың мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағынасының негізінде жасалып, күрделі сындық ұғымды білдіреді.

Ал күрделі сындардың құрамы қандай күрделі болса, мағыналары да сондай күрделі болады. Мысалы, қызыл ала көйлек, қара көк қамзол, мойыл қара мақпал, солғын қызғылт орамал т.б. осы сияқты күрделі сындарды алсақ, заттың сындық белгісі біртекті емес екенін көру қиын емес. Мұндағы сындардың мағыналары да күрделі екені анық, яғни заттың сындық белгісі түрлі сындық белгілерден құралады. Айталық қызыл ала көйлек дегенде қызыл ала көйлектің жалпы түсін білдіріп тұрғаны анық, бірақ көйлектің түсі түрлі түстің қосындысынан тұрады. Көйлектің түсінде қызыл да, тағы басқа түс те араласкан яғни ол бір ғана таза түстен тұрмайды. Сондықтан ол дара сыннан белгінің күрделілігі арқылы ажыратылады. Бұлардың мағынасы сыңарларының мағыналарының қосындысынан жасалған.

Күрделі сындар сөзжасамның аналитикалық тәсілінің ішкі үш түрі арқылы сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдері арқылы жасалады. Осыған байланысты күрделі сындардың үш түрі бар: 1) біріккен күрделі сындар, 2) қосарланған күрделі сындар, 3) тіркескен күрделі сындар.

Біріккен күрделі сындар онша көп емес, олар көнетоз, көнтері, тілалғыш, есерсоқ, біртоға, алаңғасар, аласабыр, бұратана, кемтар, кертартпа, қонакжай, жарымжан, балажан, қарапайым, кеудемсоқ, ішкұста (ашу), етжеңді, кірпияз, можантопай, етекбасты (мінез) сияқты сөздер.

Қосарланған күрделі сындар тілде бірсыпыра: үлкенді-кішілі, жаманды-жақсылы, ақты-каралы, кызылды-жасылды, ерке-бұлаң, көл-көсір, ала-құла, ағал-жағал, сыбай-салтаң, қан-сөлсіз, кедір-бұдыр, телегей-теңіз, үзыннан-үзақ, өркеш-өркеш, үйме-жүйме, аумалы-төкпелі, қырғи-қабак, өлем-жәлем, сүлу-сыпайы, кдйғы-қасіретсіз, үлкен-үлкен, ұсақ-түйек, биік-биік т.б.

Тіркескен күрделі сындар тілден кең орын алады. Олар сөзді танудың емле белгісіне бағынбайды. Тіркесті күрделі сындар неше сыңардан құралса да, оның сыңарлары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, ақ сары, күрең қызыл, қара қошқыл, теңбіл көк, удай ащы, қоңыр салқын, майда қоңыр, қызыл шұнақ (аяз), түлкі бұлаң, көк долы, көк жасық, кер шолақ, арыстандай айбынды, касқыр ішікті т.б. Осы тіркескен сындардың қайсысы болсын біртұтас мағына береді. Күрделі сынның барлық белгісіне сай келеді.

Тіркескен күрделі сындар айтылу жағынан да бір үдай, бір ырғақ арқылы ерекшеленеді. Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы жеке айтылып, сыңарлары пауза арқылы бөлініп түрмайды. Күрделі сындардың сыңарларының ара-жігі бөлінбей, біртүтас ырғақпен айтылып, бір сөздегі бір екпінмен айтылады. Мысалы, Үзын бойлы, кдра сүр, ашықжүзді. Күңке ерінің жылы шырайын пайдаланып, - Мен бүгін тендерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім, -деп, Майбасарға қарады. Зор денелі, бурыл ■ сақалды Қүнанбайдың жалғыз көзі бүларда емес (М.Әуезов). Осьшардың ешкдйсында күрделі сынның сыңарларының арасында пауза, іркіліс жоқ, айтылуда күрделі сындар біртүтас сөз ретінде бір екпінмен ғана айтылады. Кідіріс тек күрделі сындардан болған бірыңғай мүшелердің арасында ғана бар.

Күрделі сындардың сыңарлары болып сын есім сөздер (кара торы, ал қызыл, сары ала), зат есім сөздер (ат жақгы, түлкі тымакты, касқьір ішікті), сан есім сөздер (екіжүзді, жүз кадамдай, сегіз қырлы), етістік сөздер (күйген терідей, үлбіреген жас) қатысады.

Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар қай сөз табынан болса да, олар тұтас мағынаға көшіп, күрделі сындық ұғымды білдіреді. Күрделі сындық ұғым күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың мағыналарының кірігуі, жалпылануы, кеңуі, қосылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде туады.

Күрделі сындардың құрамы екі түрлі: екі құрамды және үш құрамды күрделі сындар.

Күрделі сындар екі құрамды (күрең қоңыр, көк ала, қара кер, елтірі бөрікті), үш құрамды (аш қасқырдай қомағай, ал кара көк, асқар таудай биік, өңкиген қара торы, сырықтай ұзын бойлы).

Екі құрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері: 1) сапа сыны+сапа сыны: қызыл ала, қара көк, ал қызыл, көк ала, күңгірт кызыл, күрең қоңыр; 2) қатыстық сын+сапа сыны: оқтаудай түзу, сыбызғыдай нәзік, жардай семіз, каңбақтай жеңіл, удай ащы т.б. 3) зат есім+катыстық сын: арыстан жүректі, жай оғындай, алтын басты, күміс қоңыраулы; 4) қатыстық сын+қатыстық сын: сәнді киімді, періштедей кінәсіз, қазақы киімді, өліктей үнсіз; 5) сан есім+қатыстық сын: жүз қадамдай, екі кісілік, сегіз қанатты, бір бетті (адам); 6) етістік+қатыстық сын: ұлыған қасқырдай, қажымас қажырлы, қаққан қазықтай, піскен алмадай, аршыған жұмыртқадай т.б.

Үш құрамды күрделі сындардың үлгілері: 1) дара сын+күрделі сын; 2) күрделі сын+дара сын.

Дара сын+күрделі сын: күмістей таза сұлу, нәзік қоңыр сәулелі, сұлу жіңішке белді; Мысалы, Ол үлкен қара көзді жігіт еді (С.Мұқанов).

Күрделі сын+дара сын: қызыл ала көйлекті, түйе жүн шекпенді, ақ сұр жүзді. Мысалы, Алпамса денелі, қызыл күрең жүзді адам (С.Мұканов).

Күрделі сындардың жасалуында белсенді қызметті сын есім сөздер аткдрады, олардың қатысынсыз күрделі сын жасалмайды.

Тілдегі күрделі сындар өмірдегі жанды-жансыз заттардың, құбылыстардың әр түрлі сындық белгілерін көрсететін болғандықтан, олар түрлі мағыналық топтан тұрады. Солардың ішінен ең ірі деген мағыналық топтарды ғана атауға болады, өйткені күрделі сындардың барлық мағыналық тобын қамту мүмкін емес.

Күрделі сынның төмендегідей мағыналық топтары бар: 1) түр-түс күрделі сындары, 2) сапа мәнді күрделі сындар, 3) адамға қатысты күрделі сындар, 4) киімге қатысты күрделі сындар, 5) табиғатқа қатысты күрделі сындар, 6) жануарларға қатысты күрделі сындар, 7) үй-мүліктеріне қатысты күрделі сындар, 8) құрал-жабдыққа қатысты күрделі сындар.

Түр-түс мәніндегі күрделі сындар түсті білдіретін негізгі сындардан жасалады. Өмірдегі зат атаулының түрлі түсін, реңкін білдіреді. Олар іштей ашық түсті білдіретін күрделі сындар (ак боз, ал қызыл, ақсүр), қою түсті білдіретін күрделі сындар (қара қошкыл, қара көк, қара торы), солғын түсті біддіретін күрделі сындар (күлгін көк, солғын қоңыр), түрлі түсті білдіретін күрделі сындар (көк ала, теңбіл көк, шұбар ала) болып бөлінеді. Сапа мәнді күрделі сындар мағына жағынан түрлі-түрлі. Олардың кейбірін ғана атауға болады: аумақ-көлем мәнді күрделі сындар (еңгезердей үлкен, қағаздай жұқа, түпсіз терең), салмаққа -қатысты күрделі сындар (каңбақтай жеңіл, қорғасындай ауыр), дәм мәнді күрделі сындар (удай ащы, балдай тәтті), т.б. түрлі мәнді сындар (судай таза, көк жасық, оқтаудай түзу).

Адамға қатысты күрделі сындар да іштей түрлі мағыналы: бет өлпетке қатысты күрделі сындар (қара тәмпеш бала, кара қожалақ бет, сопақ бетті), адамның дене бітіміне қатысты күрделі сындар (сырықтай ұзын, өңкиген ірі, ілмиген арық), адамның мінезіне қатысты күрделі сындар (жайдары жайсаң, көк айыл долы, бір беткей), адамның дауысы, үніне қатысты күрделі сындар (майда қоңыр, сыбызғыдай нәзік, әсем қоңыр), киімге қатысты күрделі сындар (қима қамзолды, түлкі тымақты, ақ көйлекті), табиғатқа қатысты күрделі сындар (ақ түтек боран, шыжыған ыстық, үскірік суық), жануарға байланысты күрделі сындар (қара қасқа, тарлан боз, қарагер жорға, саңлақ жүйрік), үй мүліктеріне қатысты күрделі сындар (алты қанатты, күйме-сандық, торқа кілемді), құралға қатысты күрделі сындар (өткір пышақты, сабау қамшылы, әдемі кәрден кесе) т.б.


  1. Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері

  2. Сын есімнің синтетикалық сөзжасамы

  3. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары

  4. Есім сөздерден сын атауын жасайтын жүрнақтар

  5. Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар

  6. Сын есімнің аналитикалық сөзжасамы және олардың түрлері

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.


7 дәріс тақырыбы: Сан есім сөзжасамы
Жоспар

  1. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі,

олардың негізгі белгілері

  1. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері

  2. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны

  3. Синтетикалық тәсілдің сан есім жасауға қатысы

Сан атаулары - өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есім сөздердің сөзжасам жүйесі ерте қалыптаскан, өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, ерекшеліктері бар.

Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды.

Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан- сөзжасамдық тәсілдердің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалы сан есімде семантикалык тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.

Сан есімнің сөзжасамдық бірліктерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі косымшалармен ғана байланысты. Сан есім -косымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы қалыптасқан. Сан есім жұрнақгары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге ғана жалғанады. Басқа сөз таптарының қосьшшалары өз аясында тұйықгалмайтын болса, сан есімде оның сөзжасамдык косымшалары оның өз аясынан шықпайды, яғни баскд сөздерге жалғанбайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандык атауларды түрлендіріп, оган түрлі мағына үстейді. Мысалы, Екінші, үшінші күндері ағаш отырғызушылардың тобы көбее түсті. Иә, айтты — айтпады, өткен жылы төртінші бөлімше колхоз бойынша мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады. (Қ.Боранбаев). Осындағы екінші, ұшінші, төртінші, бірінші деген сан есімдердің кұрамындағы -нші, -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, ягаи ол - сан есімнің бір семантикалық тобының жұрнағы. Мұнда осы сөздерге негіз болып тұрған сан атауларынан басқа сандық ұғым, атау жасалмаған. Негіз сөздің сандык ұғымының үстіне ретгік мағына косылған. Сан есімнің сөзжасамдық жұрнақгары мағынаны турлендіруші жүрнақтарға. жатады.

Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердің қосымшалары жатады. Сан есімнің сөзжасавдық жүрнақгары сан есімнің мағыналық топтарын жасайды. Сан есімнің түрлі мағыналық топтарын жасауға басқа сөз таптарының көрсеткіштері де қатысады. Бұл қүбылыс та-тіл зандылығынан негізгі орын алмағанымен, тілде бар жағдай. Тілдік бірліктердің өз қызметінен басқа да түрлі қызмет атқаруы-кездесіп отыратын құбылыс. Сан есімнің мағыналық топтарының жасалуында бұл біраз орын алады. Мысалы, Жасы сол кезде кырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді (С.Мұқанов). Жасы отыздардағы, қыр мұрынның астына шоқталап мұрт қойған - сіріңке қара жігіг (Ж.Жұмақанов). Мұнда қырықтар, отыздар деген болжалдық сандар сан есімге көптік жалғау жалғану арқылы жасалған, сан есімнің болжалдық семантикалық тобының жасалуына зат есімнің көптік жалғауы қатысып тұр.

Сөзжасамдық бірліктер тек қосымшалар ғана емес екені белгілі. Сан есім сөзжасамының түп негізі қосымшаларда емес, түбір сөзге, сандық атауларға қатысты. Сан атауларына тіліміз өте бай. Қандай болмасын сандық ұғымды дәлме-дәл білдіруге тіл байлығымыз, сандық атауларымыз жеткілікті. Осы бай сан атаулары негізінен бір сандық атау мен екінші сандық атаудың бір-біріне тіркесуі арқылы жасалған. Басқаша айтқанда, сан есімде сөзжасамдық негізгі бірліктер - сан атауларының өзі, өйткені сан есімде сан атаулары бір сандық атау мен екінші сандық атаудың тіркесі арқылы жасалған. Олай болса, сан есімде сандық ұғым негізінен күрделі сан атаулары арқылы беріледі.

Сандық атаулардың негізгі жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты болғаңдықтан, бұл тәсіл арқылы сан есімдердің жасалуының өзіндік жолы, тіркесу реті, модельдері бар. Сан атауларын бір-бірімен тіркестіретін морфемалар, жалғастырушы қосымшалар тілде жоқ, сан есімнің жасалуы таза аналитикалық тәсілге жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық түрінде сөзжасамға қатынасатын сыңарлардың орын тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы, он бір, он бес, отыз алты, елу сегіз, тоқсан тоғыз т.б. Осы сандық үғымды білдіру үшін сыңарлардың осы орны сақталу керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Мысалға жоғарыдағы сандардың сыңарларының орнын өзгертіп, бір он, бес он, алты отыз, сегіз елу, тоғыз тоқсан түрінде алсақ, жоғарыдағы мағына сақталған жоқ, мүлдем басқа мағына туды. Бұдан сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалымында сыңарлардың орын тәртібі өте тұрақты, оның ерекше мәні бар.

Сан есім кез келген сандардың бір-бірімен тіркесу арқылы жасалмайды. Мұнда қалыптасқан белгілі заңдылық бар. Ол заңдылык бойынша тілімізде сан атаулының қайсысының калай тіркесуі қалыптасқан. Оны күрделі сандардың тіркесу үлгілерінен көруге болады, ал сан есім сөзжасамдық үлгілерге өте бай. Айталық ондық пен бірлік аралас сандардың жасалу үлгісімен жүздіктердің үлгісін салыстырып қарайық. Ондық пен бірлік аралас сандар он жөне бірлік сыңардан тұратын ондық - бірлік түріндегі үлгі арқылы жасалады да, мағына сыңарлардың мағынасының қосындысынан туады: отыз бес, қырық жеті, елу алты, сексен жеті т.б. Ал жүздік атаулар бірлік-жүздік үлгісімен жасалады да, мағына сыңарлардың мағынасының көбейтіндісінен туады. Мысалы, екі жүз, бес жүз, алты жүз, сегіз жүз т.б. Әр түрлі сандык атаулардың түрлі-түрлі нақтылы үлгілері бар. Ол үлгілердің әрқайсысының белгілі құрамы бар, оған қатысатын сыңарлар тек сан есім сөздер ғана. Әр үлгі бір топ сандардың атауларын жасайды.

Сан есім сөзжасамдық үлгілері күрделі сан атауларының жасалуын көрсетеді, ал сан есім мағыналық топтары да аналитикалық тәсіл арқылы жасалады, бірақ, мұнда сыңарлардың тек қана сан есім болуы міндетті емес, өйткені оған басқа сөз табы, яғни шылаулар да қатыса береді. Мысалы, Оның құны көп болса, 10-15 сом (С.Мұқанов). Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірімен-бірі айнала кұда (С.Мұқанов). Осы мысалда сан есімнің болжалдық тобына жататын екі мысал бар. Оның біріншісі он және он бес сандарының қосарлануы арқылы жасалған, оның сыңарларының екеуі де сан есімнен, ал екіншісі есептік санға шақты шылауының тіркесуі арқылы жасалған.

Нақтылы сандық атаулардың жасалуына қатысатын бірліктер - тек қана сан есімдер. Ал сан есімнің мағыналық топтарының жасалуына сан есімнің өз көрсеткіштерімен қатар, басқа сөз таптарының кейбір көрсеткіштері де белсенді қатысады. Әрине, сан есім мағыналық топтарының жасалуына кез келген қосымша қатыса бермейді. Ондай қызметке араласатын косымшалардың түрлері де, саны да белгілі.

