БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИГИЕНАСЫ »
Педагогикалық мамандықтарға
Алматы, 2018 ж
Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Педгогикалық » мамандықтар бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешені таңдау бойынша оқылатын пәндер каталогы негізінде дайындалды. 25. 08. 2017ж. хаттама №1 бекітілген.
Бағдарламаны жазған: ________________ Муханова Г.Б.
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін ________________
дайындады және Педагогикалық мамандықтар кафедрасының мәжілісінде қаралып, ұсынылды. 25. 08. 2017ж. хаттама №1
Кафедра меңгерушісі __________________ Абишева Ж.А.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі
№
|
Құжаттаманың атауы
|
Беті
|
|
Силлабус
|
|
|
Дәрістер тезистері
|
|
|
Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар, СОӨЖ, СӨЖ);
|
|
|
Зертханалық және студиялық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары
|
|
|
Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
|
|
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
|
|
|
Интернет-ресурстардың тізімі
|
|
|
Глоссарий
|
|
|
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН СИЛЛАБУСЫ
|
1. Пән туралы ақпарат
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектепке дейінгі гигиенасы »
|
ООТ 1201
|
|
1 курс,2 семестр
|
Педагогикалық мамандықтар
|
Пед.мамандықтарға
|
Педагогика және психология кафедрасы
|
|
Оқыту формасы-күндізгі
|
Оқыту тілі- казақ
|
Пәнді өткізу уақыты және орны
|
Консультация уақыты
|
7,15 апта
|
Муханова Г.Б.
|
87479947455
gulmira-bekovna @mail.ru
|
|
Кафедра меңгерушісі Абишева Ж.А.
|
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
«Жас ерекшелік физиологиясы және гигиенасы» – тірі ағзаның, оның жеке жүйелерінің, мүшелерінің, ұлпаларының және жасушаларының әрекетін, атқаратын қызметін жүйелі түрде адам ағзасының ішкі және сыртқы ортасымен байланыстыра зерттейтін ғылым. Физиология анатомия мен гистологиядан бөлініп шықаннан бастап физика мен химияның әдістерін қолдана отырып, үрдіс дамып келе жаткан ғылым саласы. Оның дәлелі ретінде қазіргі физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, эндрокринология, жүйке физиологиясы, радиобиология т.б. бөлініп шықты.
Физиология өзінің ғылыми бағытына және көздеген мақсатына сәйкес бір-біріне тығыз байланысты және жеке дамитын бірнеше салаларға: жалпы, салыстырмалы, жеке, жас, қолданбалы болып бөлінеді.
Курсты оқытудың негізгі мақсаты: болашақ мұғалімдерді балалардың жас ерекшеліктеріне тән болатын морфологиялық көрсеткіштер кешенімен қаруландырып, осындай ғылыми теориялық және тәжірибелік білім негізінде нысаналы және жүйелі оқу –тәрбие жұмысын және дене шынықтыру, сауықтыру іс шараларын жүргізу керектігіне көздерін жеткізу.
«ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИГИЕНАСЫ » пәнінің негізгі міндеттері:
білуі керек:
- Тірі ағзадағы ОЖЖ-нің қызметі; ағзаның сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне бейімделуінің реттелуі, қозғыш ұлпалар қасиеті, жүйке бұлшық ет қимыл бірліктері, бұлшық ет жиырылуының механизмі және оған қажеті қуат көздері, бұлшық еттің күші, жұмысы, шаршау себептері. Сенсорлық жүйелердің дене жаттығуларын орындаудағы маңызы. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің биологиялық негіздері және маңызы. Қалыпты жағдайда және дене жұмысы кезінде ағзадағы қан, қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, зат және қуат алмасу, сыртқа шығару, жылу пайда болу, эндокриндік жүйелер ерекшеліктері.
меңгеруі керек:
-ағзаның жасушалары мен ұлпаларына, мүшелеріне тән негізгі тіршілік әрекетінің жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттеу; сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жауабын зерттеу;
жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында бұлшық ет қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді ашу; адам ағзасы қызметінің мүмкіншіліктері және оның арту механизмдерін зерттеу; лабораториялық сабақтарда өзбетімен тәжірибелік ғылыми зерттеулер жүргізуге үйрету;
Пән пререквизиттері: мектеп бағдарламасы бойынша өтетін гуманитарлық пәндер”Адам және қоғам”, “Тарих”
Пән постреквизиттері: білімнің маңызы мен педагогикалық әрекетінің құрылымы
. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
№
|
Пән тақырыптарының аталуы
|
Апта
|
Аудиториялық сабақтар
|
Тапсырма түрі (сипаттамасы)
|
Барлығы
(сағ)
|
Дәріс (сағ.)
|
Пр/сем./зертх./
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәні
|
1
|
1
|
1
|
6
|
|
10
|
2
|
Жүйке жүйесінің физиологиясы
|
2
|
1
|
1
|
6
|
|
10
|
3
|
Жоғары жүйке әрекеті оның жас ерекшеліктері
|
3
|
1
|
1
|
6
|
|
10
|
4
|
Сенсорлық жүйелер сезім мүшелер гигиенасы
|
4
|
1
|
1
|
4
|
|
9
|
5
|
Ішкі секрециялық бездер жүйесінің физиологиясы
|
5
|
1
|
1
|
4
|
|
9
|
6
|
Зат пен энергия алмасуының жас ерекшеліктері.Оқушылардың тамақ гигиенасы
|
6
|
1
|
1
|
4
|
|
16
|
7
|
Ас қорту ағзаларының жас ерекшеліктері
|
7
|
1
|
1
|
|
6
|
17
|
8-9
|
Қанның жас ерекшеліктері
|
8-9
|
2
|
2
|
|
6
|
11
|
10-11
|
Балалардың қан айналу жүйесі
|
10-11
|
2
|
2
|
|
6
|
10
|
12-13
|
Тыныс алу және оның жас ерекшелктері.Тыныс гигиенасы.
|
12-13
|
2
|
2
|
|
6
|
11
|
14-15
|
Сыртқа шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері.Терінің құрылысы мен қызметі және жас ерекшеліктері
|
14-115
|
2
|
2
|
|
6
|
11
|
|
|
15
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
3.1. Ұсынылатын әдебиеттер көздері
Негізгі:
Дюсембин Қ., Алиакбарова З.М. «Жасқа сай физиологиясы мен мектеп гигиенасы» Алматы , 2003.
Алиакбарова З.М. «Мектеп гигиенасынан практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары» Алматы ,2007
Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. «Адам жануарлар физиологиясы» Алматы 2000
Физиология и развития ребенка Под редакцией Безруких М.М.,Фарбер Д.А. М.2010
Қосымша:
Хрипкова А. Г. , Антропова м. В., Фарбер Д. А. Возрастная физиология и школьная гигиена: Пособие для студентов пед. ин-тов – М.: Просвещение, 1990. – 319 с.
Иргашев А. С. Возрастная физиология. Ташкент, 1989.
Фарбер Д. А., Корниенко, Сонькин В. Д. Физиология школьника. – М.: Педагогика, 1990. – 64 с.
Сонин Н. И., Сапин М. Р. Биология 8 кл. Человек: Учеб. для общеобразоват. учеб. заведений. 2-е изд, испр. – М.: Дрофа, 2000. 216 с.
Сапин М. Р., Брыксина З. Г. Анатомия и физиология детей и подростков: Учеб. пособие для студ пед. вузов. – М.: Изд. центр «Академия», 2004. – 456 с.
Первая помощь при повреждениях и несчастных случаях./ Под ред. В. А. Поляква. – М.: Мелицина, 1990 – 120 с.
Человек и среда его обитания. Хрестоматия / Под ред. Г. В. Лисичкина, Н. Н. Чернова. – М.: Мир. 2003. – 460 с.
Чумаков Б. Н. Основы здорового образа жизни. Учебное пособие. – М.: Педагогическое общество России., 2004. – 416 с.
Сибиряков С. А. Ребенок в опасности (как предупредить беду: наркоманию, пьянство, насилие, преступность…) – Спб.: Издательство, «Юридический центр Пресс», 2002 – 114 с.
Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Гигиена и здоровье школьника. – М.: Просвещение, 1988. – 191 с.
Колесов Д.В., Маш Р.Д. Основы гигиены и санитарии: Учеб. пособие для 9-10 кл. сред. шк.: Факультатив. Курс. – М.: Просвещение, 1989. – 192 с.
Фомин Н.А., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной активности. – М.: Физкультура и спорт, 1991. – 224 с.
Зверев И.Д. Книга для чтения по анатомии, физиологии и гигиене человека: Пособие для учащихся 9 кл. сред. шк. – 4-е изд., перераб. – М.: Просвещение, 1989. – 240 с.
Анықтамалық әдебиеттер (5 анықтамалар мен энцеклопедиядан артық емес)
Нормативтік әдебиеттер (пәннің спецификасымен сәйкес)
Интернет көздері:
http://netoteka/ru/cgi-bin/teka.pl/event/content_id
http://rbip.bookchamber.ru
http://www.imaton.ru
http://www.auditoriumru/books
http://www.hrm.re/db/b2
http://www.libcsu.ru/news
http://www.psycheya.ru/lib/met_us.1.html
Бағалау критерийі
№
|
Жұмыс түрі
|
Баға (max балл)
|
Саны
|
Қосындысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
8. Оқытушы талабы.
сабаққа кешікпеу; сабаққа белсенді қатысу; тапсырмаларды уақтылы орындау; шығармашылық тұрғыда іздену.
1-ТАҚЫРЫП.
«ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ» ПӘНІ
Дәрістің мақсаты: ОЖЖ-нің құрылысы мен қызметін зерттеу.
Дәрістің жоспары:
ОЖЖ-нің қызметтері, онтогенездік дамуы
Нейрондар, атқаратын қызметіне сай бөлінуі
Рефлекстер, олардың жіктелуі
Рефлекторлық доғалар, түрлері
Жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, олардың қызметтері
Аралық ми, гипоталамус және таламустың қызметтері
Мидың базальдық ганглиі
Мишықтың қызметтері
Торлы құрылымның маңызы
Үлкен ми сыңарларының қыртысы
Қарапайым ағзаның бір жасушасында әртүрлі қызмет атқарылатын болса, оның күрделенуі салдарынан әртүрлі жасушалар пайда болады. Мысалы, біреулері жиырылуға (ет жасушасы), екіншісі сөл бөлуге (бездер), үшіншілері сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қабылдап, өткізіп, оған жауап беруге (жүйке жасушалары) бейімделген. Жүйке жүйесінің ең қарапайымы- қарапайым омыртқасыз жануарларда (губкалар, медузалар) диффузды жүйке торы. Жоғарғы сатыдағы омыртқасыз жануарларда (құрттар, бунақтылар, насекомдар т.б.) жүйке жүйесінің сегментті құрылымды, ал омыртқалы жануарларда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – ми пайда болды. Ми сыңарлары қыртысының түзілуі, оның төменгі бөлімдерінің қызметін өзіне бағындырып, ерекше қызметтер - ойлау, дүниетану, пікір тудыру т.б. пайда болды.
Адамның орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) құрылысы мен қызметі жоғарыда атап өткен эволюциялық құбылыстарды қайталайды. Мысалы: ОЖЖ-нің құрылысы қарапайым көне бөлімдері- сегментті: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми дененің белгілі бір бөлімдерін жүйкелендірсе, сегмент үсті бөлімдері: аралық, мишық, ми сыңарлары қыртысы дене мүшелерінің қызметін ОЖЖ-нің сегментті бөлімдеріндегі орталықтар арқылы басқарады.
Жүйке жүйесі шеткі ( жүйке талшықтары мен түйіндер) және орталық бөлімдерден тұрады. Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жұлын мен ми жатады.
ОЖЖ- сі ағзадағы барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеп, бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді, яғни ОЖЖ-сі ағзадағы барлық ұлпаларды, мүшелерді бір тұтас ағзаның мүддесіне бағындырып, оның сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық элементі-нейрон (жүйке жасушасы)
(1- сурет).
Нейрондардың ең басты үш түрін айырады: афференттік (сезімтал немесе орталыққа тепкіш)- пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне (миға, жұлынға), эфференттік нейрондар (орталықтан тепкіш,қозғағыш)-импульстерді орталық жүйке жүйесінен түрлі шеткі мүшелерге , ұлпаларға (мысалы, қаңқа еттерін жабдық тайтын- мотонейрон); қондырма (аралық) нейрондар- афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады,саны жағынан ең көбі (1- сурет).
Нейрондардың өзіне тән ең негізгі қызметтері: 1) сыртқы әсерлерді қабылдау, яғни рецепторлық қызмет (оны рецепторлық нейрондар, қозуды рецепторлардан жұлын мен миға қарай өткізеді); 2)информацияны өңдеу, сақтау- интеграциялық қызмет; 3) қозу орталықтан (ми, жұлыннан) шеткі ағзалар мен ұлпаларға жеткізу-эффекторлық қызмет.
ОЖЖ-нің негізгі қызметі- рефлекс.
Рефлекс (латынша reflecsus- тойтарыс беру) тірі ағзаның тітіркендіргішке ОЖЖ-нің қатысуымен беретін жауабы. Бұл терминді физиология ғылымына алғаш рет Рене Декарт (1944) енгізген. Әрбір рефлекстің өзіне тән рефлекторлық доғасы болады. Рефлекторлық доға дегеніміз қозудың жүретін жолы, ол 5 бөлімнен тұрады (2 - сурет): 1) рецептор – тітіркендіргішті қабылдағыш; 2) афференттік жүйке қозуды жүйке орталығына жеткізуші; 3) жүйке орталығы; 3) эфференттік жүйке – қозуды орталықтан шеткі мүшеге жеткізеді; 4) эффектор – жауап беруші мүше.
Ағзаның барлық рефлекторлық реакциясы екі топқа бөлінеді: шартсыз және шартты рефлекстер.
Шартсыз рефлекс – жүйке жүйесінің (жұлын, артқы ми, аралық ми, мишық) қатысуымен туа біткен, сыртқы және ішкі ортаның әсеріне жауабы.
Шартты рефлекс - жеке тіршілік барысында сыртқы және ішкі ортаның әсеріне үлкен ми сыңарларының қыртысы мен қыртыс асты бөлімдерінің қатысуымен іске асатын жауабы.
Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады.Ақ зат жүйке талшықтарынан, сұр зат нейрон денесінен құралады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр зат рефлекторлық, ақ зат қозуды өткізу қызметін атқарады.
Бас миға сопақша ми (артқы), ортаңғы, аралық ми, мишық және үлкен ми сыңарларының қыртысы жатады. Жаңа туған баланың миының салмағы орташа 400г, 6-7 жаста ересек адам миының 4/5–не жетсе, 17-20 жаста толық дамиды, ерлерде мидың салмағы 1360 г, әйелдерде 1260 г.
Сопақша мида негізгі тыныс алу, жүрек қан тамырлар орталығы және ас қорыту (шайнау, сілекей бөлу, жұту), қорғаныс (түшкіру, жөтелу, кірпік қағу т.б.) орталықтары бар.
Ортаңғы ми бұлшық еттердің тонусын реттеп, шайнау, жұту рефлекстерін үйлестіруді, есту және көру рефлекстерінің алғашқы орталығы.
Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешік асты (гипоталамус), төмпешік үсті (эпиталамус) құрылымдары жатады.
Таламус 40 шақты ядролардан тұрады. Бұл ядроларда барлық афференттік жүйелерден ми қыртысына кететін өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады.
Гитпоталамус – 32 жұп ядолы құрылым. Ол ОЖЖ-нің құрылымдары мен шеткі ағзалар, ұлпалармен екі жақты қатынасының арқасында ағзада көптеген қызметтерді реттейді. Гипоталамус ішкі мүшелердің қызметіне вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездері арқылы әсер етеді.
Қыртыс асты базальдық түйіндер (солғын шар, жолақ дене) бұлшық еттердің тонусын реттейді, бұлшық ет жұмысы кезінде дененің күйін сақтайды.
Мишық адамның өз еркімен не оған бағынбайтын күрделі қимыл - әрекеттерді үйлестіреді және вегетативтік қызметтерді реттеуге қатысады.
Торлы құрылым ми бағанында орналасқан қысқа тармақты жасушалар ми қыртысының қызметін ширатады немесе әлсіретеді.
Орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – үлкен ми сыңарларының қыртысы, 12-18 млрд жүйке жасушасынан құралған. Ми қыртысы бірнеше аймаққа бөлінеді (3- сурет).
I - ші қыртыс аймағы немесе талдағыштардың (сенсорлық) орталық аймағы пирамидті нейрондардан тұрады. Олар көбінесе шеткі рецепторлардың мидағы проекциялық алаңы.
II – ші қыртыс аймақтары біріншінің қасында 1-5 см ішкері орналасқан. Олар қабылданған ( информацияны) мәліметтерді жинақтап, таным, түйсінуді, ұғым туғызады.
III – ші қыртыс аймағы тек адамда ғана дамыған. Бұл жерде ең жоғарғы талдау мен жинақтау жүріп зат, құбылыс туралы біртұтас мағлұмат пайда болады.
Үйге тапсырма
ОЖЖ-нің қызметтері
Нейрон, оның құрылысы, және түрлері
Рефлекс дегеніміз не?
Рефлекстердің жіктелуі
Рефлекторлық доға бөлімдері
Рефлекторлық доға түрлері
Жұлынның қызметтері
Сопақша мидағы орталықтар
Ортаңғы мидың қызметтері
Аралық мидың қызметтері
Мишықтың маңызы
Торлы құрылымдардың маңызы
Үлкен ми сыңарларының қыртысының құрылысы мен қызметтері
Пайдаланылған әдебиеттер:
Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.
Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).
Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина, М., ФиС, 1975.
Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.
Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.
2-Дәрістің мақсаты: Жас физиологиясы мен гигиенасы.
Дәрістің жоспары:
ОЖЖ-нің қызметтері, онтогенездік дамуы
Нейрондар, атқаратын қызметіне сай бөлінуі
Рефлекстер, олардың жіктелуі
Рефлекторлық доғалар, түрлері
Жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, олардың қызметтері
Аралық ми, гипоталамус және таламустың қызметтері
Мидың базальдық ганглиі
Мишықтың қызметтері
Торлы құрылымның маңызы
Үлкен ми сыңарларының қыртысы
Қарапайым ағзаның бір жасушасында әртүрлі қызмет атқарылатын болса, оның күрделенуі салдарынан әртүрлі жасушалар пайда болады. Мысалы, біреулері жиырылуға (ет жасушасы), екіншісі сөл бөлуге (бездер), үшіншілері сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қабылдап, өткізіп, оған жауап беруге (жүйке жасушалары) бейімделген. Жүйке жүйесінің ең қарапайымы- қарапайым омыртқасыз жануарларда (губкалар, медузалар) диффузды жүйке торы. Жоғарғы сатыдағы омыртқасыз жануарларда (құрттар, бунақтылар, насекомдар т.б.) жүйке жүйесінің сегментті құрылымды, ал омыртқалы жануарларда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – ми пайда болды. Ми сыңарлары қыртысының түзілуі, оның төменгі бөлімдерінің қызметін өзіне бағындырып, ерекше қызметтер - ойлау, дүниетану, пікір тудыру т.б. пайда болды.
Адамның орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) құрылысы мен қызметі жоғарыда атап өткен эволюциялық құбылыстарды қайталайды. Мысалы: ОЖЖ-нің құрылысы қарапайым көне бөлімдері- сегментті: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми дененің белгілі бір бөлімдерін жүйкелендірсе, сегмент үсті бөлімдері: аралық, мишық, ми сыңарлары қыртысы дене мүшелерінің қызметін ОЖЖ-нің сегментті бөлімдеріндегі орталықтар арқылы басқарады.
Жүйке жүйесі шеткі ( жүйке талшықтары мен түйіндер) және орталық бөлімдерден тұрады. Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жұлын мен ми жатады.
ОЖЖ- сі ағзадағы барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеп, бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді, яғни ОЖЖ-сі ағзадағы барлық ұлпаларды, мүшелерді бір тұтас ағзаның мүддесіне бағындырып, оның сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық элементі-нейрон (жүйке жасушасы)
(1- сурет).
Нейрондардың ең басты үш түрін айырады: афференттік (сезімтал немесе орталыққа тепкіш)- пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне (миға, жұлынға), эфференттік нейрондар (орталықтан тепкіш,қозғағыш)-импульстерді орталық жүйке жүйесінен түрлі шеткі мүшелерге , ұлпаларға (мысалы, қаңқа еттерін жабдық тайтын- мотонейрон); қондырма (аралық) нейрондар- афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады,саны жағынан ең көбі (1- сурет).
Нейрондардың өзіне тән ең негізгі қызметтері: 1) сыртқы әсерлерді қабылдау, яғни рецепторлық қызмет (оны рецепторлық нейрондар, қозуды рецепторлардан жұлын мен миға қарай өткізеді); 2)информацияны өңдеу, сақтау- интеграциялық қызмет; 3) қозу орталықтан (ми, жұлыннан) шеткі ағзалар мен ұлпаларға жеткізу-эффекторлық қызмет.
ОЖЖ-нің негізгі қызметі- рефлекс.
Рефлекс (латынша reflecsus- тойтарыс беру) тірі ағзаның тітіркендіргішке ОЖЖ-нің қатысуымен беретін жауабы. Бұл терминді физиология ғылымына алғаш рет Рене Декарт (1944) енгізген. Әрбір рефлекстің өзіне тән рефлекторлық доғасы болады. Рефлекторлық доға дегеніміз қозудың жүретін жолы, ол 5 бөлімнен тұрады (2 - сурет): 1) рецептор – тітіркендіргішті қабылдағыш; 2) афференттік жүйке қозуды жүйке орталығына жеткізуші; 3) жүйке орталығы; 3) эфференттік жүйке – қозуды орталықтан шеткі мүшеге жеткізеді; 4) эффектор – жауап беруші мүше.
Ағзаның барлық рефлекторлық реакциясы екі топқа бөлінеді: шартсыз және шартты рефлекстер.
Шартсыз рефлекс – жүйке жүйесінің (жұлын, артқы ми, аралық ми, мишық) қатысуымен туа біткен, сыртқы және ішкі ортаның әсеріне жауабы.
Шартты рефлекс - жеке тіршілік барысында сыртқы және ішкі ортаның әсеріне үлкен ми сыңарларының қыртысы мен қыртыс асты бөлімдерінің қатысуымен іске асатын жауабы.
Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады.Ақ зат жүйке талшықтарынан, сұр зат нейрон денесінен құралады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр зат рефлекторлық, ақ зат қозуды өткізу қызметін атқарады.
Бас миға сопақша ми (артқы), ортаңғы, аралық ми, мишық және үлкен ми сыңарларының қыртысы жатады. Жаңа туған баланың миының салмағы орташа 400г, 6-7 жаста ересек адам миының 4/5–не жетсе, 17-20 жаста толық дамиды, ерлерде мидың салмағы 1360 г, әйелдерде 1260 г.
Сопақша мида негізгі тыныс алу, жүрек қан тамырлар орталығы және ас қорыту (шайнау, сілекей бөлу, жұту), қорғаныс (түшкіру, жөтелу, кірпік қағу т.б.) орталықтары бар.
Ортаңғы ми бұлшық еттердің тонусын реттеп, шайнау, жұту рефлекстерін үйлестіруді, есту және көру рефлекстерінің алғашқы орталығы.
Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешік асты (гипоталамус), төмпешік үсті (эпиталамус) құрылымдары жатады.
Таламус 40 шақты ядролардан тұрады. Бұл ядроларда барлық афференттік жүйелерден ми қыртысына кететін өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады.
Гитпоталамус – 32 жұп ядолы құрылым. Ол ОЖЖ-нің құрылымдары мен шеткі ағзалар, ұлпалармен екі жақты қатынасының арқасында ағзада көптеген қызметтерді реттейді. Гипоталамус ішкі мүшелердің қызметіне вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездері арқылы әсер етеді.
Қыртыс асты базальдық түйіндер (солғын шар, жолақ дене) бұлшық еттердің тонусын реттейді, бұлшық ет жұмысы кезінде дененің күйін сақтайды.
Мишық адамның өз еркімен не оған бағынбайтын күрделі қимыл - әрекеттерді үйлестіреді және вегетативтік қызметтерді реттеуге қатысады.
Торлы құрылым ми бағанында орналасқан қысқа тармақты жасушалар ми қыртысының қызметін ширатады немесе әлсіретеді.
Орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – үлкен ми сыңарларының қыртысы, 12-18 млрд жүйке жасушасынан құралған. Ми қыртысы бірнеше аймаққа бөлінеді (3- сурет).
I - ші қыртыс аймағы немесе талдағыштардың (сенсорлық) орталық аймағы пирамидті нейрондардан тұрады. Олар көбінесе шеткі рецепторлардың мидағы проекциялық алаңы.
II – ші қыртыс аймақтары біріншінің қасында 1-5 см ішкері орналасқан. Олар қабылданған ( информацияны) мәліметтерді жинақтап, таным, түйсінуді, ұғым туғызады.
III – ші қыртыс аймағы тек адамда ғана дамыған. Бұл жерде ең жоғарғы талдау мен жинақтау жүріп зат, құбылыс туралы біртұтас мағлұмат пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |