ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені мектепке дейінгі оқыту мен әдістемесі-5В010100 Алматы, 2018 ж



бет7/10
Дата10.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#62161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жас ерекш физиол гигиена


Үйге тапсырма

  1. Жоғарғы жүйке қызметінің сипаты

  2. Шартты рефлекстер

  3. Шартты рефлекстер түзілу ережелері

  4. Жоғарғы жүйке қызметінің типтері

  5. Сигналдық жүйелер

  6. Ұйқы физиологиясы

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы,

„Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы.Қ. Дюсембин.Алматы, 2003.
8-дәріс тақырыбы:Еркін қозғалысты ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: Қозғалысты басқару жүйесін зерттеу

Дәріс жоспары:


  1. Қарапайым жұлынды –ми қозғалыс рефлекстері ( мысалы, тізе және ахилл сіңір рефлекстері)

  2. Қайталанатын жұлынды-ми қозғалыс рефлекстері, Реншоу жасушаларының қатысуымен ( мысалы, адымдау)

  3. Күрделі рефлекстер, шартты рефлекстер негізінде орындалатын қимыл дағдылары.

Барлық қозғалыстар ерікті және еріксіз болып бөлінеді.Ерікті қозғалыстың негізін шартты рефлекстер, ал еріксіз қозғалыс – шартсыз рефлекстер арқылы орындалады. Барлық қозғалыс дененің белгілі бір күйінде жасалады. Дененің күйі- кеңістікте қаңқа сүйектерін белгілі бір қалыпта сақтау. Ол жұмыс орындағанда және тыныштық күйде тепе- теңдікті сақтайды. Дененің күйін сақтауға келесі тонустық рефлекстер көмектеседі:

І. Статикалық рефлекстер:

1. тепе- теңдік талдағышының рецепторлары тітіркендіргенде - лабиринт рефлексі (кеңістікте бастың қалыпты күйі өзгергенде);

2. мойын бұлшық еттеріндегі проприорецепторлар тітіркендіргенде – мойын рефлексі;

3. терідегі, тепе- теңдік талдағышының, көздің торлы қабатындағы рецепторлар тітіркендіргенде - жазылу рефлексі.

ІІ. Статокинетикалық рефлекстер;

Лифт рефлекстері- өте тез жоғары төмен көтерілгенде, тепе-теңдік талдағыштарының рецепторы тітіркенгенде;

шыр айналу рефлекстері – тепе-теңдік талдағышының рецепторы тітіркенгенде.


Адамның қозғалысын басқару өте күрделі көп деңгейлі рефлекторлық жүйе арқылы іске асады. Негізгі басқарушы- ми қыртысы.

Мидың жоғарғы бөлімдері оның төменгі бөлімдеріне және жұлынға өздерінің әсерін – пирамидті және экстрапирамидті екі негізгі төменгі жүйелер арқылы жүргізеді.

Пирамидті жүйенің негізгі үш қызметтері:

жұлын мотонейрондарына импульстер жібереді- қозғалысқа бұйрық беріледі;

жұлындық қосымша, аралық нейрондардағы жүйке импульстерінің өтуін өзгерту арқылы тек қажетті рефлекстердің орындалуын жеңілдетеді;

орталық жүйке жүйесіне жіберілетін афференттік импульстерді бақылау арқылы жұмыс жасаған бұлшық еттердің кері байланысын қамтамасыз етеді.

Пирамидті жүйелердің талшықтары көбінесе бүгетін бұлшық еттерді қоздырады, әсіресе қол еттерін.

Экстрапирамидтті жүйелер мидан, мишықтан, аралық мидан және қыртыс асты ядролардан жіберілетін импульстерді жинақтап ағзаның күйі мен тонустық реакцияларына әсерін тигізеді.

Негізгі экстрапирамидті жүйелерге:

қыртыс –қызыл ядро-жұлын

қыртыс- торлы құрылым-жұлын.

Адамның ерікті қозғалысын реттеудің негізіне екі түрлі физиологиялық механизмдер жатады: 1) рефлекторлы сақина тәрізді реттеу – жабық жүйе, ол қимыл қозғалыстарының, дене қалпын сақтау сияқты іс-әрекеттердің, тез қимылды қажет етпейтін әртүрлі іске қосады. ОЖЖ-і бұлшық еттердің күйі туралы информацияны афференттік жол арқылы қабылдап, талдап (эфференті) қозғалыс жолы арқылы түзету енгізіп отырады. Сақиналы реттеу – көне, ол жеке дамуда ертерек пайда болған. Мысалы:3 жас шамасында көру арқылы кері байланысты қозғалысты басқару; 5-6 жаста проприрецептивтік кері байланыс арқылы қимылды бақылау; 7-9 жаста орталықтың бұйрығы бойынша реттеу басталып; 10-11 жаста ерікті қозғалыс алдын ала бағдарламаға байланысты бола бастайды; ол 17-19 жасқа дейін дамиды.

2) Жүйелі бағдарламалы реттеу- орталықтың нұсқауы бойынша ол афференттік проприрецептивтік әсерсіз орындалады. Қозғалысты бұлай басқару тез қысқа мерзімде орындалатын қимылда пайдаланылады, мысалы: секіру, лақтыру, доп ұру т.б., яғни ағза проприорецепторлар немесе басқа рецепторлардан келген информацияны талдап үлгере алмайды. Бұл жағдайда барлық бағдарлама қимыл жасаудың алдында дайын болуы тиіс. Оған жабық сақина тәрізді реттеу қатыспайды. Басқару ашық тізбекте өтеді. Мұндай бағдарламалар (келешек орындалатын қимыл , оның мақсаты, нәтижесі) мида қалыптасып, оны іске асыруда мишық, базальды ядролар, таламус арқылы жұлынның орындаушы орталықтары арқылы бұлшық еттер іске асырады.

Қозғалыс - ағза дамуының негізгі себепшісі. ОЖЖ-нің басқаруымен орындалатын бұлшық ет қызметі ағзаның барлық жүйелерінің белсенділігін арттырады. Дене жаттығулары кезінде жүйке-бұлшық ет қимыл бірлігінің, вегетативті қызметтердің белсенділігі жоғарылап, ағзаның жасырын физиологиялық мүмкіндігі өсіп, балалардың психикасы тез дамиды.

Жатырдағы бала қозғалысы гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйелерінің қатысуымен бейімделу синдромы түрінде орындалады. Емшектегі балалар гравитацияға қарсы реакция арқылы басын бір қалыпта ұстау, көтеру, отыру, тұру т.б. қимылдарды орындайды.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалысы көбіне ойын түрінде іске асады. Орта және жоғарғы мектеп жасындағы балаларда дене сапасы ойын және арнайы дене жаттығуларын орындау арқылы дамиды. Алайда оның сапасы тұқым қуалап берілген қасиеттермен тығыз байланысты.



Үйге тапсырма:

  1. Қозғалыс рефлекстерінің түрлері

  2. Дененің күйін сипаттау

  3. Үлкен ми сыңарындағы моторлы қозғалыс аймағын сипаттау

  4. Пирамидті жүйе

  5. Экстрапирамидті жүйе

  6. Қозғалыстың көп деңгейлі реттеуші жүйесі

  7. Қозғалысты сенсорлы түзету

  8. Балалардың денесі және психикасының дамуында қозғалыстың маңызы

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.


9-дәріс тақырыбы: Қан жүйесінің физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Қан жүйесін зерттеу

Дәрістің жоспары:

  1. Қанның қызметі

  2. Эритроциттер, саны, қызметі

  3. Қан топтары

  4. Лейкоциттер, саны, қызметі

  5. Тромбоциттер, саны, қызметі

  6. Дене қызметі кезінде қандағы өзгерістер

Қан сарғылттау келген сұйық зат- плазмадан (52-58 %) және оның ішінде жүзіп жүрген жасушаларынан (42-48 %) тұрады.

Қан ағзаның негізгі биохимиялық, физиологиялық көрсеткіштерінің белгілі тұрақтылығын қамтамасыз ететін және де ондағы мүшелер арасындағы байланысты жүзеге асыратын ішкі сұйық ортасы.

Қанның негізгі қызметтері, маңызы –қан ағзада бірқатар маңызды қызмет атқарады, атап айтсақ:

Тыныс алу қызметі – О2 өкпеден ұлпаларға, жасушаларға, ал олардан СО2 өкпеге жеткізеді.

Тасымалдау- қоректендіру қызметі – ішек-қарыннан сіңген тіршілікке қажетті заттарды (белок, май, көмірсу, су, минералды тұздар, витаминдер) жасушаларға, ұлпаларға жеткізеді.

Тасымалдау- сыртқа шығару қызметі – зат алмасу барысында жасушаларда пайда болған қажетсіз соңғы өнімдерді (уытты заттар, азот қалдықтары, NH3, мочевина) ұлпадан бүйрекке, тер бездеріне, өкпеге, ішекке апарады, олардың сыртқа шығарып тасталуына көмегін тигізеді.

Қорғаныс қызметі – қанның ақ түйіршіктері – лейкоциттер ағзаға енген микробтарды, вирустарды, бөгде заттарды, улы заттарды (токсиндерді) жоя алады, бейтараптандырады, зиянсыздайды, соныменқатар туа пайда болған және иемденген иммунитет жасалуына қатысады.

Гуморальды реттеу- ішкі сөл бездері бөліп шығарған биологиялық әсері күшті заттар – гормондар немесе медиаторлар, метаболиттер ұлпаларға, жасушаларға, тіпті мүшелерге қан арқылы жеткізіледі.

Дене қызуын реттеу қызметі – қан жылуды оны өндіретін ұлпалар мен мүшелерден жылуды беретін мүшелерге тасымалдау арқылы ағзадағы температуралық бірқалыптылықты (гомеостаз) қамтамасыз етеді.

Тірі ағзаға тән гомеостазды сақтау қызметі – қан бүкіл денеге тән бірқалыптылықты, яғни жасушалар мен ұлпааралық сұйықтықтың коллоидты, осмостық, ортаның белсенділік тұрақтылығын сақтайды.

Эритроцит ( грекше erytos – қызыл, cytus- жасуша) қанның қызыл түйіршіктері, ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша, диаметрі 7,2 - 8,0 мкм. Эритроцит саны ер адамның қанында 1 мм3 =4,5 -5 млн (1 л-де = 4,5-5,0 ·1012); әйел қанында 1мм3 = 3,7- 4,5 млн (1л-де =3,7 -4,5· 1012).

Эритроциттердің негізгі қызметі – тыныс алу, оның құрамына кіретін гемоглобин (Нв)- хромопротеидтің арқасында жүзеге асады.



Гемоглобиннің оттегімен қосылысы оксигемоглобин НВО2 – артериялық қанға алқызыл түс береді.

Адам қаны 4 топқа бөлінеді, оның себебі эритроциттерде жабысқақ зат – агглютиноген А және В болса, плазмада жабыстыратын зат – агглютининдер , болады. Желімдену (жабысып, эритроциттердің жарылуы ) яғни агглютинация құбылысы агглютиноген А мен плазмадағы кездессе; немесе В мен кездессе ғана болады.

Янскийдің жіктеуі бойынша адам қаны 4 топқа бөлінеді:







Эритроцитте (АВ)

Плазмада ()

I

О



II

А



III

В



IV

АВ

О

Қан эритроцитте резус-фактордың болу немесе болмауына сәйкес топтарға бөлінеді.

Лейкоцит (Leucocytus) қанның ақ жасушасы (Leuco- ақ, cytus- жасуша) диаметрі 12 мкм, жалған аяқтары бар, сол арқылы қозғалады. 1мм3 қанда 4,5 -5000 лейкоцит болады. Лейкоциттер сүйек кемігінде, жілік майында, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, ретикоэндотелиальды жүйеде түзіледі. Лейкоциттер құрылысына сай дәнді және дәнсіз (1- кесте) болып ажыратылады.

Лейкоциттердің негізгі қызметі – қорғаныс (1-кесте).

Тромбоциттер- ұсақ, ядросыз қан пластинкасы, диаметрі 0,5 -4 мкм пішінсіз құрылым. Оның құрамы өте күрделі, ол көптеген ферменттерден, гормондардан, 11- шақта қанды ұйытатын факторлардан тұрады. Адамның 1 л қанында 180-310 ·10 9 тромбоцит болады, олардың тіршілік ету мерзімі 8-12 тәулік.

1. Дене жұмысы кезінде зат алмасудың қышқыл өнімдері көп түзілетіндіктен қанның физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді.

2. Қан түйіршіктерінің мөлшері көбейеді:

а) қызыл қан түйіршіктері біріншіден қан қорынан қанның шығуынан, екіншіден – қан түйіршіктерін өндіретін мүшелер қызметінің өсуінен.

б) ақ қан түйіршіктері саны өседі, ол 3 кезеңнен тұрады:

І-ші кезең – лимфоцитті, дене жұмысының 10-15 минөтінде 1

мм3 қандағы лейкоцит саны 10-12000;

ІІ-ші кезең – 1 нейтрофильді дене жұмысының 30-40

минөтінде 1 мм3 қандағы лейкоцит саны 16-18000;

ІІІ- ші кезең – 2 нейтрофильді 1-2 сағат дене жұмысынан

кейін 1 мм3 қандағы лейкоцит саны 30-50000-ға дейін

көбейеді.

в) Тромбоциттер саны да екі есе өседі.

Дене қызметі салдарынан қанның тұтқырлығы өсіп, оның ұю мүмкіншілігі көтеріледі. Қанда сүт қышқылының мөлшері 10-12 мг % -дан 150-120 мг % дейін өседі, сондықтан қанның рН қышқыл жаққа қарай ауытқиды (ацидоз). Аса ауыр жұмыс кезінде эритроцит саны азайып, Нв % кемиді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет