ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені мектепке дейінгі оқыту мен әдістемесі-5В010100 Алматы, 2018 ж



бет8/10
Дата10.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#62161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жас ерекш физиол гигиена

Үйге тапсырма:

  1. Қанның құрамы

  2. Қанның қызметі

  3. Эритроциттер, саны, қызметі

  4. Қан топтары және резус- фактор

  5. Лейкоциттер, саны, қызметтері

  6. Тромбоциттер саны, қызметі

  7. Дене жұмысы кезіндегі қандағы өзгерістер

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.



10-дәріс тақырыбы: Жүрек физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Жүректің жұмысын зерттеу.

Дәрістің жоспары:

  1. Жүректің құрылысы

  2. Жүрек етінің қасиеттері

  3. Жүректің өткізгіш жүйелері

  4. Жүректің жұмысы

  5. Жүректің жиырылу циклы

  6. Систолалық және минөттік қан көлемдері

  7. Жүрек қызметінің реттелуі

Жүрек қан айналу жүйесінің кіндігі. Ол қанды насос тәрізді сығымдап қан тамырларына айдайды, оның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді.

Жүрек ( лат. Cor, грекше – cardia ) қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі әр адамның өзінің жұдырығындай (250-300г) жұмыр мүше.Жүрек қуысының көлемі шынықпаған адамда - 770 см3, спортшыларда – 990 - 1100 см3 . Ұзындығы 12-15, ені 8-11 см. Ол көкірек қуысында екі өкре аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларына ілініп тұрады, ұшы сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына ілінеді. Жүректе 4 қуыс бар (оң және сол жағын қатыспайтын бітеу перде бөледі), олардың екеуі жүрекше, екеуі қарынша.

Барлық бұлшық еттер сияқты жүрек етіне қозу, қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автоматиялық қасиеті.

Автоматизмнің себебі неде ?

Миокардта ет талшықтарының екі түрі болады: 1) жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер – арнайы ұлпа – ол жиырылуға бейім ; 2) жүректің өткізгіш жүйесін (1- сурет) құрайтын миоциттер арнайы емес, өте белсенді ұлпа- өздігінен –қозуға және қозуды өткізуге бейім. Олар саркоплазмаға бай, миофибриллдері аз, өте қозғыш; ешқендай сыртқы тітіркендіргішсіз мембраналық потенциалды өздігінен әрекет потенциалына айналдырады, қозу туады. Олар миокардта біркелкі орналаспайды, белгілі бір түйін құрайды.
Жүректе ондай түйіндер екеу:

оң жақ жүрекшенің қабырғасында қуыс венасының басталар жерінде – синоатриалдық Кис-Фляк (1907) түйіні. Бұл түйінде өздігінен туатын қозу өте көп. Жүрек соғу жиілігі осы түйінде туатын қозуға байланысты. Сондықтан бұл түйін жүректің пейсмекері деп (жүрек соғуының жетекшісі) аталады;

оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша аралығында атриовентикулярлық түйін (Ашоф-Тавар) бар.Одан төмен қарынша аралық перделерге қарай Гисс шоғыры, бұдан оң және сол аяқшаларға бөлініп Пуркинье талшықтарымен аяқталады. Сонымен синатриальды түйіннен басталған қозу атриовентикулярлық түйінге, одан Гисс шоғырынан оң және сол жақ қарынша миокардына беріледі.

Жүрек циклінің айналымы дегеніміз оның (жүрекше мен қарыншаның) жиырылуы мен босаңсуын қамтитын мерзім. Ол 0,8- 0,9 секөндке тең.

Жүрекше мен қарынша миокардының жиырылуын – систола, босаңсуын диастола деп атайды. Әрбір циклдың басы жүрекше систоласынан басталады. Егер минөтіне жүрек 75 рет соқса жүрек циклының ұзақтығы 0,8 секөндке тең, оның ішінде жүрекше систоласы- 0,1 с, қарынша систоласы – 0,33с және жалпы жүрек етінің босаңсуы – 0,37с.

Жоғарыда атап көрсеткендей жүректің негізгі қызметі қанды тамырларға айдау. Систола (жүректің бір рет жиырылуы) кезінде әр қарыншадан (оң және сол) шыққан қан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі (СҚК) деп атайды. Ол ересек адамда 70-80 мл. Оның мөлшері венадан қайтып келген қан мөлшеріне байланысты. Мысалы, тыныштық күйінде көлденеңінен жатқан адам жүрегіне венадан қан оңай қайтып келеді. Мәселен, жас ер адамда бұл жағдайда СҚК = 100 мл. Осы қалпында дене жұмысын жасаса СҚК көпке өспейді – 10-20 % - 120мл, әйелдерде СҚК тыныштық күйінде 70 мл, дене жұмысы кезінде 100 мл. Ал түрегеп тұрғанда немесе отырғанда, қан аяқтардың қан тамырларына жинақталуынан вена қан тамырлары арқылы қанның жүрекке қайтуына белгілі бір қиыншылық туады, сондықтан СҚК -70 мл болады. Осы жағдайда дене жұмысы жасалса СҚК екі есе, не одан көп өседі - (140-170 мл).

Бір минөт арсында әр қарыншадан шыққан қан көлемі жүректің минөттік қан көлемі (МҚК) деп аталады. Егер жүрек минөтіне 72 рет соқса, ал СҚК =70 мл болса; МҚК =72 ·70 = 5040 мл яғни 5,04 л қалыпты жағдайда, орташа есеппен: ерлерде МҚК=4-6 л/мин; әйелдерде МҚК = 4-6 л/мин; әйелдерде МҚК = 3-5 л/мин. Дене жұмысы кезінде СҚК = 100-150 мл, ал МҚК: ерлерде 120 х 120 = 24 л/мин – 30-35 л/мин. дейін; әйелдерде 90 х 120 = 18 л/мин -20 30 л/мин. дейін көтеріледі. Әсіресе спортшыларда оның мөлшері СҚК көлемінің өсуінен болса, шынықпаған адамда қара жұмыс жасағанда МҚК көбінесе жүректің соғу жиілігіне байланысты өзгереді. Балалар жүрегінің соғу жиілігі, СҚК жасына сәйкес өзгереді

(1-кесте).

Жүрек қызметіне орталық жүйке жүйесі өзінің бір бөлігі вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді.

Симпатикалық жүйке жүйесі жүрек қызметін күшейтеді; жүрек соғуы жиілейді, тонусы күшейеді.

Кезеген жүйке (парасимпатикалық жүйке жүйесі) жүректің автоматия әсерін төмендетеді, жүрек соғуы сирейді, ширығу дәрежесін төмендетеді (Ашнер, Гольц тәжірибесі).

Гормондар, иондар, медиаторлар, т.б. химиялық белсенді заттар жүрек қызметіне тікелей әсер етеді. Мәселен:

Адреналин; Са 2+ жүрек соғуын жиілетіп, амплитудасын биіктетіп, тонусын күшейтіп, қозу, өткізгіш қасиеттерін көтереді (әсері симпатикалық жүйке жүйесінің әсеріне ұқсас).

Ацетилхолин, гистамин, хлорлы калий жүректің барлық қасиеттерін төмендетеді, жүрек әлсіреп, соғуы сирейді, қозу қабілеті төмендейді.



Үйге тапсырма

  1. Жүректің құрылысы

  2. Жүрек етінің қызметтері

  3. Жүректің өткізгіш жүйелері

  4. Жүректің жиырылу циклы

  5. Жүректің насосты қызметі

  6. Жүрек қызметінің көрсеткіштері

  7. Жүрек қызметінің реттелуі

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.


11-дәріс тақырыбы: Қан айналым физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Қан тамырлар қызметін зерттеу

Дәрістің жоспары:

Қан тамырлар құрылысы мен қызметі

Қан тамырлары арқылы қанның жылжу себептері

Артериялық қан қысымы

Бұлшық еттегі қан айналымы

Қан айналымның реттелуі

Микроайналым

Лимфа жүйесі

Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне сай бірнеше топқа бөлінеді:

Даңғыл тамырлар – серпімді талшықтары көп (қолқа, үлкен артериялар, өкпе артериялары) қысымы жоғары. Мысалы, қолқада 120-130 мм, сынап бағанасының биіктігінде (с.б.б.) артерияда 100-110 м с.б.б.

Резистивтік тамырлар – кедергі тамырлар қабырғаларында қалың ет талшықтары және сфинктерлері бар (ұсақ артериялар) қан қысымы 70-80 мм с.б.б.

Зат алмасу тамырларында (капиллярлар) қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға алмасу жүреді, артерия бөлімінде 25-30 мм.с.б.б., вена бөлімінде 6-15 мм с.б.б.

Сыйымды тамырлар ( қан жинайтын) – венулалар мен ұсақ веналар 9-12 м с.б.б.

Қанды жүрекке әкелетін тамырлар – үлкен қуысты веналар ± 2; ± 5 мм.с.б.б. Қан тамырларында қанның жылжуы сол тамырдың бас жағы мен аяқ жағындағы қысымның айырмашылығына тығыз байланысты.

Жоғарыда атап көрсеткен мысалдардан көріп отырғанымыздай артерияда қан қысымы жоғары, венада төмен. Сондықтан қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып отырады.

Р қолқа > Р артерия > Р артериола > Рқылтамыр > Р венула . . .

2) Қан тамырларының ауданы бірдей емес. Мысалы, қолқа -0,8 см2; артерия – 600 см2; капиллярлар – 500-600 есе көп.

Қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы ажыратылады. Көлемдік жылдамдық дегеніміз - қан тамырлар түтігінің тұрақты диаметрі арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін қан көлемі (1-кесте). Сызықтық жылдамдық дегеніміз қан тамшысының бір секөнд арасында өткен жолы.

Жүрек циклі кезінде қан қысымы өзгеріп отырады, атап айтқанда систола кезінде жоғары, диастола кезінде төмен болады. Систолалық қысымды максимальды, ал диастолалық қысым минимальды деп аталады. Систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы- пульстық қысым. Тыныштық күйінде ересек дені сау адамдарда білек артериясындағы систолалық қысым мөлшері 110-120 мм с.б.б. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша артериялық қысым мөлшері 140/90 мм с.б.б қалыпты (норматониялық), одан жоғары болса, гипертониялық, ал 100/60 мм с.б.б – нан төмен болса, гипотониялық деп есептелінеді, пульстық қысым мөлшері 40-50 мм с.б.б. тең.

Бұлшық еттегі қан айналымы минөттік қан көлемінің (МҚК) 25 %-ын құрайды. Дене жұмысын орындаған бұлшық еттерде қан тамырлары кеңейіп, қан айналысы күшейеді, себебі бұлшық еттегі зат алмасу өнімдері – метаболиттер концентрациясының өсуінен бұлшық еттегі қан тамырлары қабырғасының қан тамырларын тарылтатын әсерге ??? кемиді, керісінше қан тамырларын кеңейтетін орталықтар тонусы өсіп – жұмыс гиперемиясы, яғни ағзадғы қанның ???



Қан тамырлар қызметі оны тарылтатын (симпатикалық )және кеңейтетін (парасимпатикалық) жүйкелер арқылы реттеледі. Қан тамырларын реттейтін орталық сопақша мида орналасқан және ОЖЖ-нің барлық деңгейінде әсер етіледі.
Үлкен ми сыңарларының қыртысы

Аралық ми (жоғарғы вегетативтік орталықтар)



Сопақша


ми

Ішкі секреция бездері

Жұлын


Жүрек және қан тамырлары


Қан тамырларын тарылтатын гуморальды заттарға – адреналин, норадреналин, вазопрессин, ренин, серотонин, Са 2+ жатады; ацетилхолин, гистамин,брадикинин; СО2; Н+, сүт қышқылы, АҮФ, АДФ, АМФ, К+ қан тамырларын кеңейтеді.

Микроайналым, диаметрі 100 мкм-нан кем қылтамырларда қанның ағу ерекшеліктері. Қылтамырлар арқылы қанның ағуын туғызатын күштерге:

Қылтамыр мен оның жанындағы гидростатикалық қысым айырмашылығы- 27 мм с.б.б. сүзілу (фильтрация) құбылысын туғызады, соның арқасында нәрлі заттар қаннан ұлпаға өтеді.

Қандағы белоктың әсерінен туатын коллоидты – осмос қысым айырымы- 20 мм с.б.б.- реабсорбция (резорбция) заттардың қайтадан сіңуін туғызады, соның арқасында зат алмасу өнімдері- метаболиттер ұлпадан қанға өтеді.

Диффузия құбылысы арқылы қан мен ұлпа арасында оттегі мен көмірқышқыл газдары алмасады.

Лимфа жүйесі қан айналым жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Лимфа жүйесінің маңызы : 1.Ағзадағы, ұлпадағы басы артық сұйықтықты (интерстициальды), белокты сорып алу арқылы дренажды қызмет атқарады. Егер лимфа жүйесінің қызметі бұзылса, ағза ісінеді;

2. Тасымалдау қызметін атқарады- ұлпадағы су, белок, т.б., зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т.б. қанға лимфа арқылы өтеді.

Қан плазмасының мөлшерін өзгерту арқылы қан айналымын реттеуге қатысады.

Қан түйіршіктерінің жасалуына (лимфоциттер) қатысады.

Биологиялық иммунитет, антидене түзетін жасуша лимфа түйіндерінде түзіледі (Т және В лимфоциттер пісіп жетіледі).

Зиянды заттар, микроорганизмдер, бактериялар, ісік жасушалар лимфа түйіндерінде сүзіліп, залалсызданады.

Май өнімдерінің 95%-ы лимфаға сіңеді.

Гормондар, биологиялық әсері күшті заттар, дәрілер т.б. алдымен лимфаға өтеді, яғни ағза қызметінің гуморальды ретелуіне де қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет