Дәрістер тезистері Дәріс №1 Тақырыбы: Кіріспе ҚР баланы мектепке даярлау тұжырымдамасы мен бағдарламалары. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі Баланы мектепке дайындау курсының мақсаты және оның негізгі міндеттері. Баланы мектепке даярлаудың жолдары мен тиімді әдіс – тәсілдері.
Мектепте тәрбиелеу мен білім берудің ерекшеліктері.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес 6В01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім алушылар бойынша «Мектепке психологиялық-физиологиялық дайындық» курсы аталған мамандыққа бакалаврларды даярлауда оқу пәнін таңдап алу компонеттерінің бірі. Курс студенттерді мектепалды даярлау топ балаларымен жұмыс жүргізуге теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған. Мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті ойын болып келген балаларды білім әлеміне жетелейді.
Қазіргі кездегі мектепалды даярлық топ балалары - өздеріне тән ерекшеліктері бар. 6-7 жастағы балалар және бұл ерекшеліктерді болашақ мамандар білуі қажет.
Пәннің мақсаты:Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, педагогика ғылымының даму тенденцияларын, балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінің кәсіби бағыттылығын, мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру жолдарын, оларды тәрбиелеу мен оқыту формасын, құралдарын, мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, олардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын, білім беруде педагогикалық технологияларды меңгеріп, болашақ кәсібіне деген көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері: -студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін меңгерту;
-баланы мектепке даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;
-теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту.
Баланы мектепке даярлауда халыққа білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы
Балаларды жастан оқытудың қажеттілігі. Мектеп реформасының негізгі бағыттары. Баланы мектепке дайындаудың бағыттары мен шарттары.