Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»


Зертханалық сабақ 10 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының сілтілік алкоголизімен алу



бет30/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1
Зертханалық сабақ 10 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының сілтілік алкоголизімен алу
Сабақ мақсаты:Поливинил спиртін поливинилацетатының сілтілік алкоголизімен алу
Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:
1. Поливинилацетатының сабындану процессі кезіндегі жүретін реакциялар теңдеулерін жаз
2. 10 г ПВА деп алып, рецептураға сәйкес реагенттер мөлшерін есептеңіз
3. Неге поливинил спиртін винил спиртінен алуға болмайтындығын түсіндіріңіз?
Рецептура: Бисерлі поливинилацетат, 100 г
Этил спирті, 1500 г
NaOH немесе КОН (этил спиртіндегі 20% ерітінді) - 100 моль поливинилацетатына 20 моль
Ацетон немесе этил спирті, 250-350 мл
Жұмыс барысы:Поливинил ацетатын реакциондық колбада 65-70°С этил спиртінде ерітеді, ерітіндіні 30-35°С-ге дейін суытып, қарқынды араластыра отырып колбаға есептелген сілті мөлшерінің жартысын енгізеді (сілтіні еріту үшін рецептурада көрсетілген спирттін бөлігін қолданады). Сабындануды 30-35°С гель түзілгенше жүргізеді, содан 40—50мин кейін сілтінің қалған мөлшерін қосып, сабындануды сол температурада ары қарай түзілген гель ұнтаққа айналғанша жүргізеді. Содан кейін қоспаны қайнағанша қыздырады және сабындануды 30 мин жалғастырады. Поливинил спиртін Бюхнер шұңғымасы көмегімен фильтрлейді. 2-3 рет декантациялап ацетонның немесе этил спиртінің аз мөлшерімен жуады, фильтрлейді, ыстық суда (60-70° С) ерітеді, сондағы поливинил спиртінің концентрациясы 4-7% болу керек, және араластыра отырып ацетонда немесе этил спиртінде тұндырады. Тұнған полимерді фильтрлейді де, ауада кептіреді. Содан кейін тұрақты массаға дейін кептіргіш шкафта 50 - 60°С температурада кептіреді. Кептірілген өнімді анализдейді, массалық және мольдік құрамын есептейді.
Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Электростатикалық, конфигурациялық, конформациялық және молекула үсті эффектілері макромолекулалардың химиялық айналуларына қалай әсер етеді?
2. Химиялық айналулардың негізгі типтері қандай?
3. ЧПолимердің функционалды топтарының және оның төменмолекулалы аналогының реакцияға түсу қабілеттілігінің айырмашылығы немен түсіндіріледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет