ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет23/23
Дата29.04.2018
өлшемі2,77 Mb.
#40308
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Зертханалық сабақ 3 – Тігілген полимерлердің ісіну кинетикасын зерттеу

Жұмыс мақсаты: Гидрогельдің уақытта ісіну кинетикаларын екі еріткіште зерттеу және ісіну константаларын есептеу



Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:

  1. Гидрогельдер деген не?

  2. Тігілген полимердің ісіну кинетикасын не сипаттайды?

  3. Не тәгәлген полимерлердің түзілу себебі болып табылады?

Жұмыс барысы: Ісіну дәрежесін анықтау. Ісінген гидрогельден (диаметрі 1см және ұзындығы 0,3-0,4 см) кішкене пластина кесіп алып, калькада өлшейді (бірқалыпты ісінген гидрогель массасы - m). Гель өлшемесін толық кепкенше қалдырады. Гель массасы құақты болу қажет (құрғақ гидрогель массасы – m0). Ісіну дәрежесін келесі формула бойынша анықтайды:

α = (m-m0)/m0



Суда ісіну кинетикасын анықтау. Ісіну кинетикасын бір үлгіде анықтайды (алдынғы тәжірибеде кептірілген гель пластинкасын қолданады).

Құрғақ гельге 10 мл дистиллденген су құяды, 5 мин. қалдырып, ісінген гельді пластикалық торға орнатады (бұл торға алдын ала дистиллденген сумен суланған, 10 рет грушамен үрленген және бюксте өлшенген фильтр салынады).

Ісінген гидрогель салынған торды дайындалған бюкске салады, 10 рет (абайлап!) үрлеп, массасын өлшейді. Келесі өлшеуді 5 мин., 5мин., 15 мин., 30 мин., 1 сағат, 2 сағат, 4 сағат және т.с.с. масса тұрақтанғанша жүргізеді. Ісінуді сандық сипаттау үшін α-ны әрбір фиксирленген уақыт τ мәні үшін есептейді. Содан кейін αмакс- α(τ) и lg[αмакс- α(τ)] есептейді. Алынған мәліметтерді кесетеге енгізеді. Ісіну константасы К ағамдағы α(τ) мәндер қатынасымен байланысты

lg[αмакс- α(τ)]= lgαмакс-0,4343Кτ

мұндағы αмакс- α(τ) соңғы өлшеуге сәкес келетін үлгінің максимальді ісіну дәрежесі.

Графикте lg[αмакс- α(τ)]-ның уақытқа τ (сек) тәуелділігін салады. Алынған түзудің иілу бұрышының тангенсі бойынша еріткіште ісіну константасын анықтайды.



Ісіну уақыты, τ, мин

Ісінген үлгі массасы m(τ), мг

α(τ)

αмакс- α(τ)

lg[αмакс- α(τ)]















Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Гидрогельдің ісіну дәрежесі қалай анықталады?

  2. Ісіну константасы ісіну дәрежесінің ағымдағы мәндерімен қалай байланысты?

  3. Ісіну дәрежесі және константасы қандай полимерлер үшін анықталады?


Зертханалық сабақ 4, 5 – Стиролды полимерлеу

Жұмыс мақсаты: Полимерлену әдісімен стиролды алу

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

1. Деполимерленудің деструкциядан айырмашалағы неде?

2. Полистиролдың қасиеттері?

3. Бензоил тотығы қатысында стиролдың полимерлену реакциясын келтіріңіздер

Тәжірибе №1. Полистирол деполимерленуі

Пробиркаға ұсақталған полистирол салады, газбөлгіш түтікшемен жауып, оның ұшын сумен салқынданатын пробирка – қабылдағышқа түсіреді. Полимері бар пробирканы қыздырады. Қабылдағышта сарғыш зат - стирол жиналады. Алынған стиролдың бір бөлігіне бромды суды қосады. Реакция теңдеуін жазыңыз: а) стиролдың деполимерленуі, б) стиролды бромдау.

Қалған стиролды екінші жұмыста қолданылады.

Тәжірибе №2. Стиролдың полимерленуі

Пробиркаға 4 мл стирол құйып, оған бірнеше бензоил асқын тотығын қосып, пробирканы құм моншасында қайнағанша қыздырады (20 минут). Бұл уақытта сұйық қоюланады, біраздан кейін қатты күйге ауысады.

Алынған полимерді 2 мл бензолда ерітіп қыздырады. Алынған ерітіндінің жартысын сағат шынысына құяды, бензол ұшып кеткеннен кейін қабықша қалады. Егерде оған су құйып 1-2 минутқа қойса, ол жақсы алынады.

Полимердің қалған бөлігіне 1 мл спирт құяды. Спиртте ерімейтіндіктен, полимер тұнбаға түседі.

Стиролдын полимерлену теңдеуін жазыңыз: а) бензоил асқын тотығы қатысында, б) сутек асқын тотығы қатысында.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Мономер дегеңіміз не?

  2. Плимерлену реакциясына түсетін мономерлерге мысал келтіріңіз.

  3. Неліктен ЖМҚ молекулаларын макромолекула деп атайды?


Зертханалық сабақ 6, 7 – Новолакты фенолформальдегидті шайырларды алу

Сабақ мақсаты: 1)новолак типті фенолформальдегидті олигомерлерді алу, қатаю жылдамдығын анықтау, 2) олигомердің қатаюға дейін және кейінгі ерігіштігін анықтау

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

1. Новолакты шайырларды қалай алады?



2. Қышқыл ортада фенол мен формальдегидтың поликонденсация теңдеуін келтірініздер




1 сур. Шайырларды алу құрылғысы: 1- колба, 2 – араластырғыш, 3 – крестовина, 4 – тамшы воронка, 5 – кері тоңазытқыш, 6 – термометр, 7 – су моншасы, 8 – электрлік плитка, 9 - мотор
Кері тоңазытқышы мен термометрі бар (1 сурет) 100 см3 көлемді дөнес түбті колбаға 9,4 г (0,5 моль) фенол енгізіп, 40-500С дейін фенол балқығанша қыздырады да 8,5 см3 (0,085 моль) 36%-тік формалин қосады. Араластырғаннан кейін 5 см3 (0,0005 моль) 1н. HCl ерітіндісін қосады. Содан кейін қоспаны кері тоңазытқышпен 800С дейін 10-15 мин қыздырады. 10-20 мин кейін қоспа лайланып, қабаттарға бөліне бастайды. Пробиркаға 2,5 г кристалды фенол, 5 мл формалин, қайнатқыш тасты енгізіп, 2 минут қайнатады. Содан кейін 0,3 мл концентрлі тұз қышқылын құйып, араластырады, екі минуттан кейін қоспа қабаттана бастайды. Реакциялық қоспаны тағы да екі минут қыздырып, сұйық қабатты құйып алады, сондай көлемде дистильденген су құйып, қыздырып, қайтадан құйып алады. Шайырды шыныға құйып алып, фильтр қағазымен кептіреді. Алынған термопластикалық шайыр – новолак.

Новолакты шайырдың қатаюын 433 К дейін қыздырылған электр плиткаға орналастырылған металды плитада жүргізеді. Алдын ала ұсатылған 0,5 г шайырды уротропинмен араластырып, плитамен жанасу ауданы 1см3 артық болмайтындай қылып плитаға орналастырады. Ұнтақты шыны таяқшамен араластырады да, уақытты секундомермен белгілейді. Ұнтақты шыны таяқшамен араластырады да, уақытты секундомермен белгілейді. Шайыр шыны таяқшамен созылмай, қатты қабат түзілген уақытты қатаюдын соңы ретінде алады.

Шайырдың спиртте ерігіштігін тексереді. Термопластикалық полимердің түзілу реакциясын құрастырыңыз. Шайыр шығымын есептеңіз. Жұмыс нәтижесін кестеге еңгізініз.

Реагент массасы

Шайыр массасы

Шығым

Қатаю жылдамдығы

Фенол (г)

Формальдегид (г)

фенолға (%)

формальдегидке (%)






















Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Аминсірке қышқылдың H2N – CH2 – COOH, гексаметилендиамин H2N – (CH2)6 – NH2 және адипин қышқылының НООС – (СН2)4 – СООН поликонденсациялану реакцияларын келтірініз

  2. Сызықты, тармақталған және торлы полимерлердің түзілуімен жүретін фенолдың формальдегидпен поликонденсациялану реакцияларын келтіріңіз.

  3. Қандай жағдайда тек сызықты полимерлер түзіледі? Тармақталған және үшөлшемді полимерлерді алу үшін қандай жағдайлар қажет?


Зертханалық сабақ 8, 9 Резолды фенолформальдегидті шайырларды алу

Сабақ мақсаты: термореактивті фенолформальдегидті шайырды синтездеу және шығымың есептеу.

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

1. Резолды шайырларды алу жағдайлары қандай

2. Новолакты және резолды шайырлардың айырмашылығы неде?

3. Сілтілі оратада фенол мен формальдегидтің поликонденсация теңдеуін келтірініздер

0,2 моль фенолды өлшепа, реакциялық колбаға енгізеді (рис.1), сол колбаға суықта 0,235 моль формальдегидке сәйкес көлемде формалин қосады. Фенол толық ерігеннен кейін катализатор (фенол массасынан 1,5% аммиак) енгізеді. Реакциялық қоспаны су моншасында 363-368 К дейін біртіндеп қыздырады және 30-45 мин ұстайды. Конденсация аяқталғаннан кейін колбада екі қабат пайда болады. Реакцияны бөлінетін сулы қабаттын көлемі өзгермегенше жүргізеді. Суыған соң сулы қабатты бөліп тастайды. Шайырды 333-338К температурада мөлдір өнім түзілгенше кептіреді. Шайырды алдын ала өлшенген фарфор ыдысқа құйып, өлшеп, шығымын есептейді.

Химиялық реакцияның теңдеуін құрастырыныз (стадиялар бойынша – резол, резитол, резит). Шайырдың шығымын есептеніз. Есептеу нәтижелерін кестеге еңгізініз:



Реагент массасы

Шайыр массасы

Шығым

Қатаю жылдамдығы

Фенол (г)

Формальдегид (г)

фенолға (%)

формальдегидке (%)






















Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Новолак, резол, резит құрылысы қандай?

  2. Новолакты алу үшін қандай катализаторлар қолданылады?

  3. Новолакты алуда қандай ерекшеліктер бар?


Зертханалық сабақ 10 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының сілтілік алкоголизімен алу

Сабақ мақсаты: Поливинил спиртін поливинил ацетатының сілтілік алкоголизімен алу

Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:

1. Поливинилацетатының сабындану процессі кезіндегі жүретін реакциялар теңдеулерін жаз

2. 10 г ПВА деп алып, рецептураға сәйкес реагенттер мөлшерін есептеңіз

3. Неге поливинил спиртін винил спиртінен алуға болмайтындығын түсіндіріңіз?



Рецептура: Бисерлі поливинилацетат, 100 г

Этил спирті, 1500 г

NaOH немесе КОН (этил спиртіндегі 20% ерітінді) - 100 моль поливинилацетатына 20 моль

Ацетон немесе этил спирті, 250-350 мл



Жұмыс барысы: Поливинил ацетатын реакциондық колбада 65-70°С этил спиртінде ерітеді, ерітіндіні 30-35°С-ге дейін суытып, қарқынды араластыра отырып колбаға есептелген сілті мөлшерінің жартысын енгізеді (сілтіні еріту үшін рецептурада көрсетілген спирттін бөлігін қолданады). Сабындануды 30-35°С гель түзілгенше жүргізеді, содан 40—50мин кейін сілтінің қалған мөлшерін қосып, сабындануды сол температурада ары қарай түзілген гель ұнтаққа айналғанша жүргізеді. Содан кейін қоспаны қайнағанша қыздырады және сабындануды 30 мин жалғастырады. Поливинил спиртін Бюхнер шұңғымасы көмегімен фильтрлейді. 2-3 рет декантациялап ацетонның немесе этил спиртінің аз мөлшерімен жуады, фильтрлейді, ыстық суда (60-70° С) ерітеді, сондағы поливинил спиртінің концентрациясы 4-7% болу керек, және араластыра отырып ацетонда немесе этил спиртінде тұндырады. Тұнған полимерді фильтрлейді де, ауада кептіреді. Содан кейін тұрақты массаға дейін кептіргіш шкафта 50 - 60°С температурада кептіреді. Кептірілген өнімді анализдейді, массалық және мольдік құрамын есептейді.

Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1. Электростатикалық, конфигурациялық, конформациялық және молекула үсті эффектілері макромолекулалардың химиялық айналуларына қалай әсер етеді?

2. Химиялық айналулардың негізгі типтері қандай?

3. ЧПолимердің функционалды топтарының және оның төменмолекулалы аналогының реакцияға түсу қабілеттілігінің айырмашылығы немен түсіндіріледі?
Зертханалық сабақ 11 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының қышқылдық алкоголизімен алу

Сабақ мақсаты: Поливинил спиртін поливинил ацетатының қышқылдық алкоголизімен алу

Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:

1. Целлюлоза негізіндегі полимераналогтық айналуларды сипаттаңыз

2. Поливинил спиртін алудың қандай әдістерін білесіз?

3. Полимераналогтық айналулар кезінде полимердің молекулалық массасы өзгеруі мүмкін бе?



Рецептура: Бисерлі поливинил ацетат, 10 г

Этил спирті, 100 г

H2SO4 (ρ=1,84) немесе НCl (ρ=1,19), 5,5 немесе 3,3 г

Ацетон немесе этил спирті, 350-400 мл



Жұмыс барысы: Поливинил ацетатын реакциондық колбада 65-70°С этил спиртінде ерітеді (күкірт қышқылын қолдана отырып, оны алдын ала 15 мл этил спиртімен сұйылтады және поливинил ацетатты еріту үшін спирттің қалған бөлігін алады). Ерітіндіні 30°С суытады және араластыра отырып оған катализатор қосады. Катализатор қосқаннан кейін сабындануды қайнап тұрған су моншасында қарқынды араластыра отырып 4-5 сағат жүргізеді. Тұнбаға түскен полимерді фильтрлеп, ыстық суда (60-70° С) ерітеді және араластыра отырып ацетон немесе этил спиртінде тұндырады. Тұнған полимерді фильтрлейді де, ауада кептіреді. Содан кейін тұрақты массаға дейін кептіргіш шкафта 50 - 60°С температурада кептіреді. Ары қарай полимер шығымын, содан кейін бастапқы ПВА және алынған полимердің ацетондағы, судағы, көміртек тетрахлоридіндегі ерігіштігін анықтайды. ерігіштікті анықтау үшін полимердің аз мөлшерін (0,1-0,2 г) пробиркаларға енгізіп, әр пробиркаға әйкес еріткіштердің белгілі мөлшерін қосады (3-5 см3). Содан кейін полимерлерде болатын өзгерістерді бақылайды.

Нәтижелерді кесте 1 енгізеді.



Полимер

Су

Ацетон

Көміртек тетрахлориді












Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1. Алынған поливинил спиртінің полимерлену дәрежесі қалай өзгереді?

2. Полимераналогтық деп қандай реакцияларды атайды? Мысалдар келтіріңіз.

3. полимераналогтық айналулар артықшылығы неде?
Зертханалық сабақ 12 – Табиғи полимердің қасиеті

Сабақ мақсаты: Целлюлозаның қасиетін анықтау

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:


  1. Полимерлер шығу тегіне байланысты калай жіктелінеді

  2. Целлюлозаның құрылымдық формуласын келтіріңіздер

  3. Целлюлозаның химиялық қасиеттерін келтіріндер

Тәжірибе №1. Целлюлозаның сілтімен әрекеттесу

Екі пробиркаға әрқайсысына концентрленген сілті және дистиленген су құяды. Пробирка ішіне 7 минутқа фильтр қағаздадарының жолақтарын (ені 2 см, ұзындығы 20 см) түсіреді. Қағаздын жолақтарын алып, сумен шаяды, сығып кептіреді. Олардың ұзындықтарын, тығыздықтарын, беттік қабаттарын салыстырады.

Тәжірибе №2. Целлюлозаны мысты –аммиакты ерітінділерде еріту

0,5 г мыс карбонатына 5-6 мл 25% аммиак ерітіндісін қосып, ерітеді. Қою көк ерітінді алынады (Швейцер реактиві). Оның үстіне бір түйір мақтаны салып, шыны таяқшамен араластырады – қою көк коллоидті ерітінді түзіледі. Таяқшаны алмай ерітінді үстіне 10% хлорлы сутегі ерітіндісін лакмус бойынша қышқыл ортаға дейін құяды. Ерітіндегі целлюлоза тұнбаға түседі. Таяқша көмегімен ерітіндіден жгут созады.



Тәжірибе № 3. Целлюлоза нитратын алу және оның қасиетін зерттеу

Құрғақ пробирканың ішіне 4 мл концентрленген күкірт қышқылын және 2 мл концентрленген азот қышқылын құяды, оның ішіне бір түйір мақтаны салып 10 минутқа қалдырады. Нитрлеуші қоспаны төгіп, мақтаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін кран астында шаяды. Мақтаны сығып, фильтр қағазымен құрғағанша кептіреді. Нитроцеллюлозаның бір бөлігін қысқыш көмегімен горелка жалынына енгізеді, жаңу қасиетін анықтайды. Нитроцеллюлозаның екінші бөлігін спирт мен эфирдің қоспасында (1:1) қою ерітінді – коллодий түзілгенше ерітеді. Егерде оны пластинкаға құйса, еріткіш буланып мөлдір қабықша түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыздар: а) целлюлозаның нитрленуі нәтижесінде оның моно-, ди-, тринитратының түзілуі; б) целлюлоза динитратының жануы.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Қандай полимерлер табиғи полимерлерге жатады?

  2. Целлюлоза құрылысын келтіріңіз

  3. Целлюлозаға байланысты жай эфирлердің (метилцеллюлоза, этилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза) түзілу реакциясын келтірініз


Зертханалық сабақ 13 – Пластмассалар қасиеттері

Жұмыс мақсаты: Пластмассаның қасиеттерін зерттеу

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Өңдірісте полиэтиленді қалай алады

  2. ФФШ негізінде қандай мономерлер жатады? Олардың құрылымдық формулаларын келтіріңіздер

  3. Органикалық шыны дегеніміз не? Қандай мономер оның негізінде жатады?

Тәжірибе №1. Қышқылдардың, сілтілердің пластмассаларға әсері

Полимелердің үлгісін күкірт қышқылы (конц), азот қышқылы (конц), NaOH (10%) бар пробиркаларға салып, 10 минут қалдырады. Полимердің барлық үлгілері өзгеріссіз қалады, ФФАШ ыдырады. Пробиркаларды қыздырады, өзгерісті бақылайды.

Тәжірибе №2.Қыздыру кезіндегі өзгеріс, жану қасиеті

Пластмасса үлгісін торда жалынға бірнеше секундка енгізеді, өзгерістерді белгілейді. Қысқышпен үлгіні жалынға әкелгенде өзгерісті бақылайды.

Тәжірибе №3. Еріткіштердің әсері

Бензол мен ацетон еріткіштеріне үлгілерді енгізіп, өзгерісті белгілейді.

Тәжірибе №4. Пластмассаларды анықтау

Үлгілерді құрғақ пробиркаға салып, газ бөліктегіші бар қақпақпен жабады, қыздырады. Газ тәрізді және сұйық өнімдерді зерттеу:



  1. Калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізу

  2. Бром ерітіндісі арқылы өткізу

  3. Күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізу

  4. Лакмуска сынау.

Қажетті реакция теңдеуін жазыңыз

5. Еріткіштердің әсері (кесте №1)

Кесте 1



Полимер атауы

Жану ерекшелігі

Қыздыруға әсері

Ыдырау өніміндеріне реакциялар

1

Полиэтилен










2

Поливинилхлорид










3

Полистирол










4

Полиметилметакрилат










5

Фенол-формальдегидті шайыр










Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Қыздыру кезіндегі өзгерісіне байланысты пластмассалар қалай жіктелінеді? Мысал келтірініз

  2. Этиленнің, хлорвинилдің, метакрил қышқылының метил эфирінің полимерлену реакциясын жазыныз

  3. Фенолдың формальдегидпен поликонденсациялану арқылы фенолформальдегидті шайырын (сызықты, тармақталған, торлы) алу реакциясын жазыныз.


Зертханалық сабақ 14 – Каучук пен резина қасиеттері

Жұмыс мақсаты: Каучук пен резинаның қасиеттерін анықтау

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Бутадиен каучуктың құрылымдық формуласын келтірініздер

  2. Каучуктын химиялық қасиеттері қандай

  3. Каучуктерді алу әдістері

  4. Бутадиен стиролды, бутадиен нитрилды каучуктердің құрылымдық формуласын келтіріңіздер

Тәжірибе № 1. Бромды судың каучукке әсері

Зерттелетін каучуктің ұсақ бөлшектерін бромды суы бар пробиркада араластырады. Бромды суды полиизобутиленді, бутилкаучук, силиконды каучуктер түссіздендірмейді.

Каучуктердің бромдану реакцияларының теңдеуін жазыныз.

Тәжірибе № 2. Түсті реакция арқылы каучуктерді ашу

Резина үлгілеріне CCl4 ерітіндісінің шағын мөлшерін құяды (сабаққа дейін екі сағат бұрын). Оған бромды судың 4-5 тамшысын құйып, екі минутқа қойып қояды. Одан кейін бір грамм фенол қосып, еріткішті жою үшін су моншасында қыздырады. Нәтижесінде көк немесе күлгін қызыл түстің түзілуі табиғи каучуктің барын көрсетеді.

Тәжірибе №3. Хлорпренді каучукті ашу

Үлгіні жалынға енгізіп, бөлінген газ тәрізді заттарға ылғалды индикатор қағазын жақындатады. Түстің өзгеруін байқайды.

Үлгіні газды түтігі бар пробиркада қыздырады. Ыдырау газдарын күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізеді. Реакция теңдеуін келтіріңіз.

Тәжірибе №4. Күкіртті ашу

Үлгіні металды натриймен балқытып, балқыманы ерітеді де алынған ерітіндіні филтрлейді. Фильтраттың бір бөлігіне қорғасын тұзын қосады. Кейін қоныр немесе қара түсті тұнбаның түзілуін байқайды.

R-S + Na + O2  Na2S + CO2 + H2O

Na2S + Pb2+ → PbS + 2Na+

Фильтраттың екінші бөлігіне натрий нитропруссид ерітіндісін қосады – күлгін түс түзіледі.

Na2S + Na2[Fe(CN)5NO]→Na3[Fe(CN)5NOSNa]

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Изопренді, бутадиенді, бутадиеннитрилді, бутадиенстирольді, хлорпренді, полиизобутиленді каучуктердің түзілу реакцияларын келтіріңіз.

  2. Каучуктердің күкірт көмегімен жүретін вулкандау процесі қалай өтеді? Реакцияларды келтіріңіз.

  3. Неге каучук сұйық көмірсутектерде ериді, ал резина ісінеді?


Зертханалық сабақ 15 – Табиғи (натуралды)талшықтар қасиеттері

Жұмыс мақсаты: Табиғи талшықтардың қасиеттерін анықтау

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Табиғи талшықтар дегеніміз не?

  2. Матаның негізінде қандай полисахарид жатады? Оның құрылымдық формуласын келтірініздер

  3. Табиғи талшықтарға минералды қышқылдар мен сілтілер қалай әсер етеді?

Тәжірибе №1. Сұйытылған минералды қышқылдардың табиғи талшықтарға әсері

Талшықты 3% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында 5 минут қыздырады. Шайып, кептіргеннен кейін өзгеріс барма екенін белгілейді. Сұйытылған қышқыл ерітінділерінде талшық үлгілері өзгермейді.

Тәжірибе №2. Концентрлі минералды қышқылдардың әсері

Талшық үлгілерін концентрлі қышқылдарға батырады. Үлгілер тез ісініп, ыдырай бастайды. Концентрленген азот қышқылында жүн мен жібек ісініп, сары түске боялады (ароматты оксиаминоқышқылдарға тән ксантопротеин реакциясы), мақта ериді.

Ксантопротеин реакциясы

Мақта гидролиз нәтижесінде ериді



Тәжірибе №3. Сұйытылған сілтілердің әсері

Үлгілерді 3% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында бес минут қыздырады. Жүн және жібек ериді (петидік байланыс арқылы гидролиз), мақта өзгеріссіз қалады.

Тәжірибе №4. 10% сілті ерітіндісінің әсері

Үлгілерді 10% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында қыздырады. Үлгілердің өзгерісін белгіленіз.

Тәжірибе №5. Еріткіштердің әсері

Үлгілерді ацетон, бензол, этанол ерітінділеріне салып, өзгерістерді бақылайды.

Тәжірибе №6. Жану

Горелка жалынына үлгілерді енгізеді. Сәйкес өзгерістерді байқап, белгілейді.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Бейорганикалық қышқылдарда талшықтардың еру ерекшелігі?

  2. Сілтілік ортада талшықтардың деструкциясы қалай өтеді?

  3. Сусыз ортада талшықтардың деструкциясының ерекшелігін сипаттаңыз


Студенттің өзіндік жұмысы

Модуль №1.

Полимерлердің молекулалық-массалық сипаттамалары. Молекулалық масса бойынша таралуы. Орташаланған (орташа) молекулалық массалар (орташа саңдық, орташа массалық және z-орташа)
Модуль №2

Полимерлердің концентрлі ерітінділері, полимерлі гидрогельдер


Модуль № 3

Механикалық шынылау

Модуль №4.

Полимерлеу және поликонденсациялау процестерінің негізгі айырмашылықтары


Модуль №5

Полимерлерді тұрақтандыру принциптері


Модуль № 6

Полимерлер туралы ғылымның жаңа бағыттары және соңғы жетістіктері




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет