Білімділік: Сан есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сан есімді табу дағдысын жетілдіру; сан есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Тәрбиелік: тиянақтылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.
Психологиялық ахуал
Қуанамын менде
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Жарқырап атқан әр күнге!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
1. Білімділігі: Сан есімнің граматикалық тұрғыдан сөз табы екенін ұғындыру. Олардың сөйлемдегі сөздерге қатысы мен байланысын анықтай білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез таба, ажырата білуге дағдыландыру
2. Дамытушылығы: танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жаза білуге, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Көрнекіліктер: бала білімін бекітуге арналған қосымша тапсырмалар топтамасы
Психологиялық ахуал
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сыныпты үш топқа бөлу, оларға тапсырмалар беру және жауаптарын тыңдау арқылы өткен сабақтарда танысқан сөз таптары қайталанады.
І топ.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға
ІІ топ
Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға
ІІІ топ
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім қандай
с ұ р а қ т а р ғ а ж а у а п б е р е д і?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Сөйлем ойла, сұрақтар қою арқылы өздеріне берілген сөз таптарын табу.
Өтірік өлең.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Қарамен ерекшелінген сөздерге сұрақ қой. Қай сөз табына жатады?
Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақты тұжырымдау
Сан есімнің ережесін еске түсіру.
Ереже.
Заттың санын білдіретін сөздерді сан есімдер деп атаймыз. Неше? нешінші?
Қанша? сұрақтарына жауап береді
Кітаппен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп,орындау.
Сергіту сәті
1. Екі таяқ,
төрт сылдырмақ,
бір сыпыртқы.
(сиыр)
2. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың
(Мектеп)
Ой толғаныс
*Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Бала қиялын жетілдіру, көңілдерін сергіту әрекеттері.
Ойнаймыз, күлеміз, шешуін табамыз!
*Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?
*Мен, сен және біз екеуіміз, сонда біз қаншамыз?
Біреуі сөйлейді, екеуі тыңдайды, екеуі көреді. Ол не?
Жауабын тап. Сан есімдерді анықта.
Сабақты бекіту.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары
3. Сан есім қай сөз табымен байланысады?
4. Сан есімдері бар мақал айту.
5. Сан есімдері бар жұмбақ айту.