Жоғарыда сан есім сөзжасам жүйесіне берілген сипаттамалардан сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамымен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі молдығы байқалды. Оларды жинақтай келгенде, төмендегі ерекшеліктерді атау кажет. Ол ерекшеліктердің бірі - сан есімнің сөз тудырушы, сандық ұғым жасаушы жұрнақтарының жоқтығы. Сан есім құрамында кездесетін, көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз/-із/сегіз, тоғыз/, -ты/-ті/алты, жеті. Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде кездесетін тілдік бірлік, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамының негізі-синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруте болады. Н.К. Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш /алпыс/, етмеш сөздері /алты/, ете /жеті/ сөздерінен -мыш, -меш жүрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді білдірген болуы керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші сыңары он сөзінің өзгерген түрі деп санайды.

Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары болмағандықтан, ол өзінің құрамын басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері арқылы толықтыра алмайды. Сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамынан негізгі ерекшеліктерінің бірі де осы белгіге байланысты. Сан есім сөзжасамына тек сан атаулары ғана негіз болады, басқа сөз таптары сан атауларының жасалуына негіз бола алмайды. Басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы сан есім аясынан шықпайды. Сан есімдер өзінің ішкі мүмкіндігі арқылы ғана байып, толығып, басқа сөз табының қатысын керек етпейді. Мұндай ерекшелік басқа сөз таптарында кездеспейді. Сондықтан оны сан есім сөзжасамына байланысты негізгі ерекшеліктердің бірі санауға әбден болады.

Сан есімнің жекелеген қосымшалары тек сан есімдерге ғана жалғанады, басқа сөз таптарына жалғанбайды яғни мұнда негіз сөз тек сан есім ғана болуға тиіс. Бұл жағдай сан есім сөзжасамының өз ішінде тұйықталуын туғызған, басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы өз аясында қалады, бұл да-сан есім сөзжасамының бір ерекшелігі.

Сан есім сөзжасамында тағы бір ерекшелік өзіне назар аударады. Сан есім сөзжасамындағы негізгі үлгілер мен тәсілдер қазір өз қызметін тұйықтаған, өте пассивтенген, олар-тілді сан атаулармен қазір күнделікті толықтырып отырған үлгілер мен тәсілдер емес. Анығырақ айтсақ, сан есім сөзжасамының үлгілері мен тәсілдері бір кездері өте белсенді қызмет атқарып, тілдегі сан атауларын жасаған. Тілімізге орыс тілінен миллион, миллиард, триллион сияқты сан атаулары енген, олардың тіркесімен талай сан атауларын жасауда сан есім сөзжасамының тәсілдері мен үлгілері қызмет атқарған. Бірақ сан есім сөзжасамының тәсілдері мен үлгілері қазір жаңа сан атауларын жасап, тілге жаңа сан қосып, үздіксіз қызмет етіп отырған жоқ. Сондықтан да сан есім құрамы басқа сөз таптарымен салыстырғанда, тұрақты деуге болады. Аталған жағдайлар сан есім сөзжасамының өзіндік ерекшелігін танытады. Сандық ұғымдарды білдіретін сөздер басқа ешбір халықтың тілінен кем емес. Қазақ тілінде миллионға дейін күрделі сан атаулары жасалған, сан есімді сөз табы дәрежесіне көтеретіндер де — осы күрделі сан атаулары. Бірақ олар санаттан тыс қалып, сөздіктерде көрінбей жүр. Сан есім атауларынан сөздікте небәрі 20 шақты дара сандардың атаулары ғана беріледі.



Сан есім сөзжасам тәсілдері

Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл кызмет етеді. Олар: аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл-сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі. Аналитикалык тәсіл сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналатын себебі сан есімнің нағыз сандық атауларының бәрі дерлік аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сан есімдегі негізгі түбір сан атауларынан басқа есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған. Негізгі түбір сан есімдерге көбіне бірлік, ондық атаулары және жүз, мың деген сандар жатады. Есептік сандарды білдіретін негізгі түбір сан есімдердің саны жиырма үш сөзден ғана тұрады. Олар бірліктер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз; ондықтар: он, жиырма, отыз, кырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүздік пен мыңдық атаулары: жүз, мың, миллион, миллиард, триллион. Мұндағы, алты, жеті, сегіз, тоғыз, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан деген сан атаулары тарихи тұрғыда туынды сөздер болғанымен, қазір олар негізгі түбір деп саналады.

