Пәннің мақсаты және міндеттері


Дәріс № 2 Тақырыбы:Баланы мектепке даярлаудың теориялық және әдістемелік негіздері



бет4/9
Дата16.09.2024
өлшемі144,5 Kb.
#204344
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мектепке психологиялық- физиО

Дәріс № 2 Тақырыбы:Баланы мектепке даярлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Оқушылардың дүниетанымын, ой- өрісін, тілін қалыптастыру. Баланы мектепке даярлаудағы әдіскер – педагогтың зерттеу мәселелері.
Қазіргі кездегі әдіскер педагогтың еңбектеріне талдау. Балалардың білімдік – танымдық әрекетін дамыту
Оқу іс-әрекетінің мотивтері және оның қалыптасуы
Жоспар:

  1. Мотивация және мотив туралы түсінік.

  2. Мотивтер жүйесі.

  3. Кіші мектеп оқушысының оқу мотивтеріндегі бағаның орны.

  4. Кіші мектеп оқушысының оқу-танымдық мотивтері.

    1. Кіші мектеп жасында жетекші іс-әрекет – оқу іс-әрекеті болып табылады. Бұл үрдісте бала адамзат мәдениетінің жетістіктерін, алдыңғы ұрпақ жинақтаған білімдер мен біліктерді меңгереді. Адамзат тәжірибесін бала ойында, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас, еңбек сияқты өзге де іс-әрекет түрлерінде игереді. Бірақ тек оқу іс-әрекетінде ғана ол ерекше сипатқа және мазмұнға ие болады. Оқу іс-әрекетінде «бала мұғалімнің жетекшілігімен қоғамдық сананың, яғни ғылымның өнердің, адамгершіліктің, құқықтың дамыған формаларының мазмұнын меңгереді. Сонымен қатар, олардың талаптарына сәйкес әрекет етуді үйренеді.

Мектептегі оқуға көшкенде бала меңгеретін пән білімдер болып табылады. Олар ең алдымен, оқу іс-әрекетінің дамытушы сипатын анықтайды.
Алайда баланың оқудағы және сонымен қатар тәрбиедегі де табыстары мотивацияларға тікелей байланысты. Мотивация – бұл білімдерді меңгеруге, біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, нақты тұлғалық қасиеттерді жинақтауға итермелейтін мәнді және әрекетті ниеттер жүйесі. Қажетті мотивация, яғни ниеттер жүйесі болмаса, ол өздігінен өзінің психологиялық дамуын іске асыратын (ілестіретін) оқу әрекетіне де, қарым-қатынасқа да енбейді.
Мотив – бұл әрекетке итермелейтін күш (түрткі), себеп. Біздің жағдайымызда оқушыны белгілі бір іс-әрекетті орындауға итермелейтін түрткі. Іс-әрекеттің мотивін іс-әрекет мақсатынан ажырата білу керек.
Мақсат – іс-әрекеттің белгілі және саналы ұғынылған нәтижесі. Мақсаттар әдетте, педагогқа да, оқушыға да анық түсінікті. Мақсаттар сабақта өте анық формада қойылады (немесе қойылуы тиіс). Ал оқушының іс-әрекет мотивтері мұғалімге, тіпті баланың өзіне де әрқашан да түсінікті емес.
Іс-әрекет мотивіне байланысты, мақсат түрлі мәнге ие болады. Мысалы, бала есеп шығарып отыр. Мақсат – шешімді табу. Осы жағдайда мотивтер мүлдем әртүрлі болуы мүмкін: 1) есепті шешуді үйрену; 2) мұғалімді қуанту; 3) ата-анасын риза ету үшін жақсы баға алу. Барлық жағдайда мотивтердің өзгеруімен іс-әрекеттің мәні де өзгеріп отырады.
Мотивтер оқу іс-әрекетінің сипатына, баланың оқуға қатынасына шешуші ықпал етеді. Егер, мысалы, бала нашар баға мен жаза алмау үшін оқыса, ол үнемі ширығу үстінде жұмыс жасайды да, оның оқуы қуаныш пен қанағаттанудан жұрдай болады.

    1. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекеті күрделі әрі көпдеңгейлі мотивтер жүйесімен реттеліп отырады (Л.И.Божович,1968, Маркова А.К.,1983, Матюхина М.В.,1984 т.б.). Олар жетекші және қосалқы деп бөлінеді. Сонымен, мотивтер төмендегідей болып бөлінеді:

  1. Оқу іс-әрекетінің тікелей нәтижесімен байланысты оқу-танымдық мотивтер.

а) оқу мазмұнымен байланысты мотивтер (оқу жаңа фактілерді білуге, білімдерді, әрекет тәсілдерін меңгеруге, құбылыстардың мәнін терең түсінуге итермелейді).
ә) оқу үрдісімен байланысты мотивтер (оқу зияттылық белсенділікке ұмтылуға, ойлануға қажеттілікке, сабақта пайымдауға, қиын міндеттерді шешудегі бөгеттерді жеңуге итермелейді).
2. Оқу іс-әрекетінің өзінен тыс жататын, оқудың жанама нәтижесімен байланысты мотивтер.
а) кең әлеуметтік мотивтер:
- қоғам, сынып, мұғалім алдындағы борыш пен жауапкершілік мотивтері;
- өзін-өзі анықтау (болашақ үшін білімнің маңызын түсіну, болашақ жұмысқа дайындалу тілегі т.б.) мотивтері;
- өзін-өзі жетіліру (оқу нәтижесінде даму) мотивтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет