5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:
Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.
Абай шығармашылығына әсер, ықпал еткен үш арна.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
Сүйінбай арнауларын жаттау.
Д. Бабатайүлының шығармашылығы.
Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктері.
Жаяу Мүса Байжанүлының өмірі мен шығармашылығы.
Махамбет өлендеріндегі жыраулық - акындык дәстүр.
Шернияздың шешендік өнері.
Балуан Шолақ Баймырзаұлының шығармаларынан жатқа оқу.
Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тақырыптық , идеялық мазмүны
С. Бөкеевтің көңіл - күй, филисофиялық лирикасы.
Ә. Найманбаев дастандары.
М. Мөңкеұлының «Қарасай - Қази» дастан.
М. Сұлтанқожаұлының толғау - термелері.
Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің
ерекшеліктері.
Ш. Уәлиханов — ағартушы, демократ, тұңғыш ғалым.
Б. Оңдасұлы толғауларындағы азаматтық, әлеуметтік әуендер.
Абай өлеңдерінен үзінді оқы.
Майлықожа айтыстары.
Абай қара сөздерінің идеялық - тақырыптық ерекшеліктері.
Абай - аудармашы.
Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.
8. КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
1- кредит бойынша тапсырма жазу түрінде беріледі.
8.1 Бақылау жұмысы тақырыптары.
Ақындар поэзиясының өзіндік ерекшелігі.
XIX ғасыр ақындарының жыраулар поэзиясымен
үндестігі.
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Дулаттың арнау өлеңдеріндегі сыншылдық.
Дулаттың мысал өлеңдері, олардың тәрбиелік мәні.
Дулаттың «Еспембет» поэмасы.
М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.
Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі.
Махамбет елеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Шернияз Жарылғасұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі.
Шөже Қаржаубайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Шөже Қаржаубайұлының арнау өлеңдеріндегі сыншылдық.
Шөже - айтыс ақыны.
0рынбай Бертағыұлының өмірі мен шығармашылығы.
Орынбайдың айтыстары.
Майлықожа Сүлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы.
Майлықожаның айтыстары.
Майлықожа толғаулары. «Тотынама» толғауы.
Майлықожа өлеңдеріндегі табиғат көріністері.
Шортанбай Қанайүлының өмірі мен
шығармашылығы.
Шортанбай Қанайұлынын шығармаларындағы дидактикалық
сарын.
Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сүйінбайдың арнау өлеңдері.
Сүйінбайдың айтыстары
Сүйінбай толғауларындағы бұқарашылдык, әлеуметтік сыр.
Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы.
Мұраттың айтыстары.
Мұрат толғаулары. «Үш қиян» толғауындағы суреткерлік
шеберлігі.
Мұраттың «Қарасай-Қази» жырының тақырыбы, идеясы, көркемдік
ерекшелігі.
Базар Оңцасүлының өмірі мен шығармашылығы.
Базар Ондасүлы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Мәделі Жүсіпкожаұлының өмірі мен шығармашылығы.
Мәделі өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Нұрым Шыршығұлұлынын, айтыстары.
Нұрым елеңдеріндегі халықтық сипат.
Құлыншақ Кемелұлының өмірі меншығармашылығы.
Құлыншақ айтыстары.
Құлыншақтың «Шырын - Шекер» қиссасы.
Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасының көркемдік
ерекшелігі, тілі.
XIX ғасырдың II жартысындағы Қазакстандағы
тарихи әлеуметтік жағдай, әдебиеттің жалпы
дамуына шолу.
Орыс әдебиетінің әсері.
Ш. Уәлихановтың өмірі, еңбектерінің зерттелуі.
Шоқанның әдебиетті зерттеудегі еңбектерінің
маңызы.
Шоқанның мақалалары мен очерктері.
Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі
мен «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы.
Ы. Алтынсариннің табиғат лирикасы.
Ыбырай әңгімелеріндегі еңбек тақырыбы.
«Мұсылмандық тұтқасы» еңбегі.
Абайдың өмірі, шығармашылығының зерттелуі.
Абайтану ғылымының тарихы мен маңызы.
Абайдың лирикасы, өлең қүрылысына енгізген жаңалығы.
Абайдың қарасездері, аудармалары мен поэмалары.
Шәңгерей Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы, зерттелуі.
Шәңгерей өлеңдерінің негізгі тақырыбы.
Шәңгерейдің «Қашқын» поэмасы, көркемдік ерекшелігі, тілі.
Абайдың ақындық мектебі, Абай дәстүрін дамытушылар.
Мағауия Абайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Мағауияның поэмалары. «Медғат - Қасым» поэмасындағы романтизм.
Ақылбай Абайұлының өмірі мен шығармашылығы.
.Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасы.
XIX ғасырдың II жартысындағы әнші – ақындар шығармашылығы.
Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі.
Ақан сері лирикасының негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшелігі.
Акан сері әндерінің шығу тарихы, айтыстары.
Біржан сал Қожағүлұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі.
Біржан сал поэзиясының негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшелігі.
Біржан салдың ән-өлендері,олардың шығу тарихы.
Сара Тастанбекқызының өмірі және шығармашылығы.
Сара Тастанбекқызы өлеңдерінің негізгі такырыбы, көркемдік ерекшелігі.
«Біржан - Сара» айтысы.
XIX ғасырдағы ел ахуалының әдебиетке тигізген әсері.
Жазба әдебиеттің қалыптасуы.
Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада СОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады.
8.2 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Реферат. Дулаттың арнау өлендеріндегі сыншылдық
Реферат. «Дулаттың мысал өлеңдері, олардың тәрбиелік мәні».
Реферат. «Нүрым Шыршығұлүлының айтыстары.
Реферат. «Мағауияның поэмалары. «Медғат-Қасым» поэмасындағы
романтизм».
Реферат. «Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасы».
Реферат. «XIX ғасырдың ІІ-жартысындағы әнші-ақындар
шығармашылығы».
Реферат. «Абайдың ақындық тағлымы ».
Реферат. «Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры».
Реферат «Біржан-Сара» айтысы, көркемдік тіл кестесі.
Реферат. «Жыраулық дәстүр және Махамбет поэзиясы»
Реферат. «Абайдың ғұмырбаяны (М.Әуезов зерттеулері негізінде)».
Реферат. «Сүйінбай айтыстарындағы ерлік, елдік, үлттық тағлым
мәселелері»
Реферат. «XIX ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсы сарын (Мәделі, Қүлыншақ, Майлықожа туындылары негізінде)».
Реферат. «Абайдың ақын шәкірттері»
Реферат. «XIX ғасырдағы кисса-дастандар және әдебиеттегі
нәзирәгейлік дәстүр».
Әдістемелік нұсқау. Берілген реферат тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Реферат 15-аптада СОӨЖ сабағында қабылданады. Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 15 бет, ал компьтерден басылған реферат көлемі 10 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компютерге басылған болуы тиіс. Реферат стандартқа сай жазылып, қорғалса – 10 баллға бағаланады. Жай ғана өткізілсе – 4 балл. Әдебиеттер: 1-48
8.4 КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. XIX ғасыр өдебиеті талданған тұңғыш еңбек «Әдебиет тарихының»
авторын ата.
А) М.Мырзахметов;
В) Ә.Қоңыратбаев;
С)Н.Келімбетов;
Д) М.Әуезов;
Е) Қ.Ергөбеков.
2. XIX ғасыр әдебиетіне тән басты белгі қаңдай?
А) Отарлық езгіні суреттеу;
В) Өршіл романтизм;
С) Ғашықтық лирикасы;
Д) Ел бірлігін жырлау;
Е) батырлар жайлы ода шығару.
3. XIX ғасырдағы алғашқы жазба әдебиет үлгілері осы әдеби түрлердің
қайсысынан басталады? ,
А) Айтыс өлеңдері;
В) ән өлеңдер;
С)Діни ғибраттар;
Д) Толғаулар мен термелер;
Е) Тарихи жырлар.
4. Осы әдеби тек пен түрлердің қайсысы қазақ әдебиеті тарихына XIX
ғасырда енген жоқ?
А) Поэмалар;
В) Драматургия;
С) Аударма;
Д) Тарихи жырлар;
Е) Қиссалар.
5. М.Әуезов саралап жазған айтыс акындарына тән қасиеттердін қатарына енбейтінін көрсет?
А) Айтыс ақындары бір айтқанын екінші рет қайталамайды;
В) Айтысты кейінге жеткізгендер кебінесе сол айтыста жеңілген
ақын болады;
С)Айтыста жеңілу сөз таппағаннан емес, дәлелді, тұтқалы сөзге тоқтағандықтан болады;
Д) Айтыста әлеуметтік бөліну, атақ — даңқ, үлкен - кіші, ер - әйел деген
шек болмайды, ол демократиялық еркін өнер;
Е) Айтыста этнопедагогика ( үлттәрбиесі) сөз болмауы керек.
6. Осылардың қайсысы XIX ғасыр әдебиетін қамтымайтын ғылыми еңбек?
А) Қ. Өміралиев «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі»;
В) С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті»;
С) Е.Ысмайылов «Ақындар»
Д) С.Мұқанов «Қазақтың ХУШ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан
очерктер»;
Е) М.Мағауин « Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».
7.XIX ғасыр әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармалары қалай аталады?
А) Драмтургтер, пьесалар;
В) Акындар, өлеңдер;
С) Жыршылар, эпостық жырлар;
Д)Жыраулар, толғаулар;
Е) Жазушылар, прозалық шығармалар.
8. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі қай әдеби үлгі - өрнекпен шығарылған?
А) Фольклорлық жоқтау үлгісі;
В) Жыраулар поэзиясындағы арнау үлгісі;
С) Тарихи жырлардағы сюжетті эпика үлгісі;
Д)Ақындар поэзиясындағы реализм үлгісі;
Е) Шығыс әдебиетіндегі діни поэзия үлгісі.
9. Жүсіпбек Шайхүсламұлы бастырған қиссалардың қатарына жатпайтынын
ата?
А) «Сал-Сал»;
В) «Жүсіп пен Зылиха»;
С) «Қожа Ғафан»;
Д) «Зарқұм»;
Е) «Кербаланың шелінде».
10. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет мысал жазған кім?
А) Абай;
В) Дулат Бабатайүлы;
С)Ақылбай Абайұлы;
Д)Ақан сері;
Е) Шоқан Уәлиханов.
11. Шоқан «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты зерттеу еңбегінде ән өлең авторларын өзі жіктеген қазак поэзиясы түрлерінің
А) Жыр;
В) Жылау-жоктау өлеңі;
С)Өлең;
Д) Қайым;
Е)Қара өлең.
І2.Қазақ әдебиетіндегі жаңа жазба әдебиетті А.Байтұрсынұлы «Әдебиет
танытқышта» калай атаған?
А) сындар дәуір;
В)Діндар дәуір;
С)Ауыз әдебиеті;
Д)3ауықтама;
Е)Сарындама.
13. XIX ғасыр әдебиетінде жаңа бет, тың жол салмай, немесе осындай жаңа
әдеби бағыт, ағымдар аясында шығармашылық мұра тудырмай, өздеріне
дейінгі поэзия үлгілері дәстүрімен ғана жүрген акындарды шартты түрде қай
бағыт екілдері деп айтамыз?
А) ұлт азаттык бағытындағы әдебиет үлгілері;
В)Дәстүрлі поэзия өкілдері;
С) «Зар заман» әдебиетінің өкілдері;
Д)Жәдидтік бағыттағы жаңа жазбаәдебиет өкілдері; ;
Е) Сал-серілер мен әнші - ақьшдар.
14.Осылардың қайсысы діни - тәлімгерлік бағыт өқілдері қатарына енбейді?
А)Жүсіпбек Шайхұсламұлы;
В)Ақмолла Мұхамедияров;
С)Шәңгерей Бөкеев;
Д)Мәулекей Жұмашев;
Е)Майлықожа Сұлтанқожаұлы;
15.Абайдың ақын шәкірттері жайлы жазылған «Абайдың ақын шәкірттері»
атты 4 кітаптан түратын еңбектің авторын ата?
А)Қ Мүхамедханов;
В)М. Әуезов;
С)М. Мырзахметұлы;
Д)Ж. Ысмағұлов;
Е)С. Мұқанов.
Тест тапсырмаларының кілті
Сұрақтардың нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Д
|
А
|
С
|
В
|
Е
|
Е
|
В
|
А
|
С
|
В
|
С
|
А
|
В
|
С
|
А
|
8.5 КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті, оның негізгі сарыны, әдеби
бағыттары мен ағымдары.
Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық өмір жолы.
Әріп Тәңірбергеновтің әдеби мұрасы.
Отарлық езгі және оның XIX ғасыр әдебиеті тарихындағыкөрінісі.
Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасы, сюжеті мен
көркемдік кестесі.
Жаяу Мұса Байжанұлының ән-өлеңдері, олардағы ұлттық нақыш
пен Европа әндеріне тән әуендері.
Тарихи өлеңдер және әдебиет тарихындағы азаттық тақырыбы
(М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Тарихи өлеңдер»
тарауы негізінде ) .
Діни-тәлімгерлік бағыттағы жазба әдебиеттің зерттелу тарихы.
Мәди Бәпиұлының ән-олеңдері, олардағы лиризм.
Ұлт азаттық күресі және Махамбет поэзиясы.
Ж. Шайхұсламұлы және XIX ғасырдағы діни басылымдары.
Шәңгерей Бөкейұлы мүраларындағы дәстүр мен жаңашылдық.
Діни тәлімгерлік бағыттағы кисса-дастандар.
Сегіз Сері (Мұхамедханафия Баһрамұлы Шакшақов)
шығармашылығы және онын зерттелу жайы.
Ғұмар Қараштың әдеби мұрасы.
XIX ғасыр әдебиеті тарихындағы айтыс енері.
Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы.
Сара Тастанбекқызының өлеңдері мен айтыстары.
«Зар заман» әдебиеті, оның өкілдері.
Ақмолла Мұхамедяров шығармаларындағы оқу-білім, жәдидизм мәселесі.
Көкбай Жанатайұлының шығармашылық өмір жолы.
XIX ғасыр әдебиеті тарихындағы дәстүрлі поэзия және оның өкілдері.
Майлықожа Сұлтанкожаұлының шығармашылығы, туындыларының керкемдік тіл айшығы.
М.Жүсіп Көпеевтің шығармашылық өмір жолы.
Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы.
Нарманбет Орманбетұлының шығармашылық өмір жолы, әдеби мұрасының зерттелу жайы.
Ақылбай Абайұлының әдеби мүрасы.
Жадидтік бағыттағы жаңа жазба әдебиет, оның екілдері.
Дәстүрлі поэзияның тақырып ауқымы, дәстүрлі мазмұн аясы
және Мәделі Жұсіпқожаұлы шығармашылығы.
Әсет Найманбаевтың әдеби мұрасы.
Ұлт азаттык күресі және «Кенесары-Наурызбай» жыры
(М.Әуезовтің «Әдебиет тирихы » еңбегінің негізінде).
Мағауия Абайұлының әдеби мұрасы
ХІХ ғасырдағы қазақ баспасөзі
Ұлт азаттық күресі және Исатай-Махамбет жыры
Орынбай Бертағұлы шығармаларындағы әдеби дәстүрлі мазмұн мен тақырып аясының жырлануы
Ы, Алтынсариннің қазақ грамматикасына арналған еңбектері (Ы.Алтынсариннің «Оқу-методикалық шығармалар» жинағының негізінде).
Ұлт азаттық күресі және «Бекет батыр» жыры (М.Әуезовтің«Әдебиет тарихы» еңбегінің негізінде).
Нұрым Шыршығұлұлы шығармашылығы.
Ы.Алтынсарин поэзиясындағы табиғат лирикасы.
Д.Бабатайұлының поэзиясындағы отарлық езгіге қарсы азаттық танымдары.
Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы.
Балуан Шолақтың шығармашылық өмір жолы.
Жетісудың отарлануы және С.Аронүлы шығармаларындағы азттық танымдары.
Иманжүсіп Құтпанұлының шығармашылық емір жолы, әдеби мұрасыньщ көркемдік тіл кестесі, зерттелу жайы.
Кемпірбай Бөгенбайұлының әдеби мүрасы.
Жетісудың отарлану тарихы және С.Аронұлы дастандарындағы батырлар бейнесі.
Құлыншақ Кемелұлының әдеби мүрасы.
Нұржан Наушабаевтың айтыстары.
Абайдық ақын шәкірттері (М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев» монографисы мен Қ.Мұхаметхановтың «Абайдың ақын шекірттері» зерттеу жинағы негізінде)
«Зар заман» әдебиеті және Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы, оның зерттелу тарихы (М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегі мен Қ.Мәдібайқызының зерттелеулері негізінде).
М.Қалтайұлы және діни-тәлімгерлік бағыттағы.
Абай поэзиясы және жаңа жазба әдебиет.
Акан Серінің «Сырымбет», «Құлагер» ән- өлеңдерінің мазмұндық, көркемдік айшықтары.
Д.Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы.
ЬІ.Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы.
Әдебиеттану тарихындағы айтыс өнерінің зерттелуі.
Абай поэмалары.
Ш.Уәлиханов-әдебиет зерттеушісі.
«Біржан-Сара айтысының» шығу тарихы мсн зерттелу жайы,
Абайдың кара сөздері (Ғ.Есімнің «Хакім Абай» эерттеуі негізінде)
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелу тарихы мен бүгінгі Жай-күйі.
Мүрат Мөңкеүлыныңт әдеби мұрасы, оның зерттелу жайы
(Х.Досмұхамедұлы мен Б.Омаров зерттеулері негізінде).
Абайдың қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан өрістетудегі ақындық дарынының әдебиет тарихындағ ы мән-иаңызы.
М.Әуезов және абайтану тарихы (М.Мырзахметұлының «Абайтану тарихы» монографиясының негізінде)
Шөже Қаржаубайұлының шығармашылық өмір жолы мен айтыстарының мазмұндық-көркемдік кестесі.
Шоқанның фольклортану саласындағы енбектері.
Бес арыстың ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен оның өкілдері жайлы еңбектері
Біржан салдың шығармашылығы.
Ы.Алтынсаринның ұстаздық қызметі
XIX ғасыр әдебиеті тарихына жаңаша көзқарас (тәуелсіздік кезеңінен бергі уақыттағы әдеби зерттеулерге шолу).
Зар заман әдебиетінің өкілдері мен зерттелу тарихы.
Д.Бабатайұлының мысал өлендері.
Махамбет шығармаларының көркемік кестесі, тіл ерекшелігі.
Ақан серінің шығармашылық өмір жолы , ән-өлендеріндегі мазмұндық, көркемдік сезім саздары (Мағжанның Ақан сері; Ақан сері сөздері мақалалары негізінде.)
Абайдың шығармашылық өмір жолы М.Әуезовтің Абай ғұмырбаянына арналған 1933, 1940, 1943. 1950 жылдарда жазған еңбектері негізінде.
Абайдың әдеби мектебі және оның өкілдері.
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992
|
3
|
3
|
100%
|
Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001
|
3
|
3
|
100%
|
Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. ІІ-кітап. -Алматы,2004
|
3
|
3
|
100%
|
XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987
|
3
|
3
|
100%
|
XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985
|
3
|
3
|
100%
|
Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989
|
3
|
3
|
100%
|
Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап
|
3
|
3
|
100%
|
Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965
|
3
|
3
|
100%
|
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994
|
3
|
3
|
100%
|
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. - Алматы,
1967
|
3
|
3
|
100%
|
Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. - Алматы,
1976
|
3
|
3
|
100%
|
ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы.
Алматы,1962
|
3
|
3
|
100%
|
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап, А., 2001
|
3
|
3
|
100%
|
Жұмалиев Қ. ХУШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А.,1967
|
3
|
3
|
100%
|
Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық
танымдары) С, 2006
|
3
|
3
|
100%
|
Достарыңызбен бөлісу: |