Бақылау сұрақтары: 1. Мотивация және мотив дегеніміз не?
2. Оқу іс-әрекетінің жетекші және қосалқы мотивтері.
3. Мектепке жаңа келген балалардағы басым мотивтер.
4. Оқушының өз оқуын ұғынуына мұғалімнің ықпалы.
5. Кіші мектеп оқушылар үшін бағаның рөлі мен мәні.
6. Кіші мектеп оқушысының танымдық қызығушылығымен «қызықтылық» мәселесі
7.Оқыту үрдісінде кіші мектеп оқушыларының зияттылық белсенділігін дамыту.
Дәріс №2 Дәрістің тақырыбы: ҚР үзіліссіз білім беру жүйесі
Дәрістің мақсаты: Баланы мектепке дайындау жүйесі туралы түсінік беру. ҚР үзіліссіз білім беру жүйесін, педагогикалық үдерісті біртұтас ұйымдастыруды меңгерту.
Дәрістің жоспары: 1. ҚР үзіліссіз білім беру құрылымының ерекшеліктері мен міндеттері.
2. Педагогикалық үдерісті біртұтас ұйымдастыру.
ҚР үзіліссіз білім беру жүйесі 0 (нөлдік) саты мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сәбилер тобынан мектепке даярлық тобына дейінгі арлықтағы балалар тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі жалпыға білім беру стандартында көрсетілген бес сала («денсаулық», «танымдық», «қатынас», «шығармашылық», «әлеуметтік») бойынша жүзеге асырылады.
1-саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 –сыныптар-бастауыш мектеп). Бастауыш мектепте оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектепке балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жастағы баланың ақыл-ойы дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы кезеңі. Осыны пайдаланып, іске асырған жөн. Әйтпесе баланың бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Негізгі жалпы білім (5-9-сыныптар - негізгі мектеп)
Жалпы орта білім (10-11 сыныптар-жоғарғы мектеп).
Орта кәсіптік-педагогикалық білім беру жүйесі кәсіптік-педагогикалық колледждер болып табылады. Өндірістік оқыту шеберлерін дайындау негізгі жалпы орта білім беру базасында, сондай-ақ толық жалпы орта білім беру базасында да жүзеге асырылады. Кәсіптік-педагогикалық колледждерде дайындық орта кәсіптік білім беру мамандарының классификаторына сәйкес және осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Өндірістік оқыту шеберін дайындаудың ең ұзақ мерзімі 2 жыл 10 ай. Кәсіптік орта-педагогикалық білім беру екі мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес реттеледі:
Орта кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау бірнеше бағыттар (блоктар) бойынша жүзеге асады: жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер блогы, жалпы кәсіптік пәндер блогы, медициналық-биологиялық даярлық пәндері, психологиялық-педагогикалық пәндер блогы және т.б. арнайы пәндер блогы.
Өндірістік оқыту шеберін дайындау үш бағыт бойынша жүзеге асады:
негізгі дайындық - өндірістік оқыту шебері, қосымша біліктілік – техник;
негізгі дайындық - техник, қосымша біліктілік – өндірістік оқыту шебері;
орта немесе жоғары кәсіптік білім алғаннан кейінгі өндірістік оқыту шеберін дайындау.
Кәсіптік-педагогикалық колледжді аяқтағаннан кейін маман оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуді орындай отырып, кез келген кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс жасай алады.