Тіліміздегі сандық ұғымдар тек бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана шектеліп қоймайды, ең көп сандық ұғымдар - осы сандар араласып келген, күрделі сандық ұғымдар. Олардың саны қандай көп болса, түрлері, құрамдары сондай алуан түрлі. Сондықтан тілде күрделі сандық ұғымды білдіру үшін, аналитикалык тәсілдің тіркестіру түрі кең қолданылған. Бұл тәсіл бойынша бір сан атауымен екінші сан атауы тіркесіп, үшінші бір күрделі сандық ұғымды білдірген. Мысалы, он+бес, жүз+алпыс, жүз+қырық+үш. Мұндағы құрамы он және бес деген сандардан тұратын күрделі сандық ұғымды білдіру үшін, он және бес саны тіркесіп, он бес деген күрделі есептік сан жасалған. Бұл ондық пен бірлік аралас сандардың тобына жатады. Ал жүз алпыс деген есептік сан жүздік пен алпыс санының қосындысынан тұратын сандық ұғымды білдіреді. Жүз қырық үш саны бұдан да гөрі күрделірек, мұнда жүздік, ондық, бірлік қатысқан.

Күрделі сан атаулары екі түрлі жолмен жасалады: 1) бір сан мен екіншісі сан қосылып, оның қосындысынан үшінші сан атауы жасалады: он+бір=он бір, сексен+тоғыз=сексен тоғыз, жүз+он бес=жүз он бес, мың+сегіз=мың сегіз т.б. 2) жүздік, мыңдық, миллион атаулары көбейту арқылы жасалады: Мұнда бір сан мен екінші сан көбейтіледі. Мысалы, екі х жүз=екі жүз, бес х мың=бес мың, тоғыз х жүз=тоғыз жүз, он бес х мың=он бес мың т.б. Осы екі жолмен тілдегі он бір санынан бастап, миллион, миллиардқа дейінгі сан атаулары жасалған.

Аналитикалық тәсіл сан есімнің семантикалық топтарын жасауға да қатысады. Мысалы, жүзге тарта, мың шамалы, жеті-сегіз т.б. Бірақ онда аналитикалық онша өнімді емес, кейбір мағыналық топтарда ғана ол қызмет атқарады, бірақ оның мағынаға әсері де дәл есептік сандағыдай емес, өйткені онда нағыз сан атаулары жасалмайды, негізгі сандық ұғымға түрлі қосымша мағына қосылады.

Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы өнімсіз, өйткені сан есімде сөзжасам қосымшалары өте аз.

Сан есім сөзжасамының бұл ерекшелігі өте ерте қалыптасқан. Алайда бірлі жарым сандардың құрамында жекелеген қосымша кездеседі. Бірлік сандардың атауындағы —ты/-ті, -ыз/-із морфемаларының алты, жеті, сегіз, тоғыз сандарында қайталанып тұрғанына қарап, оларды осы сандарды жасаушы қосымша санау бар. Мұнымен бірге осы сандардың жасалуына негіз болып тұрған түбір алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарының жасалуына да негіз болған. Тек бұл түбірлер қазіргі тілдерде жеке сөз ретінде қолданылады.

Ал сан есім сөзжасамындағы синтетикалық тәсіл негізінен сан есім мағыналық топтарын жасайтын қосымшалармен байланысты. Сондықтан сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары мағына жағынан да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді, өйткені олар лексикалық мағынаны түрлендіруші қосымшаларға жатады. Мысалы, Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма?(Ғ.Мұстафин). Келтірілген мысалдағы синтетикалық тәсіл арқылы жасалган сан есімдер: төртеу, жетеу. Бұлардың жасалуына негіз болып тұрған сан есімдер: төрт және жеті. Төртеу, жетеу сандарының мағынасында негіз сөздердің (төрт, жеті) мағынасында жоқ жинақтық-заттық мағына бар. Бұл үстеме мағына негіз сөздегі төрт, жеті сандық ұғымының үстіне қосылған. Сонда негізді сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан кеңігені көрініп тұр. Сөзжасам теориясы бойынша қашан да негізді сөздің (производная основа) мағынасы негіз сөздің (производящая основа) мағынасынан кең болуға тиісті. Төртеу, жетеу сөздерінің мағынасы осы теорияны растап, оған сай келіп тұр. Келесі бір мәселе синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сан есімдердің бәрінде сандық ұғым өзгеріп, екінші бір сандық ұғым жасалмайды. Төртеу, жетеу, бірінші дегендердің бәрінде негізгі сандық ұғым өзгерген жоқ, оларға үстеме мағына қосылды, лексикалық мағына түрленді. Міне, бұл — сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуының өзіндік ерекшелігі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет