ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет19/22
Дата01.04.2017
өлшемі2,95 Mb.
#13013
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

5. Поликонденсациялау деп көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакцияларын айтады. Поликонденсациялау кезінде төмен молекулалық қосалқы заттар бөлінеді. Мономерлер ретінде екі немесе одан да көп функционалды топтары (OH, OR, NH2, Cl, COOH, COOR, COCl, SiOH) бар қосылыстар қолданылады. Поликонденсациялау реакцияларына этерификациялау, амидтеу, ароматикалық орын басу және т.б. Жалпы түрде:

Егер поликонденсациялануға әр түрлі функционалды тобы бар біртекті мономер қатысса, оны гомополиконденсациялау деп атайды:



Егер реакция екі типті мономерлердің функционал топтарының бір бірімен әрекеттесуі арқылы жүрсе, оны гетерополиконденсациялау дейді.



Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полимерлер, құрылымы мен формасы, жіктелуі, алу әдістері мен сипаттамасы, полимерлену және поликонденсациялау

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Макромолекула құрылымын қандай параметрлермен сипаттайды?

  2. Кандай полимерлерді органикалық, бейорганикалық, элементоорганикалық, гомо- және гетеротізбекті деп аталады?

  3. Полимерлену және поликонденсациялану әдістерді салыстырыңыз. Поликонденсация әдісінің артықшылығы және кемшілігі?

  4. «Тірі» молекулалар дегеніміз не? Олар қалай алынады?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18, С.183-225

2. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 4-11 б, 12-36 б

3 Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Высш.школа, 1992. С.5-12, С.120-185



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет