ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет8/14
Дата13.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#3794
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Сөз тіркесін оқыту

Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.

Дәрісті қорытындылау: Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі .Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар

Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңыз.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. А.Байтұрсынов еңбегіндегі синтаксис және сөз тіркесін оқытуға байланысты мәселеге талдау жасау

  2. Сөз тіркесін оқытуға қатысты еңбектерге сараптама жасау

Әдебиеттер:

1 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

2 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.

3 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.

4 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

5.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

10 Дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі

Мақсаты: Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық – мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жай сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемді талдау.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі туралы мағлұмат беру

Жоспар:


  1. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.

  2. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі

Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай сөйлем синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде.

Сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі – олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында «бір бас мүшелі сөйлемдер» идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір бас мүшелі сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Дегенмен, мұндай сөйлемдердің предикативтілік ерекшеліктерін белгілеуде алуан түрлі пікірлер мен көзқарастар бар.

Осы тұста «бір негізді» термині жөнінде мынаны айта кеткен орынды. Ж.Сәдуақасұлы өзінің зерттеу еңбегінде «односоставное предложение», «двухсоставное предложение» терминдерін қазақша «бір құрамды» және «қос құрамды» сөйлемдер деп атаған болатын. Кейінгі бір еңбегінде бұл терминдерді профессор Р.Әмір қолданған «бір негізді» және «екі негізді» терминдерімен ауыстырып, оның себебін түсіндірген. Біз де өз жұмысымызда осы соңғы пікірді қолдап аталмыш терминді пайдаландық.

Қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі бойынша С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Садуақасұлы т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы ғалымдардың жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында бір негізді сөйлемдер турасында айтқан тұжырымдарын негізге алып, аталмыш сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелу жайын сөз етпекпіз.

Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі ретінде қарастырылып отырған бір негізді сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған тұжырымдар, ғалымдар көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді.

«Бір құрамды сөйлем» термині қазақ тіл білімінде 60-жылдардан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде қолданды. «....Сөйлемнің құрылымдық үлгісін құрастыратын мұндай сөз формалары сөйлемнің тұрлаулы немесе бас мүшелері деп аталады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш, баяндауышты) үлгі, екіншісі - бір құрамды үлгі. Екі құрамды сөйлемнің үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлемнің үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады. Мұндай бас мүше бір компонентті де, екі компонентті де болуы мүмкін», - деп көрсетеді. Бірақ бір құрамды сөйлемдердің өзіндік сипаттары мен оларды топтастыру мәселесіне тоқталмаған. Дегенмен, 1967 жылы шыққан академиялық грамматикада алғаш рет «Бір тұрлаулы мүшелі сөйлем» деген бөлім беріліп, оған белгісіз жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем енгізілді.

Осы кезеңде жазылған тағы бір еңбек – А.Әбілқаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері» деп аталатын еңбегі. Мұнда жай сөйлем төртке бөлінеді: жақты, жақсыз, толымсыз және атаулы. Жақты сөйлем: арнаулы, ауыспалы және бастауышы белгісіз жақты деп іштей үшке жіктелген. Мұнда автордың сөйлемді жіктеудің басты белгісі етіп, негізінен, жақты алғандығын және оны бастауышпен тең деп қарағанын байқаймыз.

70-жылдардан бергі кезеңде бір негізді сөйлемдерге байланысты аса түбегейлі зерттеулер де, жеке дара пікірлер де бола қойған жоқ. Тек, Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын еңбегінің қазақ тіл білімі үшін біршама жаңалық әкелгенін айта кеткен орынды. Р.Әмір бұл еңбегінде жоғарыда аталған «бір құрамды» терминін «бір негізді» терминімен ауыстырып, жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем деп бөліп қарастырады.

Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер турасында айтылған ғалымдар көзқарасын жинақтап, нақтылай түскен және ғылыми негіздемесін жасаған ғалым ретінде Ж.Садуақасұлын айта аламыз.

Ж. Садуақасұлының бір негізді сөйлем мәселесіне қатысты пікірлері 2004 жылы шыққан «Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» атты еңбекте жалғасын тапты. Онда бұрынғы грамматикаларда әр түрлі ыңғайда қарастырылып келген жай сөйлемнің түрлері ғылымның соңғы жаңалықтары негізінде топтастырылып, бір негізді сөйлемдердің түрлері жан-жақты талданып берілген. Бір негізді сөйлемдерді жіктеу мәселесі, белгілі жақты, жалпылама және белгісіз жақты, жанама жақты сөйлем түрлерінің зерттелуі, құрылымдық түрлері, семантикасы жайында айтылған. Ол «бір құрамды», «бір бас мүшелі», «жақсыз» деп әр түрлі аталып жүрген терминдердің біреуін тұрақтандыру мақсатында бұрын қолданған «бір құрамды» терминін Р.Әмір ұсынған «бір негізді» терминімен ауыстырып қолданады

Ғалым бір негізді сөйлемдер жайындағы тұжырымдарды тиянақтай келіп, оған мынадай анықтама береді: «бір негізді сөйлем деп, мазмұндық құрылымы жағынан бір ғана бас мүше арқылы предикативтік құрылымда беріліп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз» Бұл еңбекті қазақ тілінде жай сөйлем синтаксисін зерттеуде бір негізді сөйлемдерді ғылыми түрде арнайы қарастырған алғашқы оқу құралы деп айтуымызға толық негіз бар.

Осы аталған еңбектердегі бір негізді сөйлемдер жайында айтылған пікірлерді саралай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

1. Қазіргі қазақ тілінде бір негізді сөйлемдер – жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты мағыналық құрылымға, қызмет-коммуникацияға ие сөйлем.

2. Бір бас мүшелі сөйлемдер мазмұндық жағынан көп әлементті болуына қарамастан тұлғалық құрылымы жағынан бір негізді сөйлем ретінде қаралуға тиіс.

3. Бір негізді сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады. Бұл ерекшелік бір негізді сөйлемдердің өзіне тән синтаксистік құрылымы бар екенін көрсетеді.

Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген. Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.

Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.

Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық

Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.

Дәрісті қорытындылау: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Мектеп оқулықтарындағы жай сөйлем синтаксисінің оқытылу барысына зерттеу жүргізіңіз

  2. Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін оқыту

Әдебиеттер:

1Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

2 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.

3 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.

4 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.

 5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

11 Дәріс. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі

Мақсаты: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.

Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.

Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.

Мәтін туралы ұғымды қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілері анықтаудағы логикалық оператциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.

Жоспар:



  1. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік

  2. Салалас құрмалас сөйлемді оқыту

  3. Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту

  4. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.

  5. Мәтінді талдау әдістемесі.

Синтаксис курсындағы күрделі тақырыптың бірі — құрмалас сөйлем туралы түсінік. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға құрмалас сөйлем танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімнің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады: 1. Құрмалас сөйлемді оқудағы мақсат. 2. Құрмалас сөйлем қазақ тілі синтаксисінің үлкен бір саласы екені жөнінде түсінік. 3. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. 4. Құрмалас сөйлемнің анықтамасы. 5. Құрмаластың өз ара салалас, сабақтас, аралас кұрмалас сөйлемдер болып бөліиетіні./ Құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушылар санасы- на екі түрлі жолмен жеткізуге болады: біріншісі — әңгі- ме, байқау әдістері арқылы; екіншісі — мұғалімнің тү- сіндіруі, байқау әдістері арқылы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік оқушыларға әңгіме, байқау әдістері арқылы былайша меңгертіледі. Мұғалім өтілетін тақырыпты хабарлаған соң, мұны меңгеру оқушылардың жай сөйлем синтаксисінен алған біліміне байланысты екенін, жай сөйлемнің түрлерін жақсы білетіндер ғана бұл тақырыпты ешбір қиыншы- лықсыз ұға алатынын ескертеді.

Қүрмалас сөйлем

Жан сөйлем Күрмалас сөйлем Күрмаласу тәсілі

Жаңбыр жау­ ды. Жер көгерді.

Күн шықты.

Мал өріске кетті. Бет каратпай- тын боран бол­ ды. Капан калаға бармады.

Жаңбыр да ж ауды , жер де көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болған- ды қт ан, Қапан қалаға бармады.

Менің касымда алты-ақ жауын- гер бар; жұмыскерлер төр- теу, баламен бесеу.

баяндауыштың тиянақты фор- масы

шылау арқылы

қосымшалар ар- қылы

интонация арқы- лы



Оқушылар жоғарыдағы сөйлемдердің бәрі де аяқтал- ған тиянақтЫ бір жай ойды білдіретінін, сондықтан бар- лығы да жай сөйлем екенін, сонан кейін олардың қайсы­ сы жалаң, жайылма, толымды, жақты сөйлемдер екенін айтып, олардағы тұрлаулы мүшелерді (бастауыш пен баяндауышты) атайды. Мұнан кейін орындалатын жұмыстың түрі — оқушы­ ларға жоғарыда талданған жай сөйлемдерден қүрмалас сөйлем құрату. Бұл үшін класқа мынадай сұраулар қо­ йылады: 1. Кім да шылауын қосып, бірінші мен екінші жай сөйлемдерден күрделі бір ойды білдіретін сөйлем құрай- ды? 2. М ал қашан өріске кетті? 3. Неліктен Капан қалаға бармады? Соңғы екі сүраққа жауап бергенде, үшінші мен төр- тінші, бесінші мен алтыншы жай сөйлемдерді пайдалану керектігі ескертіледі. Оқушылар мынадай жауап қайтарады: 1. Ж аңбыр жауды да, жер көгерді. 2. Ж аңбыр да жауды, жер де көгерді. 3. Кун шьіқты, мал өріске кетті. 4. Кун шыққан соң, мал өріске кетті. 5. Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Капан қалаға бармады. Мұғалім оқушылардың жай сөйлемдерден күрделіойды білдіретін сөйлемдерді (қүрмалас сөйлемдерді) дұрыс құрастыра алғанын, солардыц ішінен екінші, төр- тінші және бесінші сөйлемдерді есте сақтауды ескертеді. Сонан кейін таблицаның екінші, үшінші графаларыныц бетіндегі қағазды алып тастайды да, онан оқушылар құрастырған сөйлемдерді таптырады, құрмаласу тәсілдерін (жай сөйлемдердің орын тэртібі, шылау, қосымшалар арқылы құрмаласқанын) айтқызады. Бір окушыдан таблицадағы төртінші құрмаластың неше жай сөйлемнен құралғанын және олардың қандай тәсілмен (бұл көрнекі құралдың 3-графасында көрсетілген) құрмаласқанын айту талап етіледі. Оның жауабын тыңдап болған соң, оқушыларға ой корытындысын шығара алатындай жетекші сұрақтар қойылады: Жай сөйлем бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен кұралып, бір тиянақты ойды білдіреді, ал қүрмалас сөйлем неден құралады, қандай ойды білдіреді? Бұл сұраққа жоғарыда талдаған мысалдарға сүйене отыра бір оқушы: — Қүрмалас сөйлем екі я бірнеше жай сөйлемнен кұралып, бір күрделі ойды білдіреді деп жауап береді. Мұғалім оқушы жауабының дұрыстығын ескертеді де: — Қүрмалас сөйлемнің күрделі ойды білдіруі — оның бірінші өзіндік белгісі./Күрмалас сөйлемнің екі я онан да көп жай сөйлемдерден жасалатыны — оның екінші өзіндік белгісі. Тіл ғылымында қүрмалас сөйлем­ нің құрамындағы жай сөйлемдерді қүрмалас сөйлемнің компоненттері деп атайды. Мұнан былай біз де «құрма- лас сөйлемнің жай сөйлемі, сыңары, бөлігі» дегендердің орнына компонент деген сөзді қолданамыз. Қүрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден жасалады деудің орнына қүрмалас сөйлем екі я онан да көп компо- ненттерден жасалады деп атайтын боламыз,— деп, оқу- шылардың қүрмалас сөйлем жайында білегіндерін бір түйіп қояды. Мұнан кейін класқа мынадай сүраулар қойылып, жауаптар алынады. Мұғалім. Көрнекі құралдың 1-графасында берілген жай сөйлемдердің кез келгендерін былайша біріктіріп, Жаңбыр жауды да, бет қаратпайтын боран болды. Жер көгерген соң, қар кетті. Қапан қалаға бармағандықтан, мал өріске кетті деп айтуға және СОларды қүрмалас сөй­ лем деп тануға бола ма? Оқушылар. Жоқ, олай айтуға да, солай айтқанмен, оларды құрмалас сөйлем деп тануға да болмайды. Мұғалім. Неліктен болмайды? Оқушы. Жаңбыр жауа сала, бірден бет қаратпайтын боран болмайды. Қар кетпей тұрып, жер көгермейді. Малдың өріске кетуі бір адамның қалаға бармауына байланысты емес. Сондықтан да жоғарыдағыдай етіп айтуға болмайды. Екінші сөзбен айтқанда, ол сөйлем­ дердің мағынасы бір-бірімен байланыспаған, сол себепті олар күрделі ойды білдіре алмайды, құрмалас сөйлем болмайды. Мұғалім. Дұрыс. Сонымен, кез келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай ала ма екен? Оқушы. Кез келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай алмайды. Тек мағыналары бір-біріне байланысты әрі жақын жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жа- сайды. Мұғалім. Дұрыс. Ал кез келген жай сөйлем құрмалас сөйлемнің компоненті бола ала ма? Оқушы. Мағыналары жақын және бір-біріне байла­ нысты жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жасай ала- тындықтан, солар ғана құрмаластың компоненттері бола алады. Мұғалім. Дұрыс. Мағыналары бір-біріне жақын әрі бір-біріне байланысты жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-бірімен мағыналық байла- ныста болады. Бұл — құрмалас сөйлемнің үшінші өзін­ дік белгісі. Дәл осындай жетекші сұраулар қоя отырып, сөйлем­ дерді талдату арқылы мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемнің тагы да мынадай төрт белгісін танытады: 1. Құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен грам- матикалық байланыста болады. Ол байланыс косымша, шылау, компоненттердің орын тәртібі, өзіндік ннтонаңпясы арқылы байқалады. 2. Құрмалас сөйлемнің эр компонентінің бастауышы (грамматикалық немесе логикалық) мен баяндауышы болады. 3. Ж ай сөйлемнің атаулы түрінен басқалары құрма­ лас сөйлемнің компоненті бола алады. 4. Құрмалас сөйлемнің компоненттері өздігінен аяқ- талған, тиянақты ойды білдіре алмайды, тек біршама аяқталған ойды білдіреді, сондықтан да құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өздерінің жай сөй- лемдік қасиетінен аздап болса да айрылады. Құрмалас сөйлемнің осындай өзіндік жеті белгісінің ішіндегі ең негізгілері, оқушылардың үнемі есте сақтауға тиістісі тертеуі: күрделі ойды білдіретіні; компонентте- рінің мағыналарының жақындығы, байланыстылығы; компоненттердің өз ара грамматикалық байланыста болатыны; құрмаластың бірнеше жай сөйлемнен жасалатыны. Сондықтан да құрмалас сөйлем анықтамасында осылардың қамтылуын мұғалім жіті қадағалайды. Мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемге анықтама бергізгенде, осы төрт белгінің негізінде айтуды талап етеді. Анықтама беруге оқушылардың шамасы жетпей- тін класта төмендегі анықтаманы мұғалімнің өзі айтады: Күрделі ойды білдіретін, мағына, грамматикалық форма арқылы байланысқан жай сөйлемдердің тіркесін құрмалас сөйлем дейміз. Осы анықтаманы асықпай-саспай, жайлап екі рет айтқан соң, оны оқушылар үғып алады. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, оның өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға меңгерткеннен кейін, құрмалас сөйлем мағынасы мен түлғасына қарай салалас, сабақтас, аралас құрмалас болып үшке бөлінетінһу олардың әрқайсысына алдағы сабақтарда ар­ найы тоқталатынын ескертеді. Осылайша құрмалас сөйлем туралы түсінік әңгіме, байқау әдістері арқылы, ойша қорытудың индуктивтдедуктивті түрімен оқушыларға меңгертіледі. Құрмалас сөйлем туралы түсінік мұғалімнің түсінді- руі, байқау әдістері арқылы былайша түсіндіріледі. Алдымен мұғалім оқушыларға мұнан былай құрма- лас сөйлем синтаксисін оқитындығын, бүл қурстың мәні мен мақсатын кіріспе әңгімесінде түсіндіреді де, осы са­ бақта «Құрмалас сөйлем туралы түсінік» деген тақырып- тың өтілетіндігін хабарлап, көрнекі құралды оқушылар­ ға тегіс көрінетіндей етіп іледі. Көрнекі құралдағы ешбір графаның беті бүркеліп жабылмайды. Мұғалім көрнекі құралда- жазылғандар- дың оқушылардың бәріне тегіс көрінетін-көрінбейтінін сүрайды да, жаңа материалды түсіндіруге кіріседі. Мұ­ ғалім жаңа материалды түсіндіргенде, жоғарыда айтыл­ ған жүйемен, құрмалас сөйлемді жай сөйлеммен сал- ғастыра отырып, құрмаластың өзіндік белгілерін, анық­ тамасын танытады.Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде де, индук- тивті-дедуктивті тәсілді басшылықка алады. Оқушылар­ дың сабаққа ынтасын арттыру мақсатымен бірен-саран сұрақтар қойып, жауап қайтарып отырады. Есте бола­ тын нәрсе, жаңа материалды түсіндіру, байқау әдісімен меңгерткенде, өтілетін материалдың мазмүнын мұғалім­ нің өзі айтып беруіне тура келеді. Сонымен, құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушы­ лар санасына қашан, қандай әдіспен түсіндіру мұғалім­ нің қалауына, оқушылардың өткен материалдардан ал­ ған білім көлеміне байланысты. Кластағы оқушылардың өткен материалдардан алған білімі өте жақсы болып және олар әңгіме әдісімен жаңа материалды меңгеруге жаттыққан, дағдыланған болса ғана, балалар мұғалімнің жетегімен құрмалас сөйлем туралы түсінікті саналы мең- гере алады. Мұғалімнің уақытты дұрыс пайдалануына кедергі жасамайды. Ал кластың өткен материалдан ал­ ған білімі нашар болса, сабақты мұндай әдіспен түсін­ діру тиімсіз, өйткені білімі нашар оқушылар мұғалімнің жетектегеніне ере алмайды, қойған сұрауларына жауап бермейді, жаңа материалға байланысты жаңа ой қоры- тындысын шығара алмайды, соның салдарынан мұғалім «Құрмалас сөйлем туралы түсініктен» оқушыға жоғары- дағы көлемде теориялық білім бере алмайды; оған уақыты жетпейді. Мұндай жағдайда түсіндіру әдісі тиім­ ді. Бірақ бүдан мұғалімнің түсіндіруі тек оқушылар білімі нашарырақ класта ғана қолданылады деген жаңы- лыс қорытынды шығаруға болмайды. Ол әдіс оқушылар­ дың білімі жақсы кластарда да өте тиімді. Бұл әдісті қолдана отырып та оқушылар белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін мұғалім жаңа материалды түсіндіру проңесінде оқушыларға бірен-саран сұрақтар қойып, олардың назарын сабаққа аударып отырады. Түсіндіру әдісін теориялық білім көберік берілуге тиісті сабақтарда қолданған жөн. «Құрмалас сөйлем туралы түсініктен» оқушыларға теориялық білім бергенде, аздап грамматикалық талдау да қолданылып отырылады, бірақ ол өтілген материалдар арқылы ғана жүргізілетін болғандықтан, жаңа са­ бақты түсіндірудегі негізгі оқыту әдістерінің қатарында аталынбады. Өйткені қай материал болсын оқушыларға бір ғана оқыту әдісімен меңгертілмейді, бірнеше оқыту әдісін талап етеді. Алайда солардың ішінде сол сабақта негізгі және көмекші оқыту әдістері болады. Құрмала сөйлем туралы түсінік беруде ең негізгі оқыту әдістері мүғалімнің түсінігі, байқау, әңгіме әдістері және ойша қорытудың индуктивті-дедуктивті жолымен жоғарыда баяндалған жүйемен меңгертіледі.

Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:



  1. Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті

  2. Адамның іші қандай болса, іші де сондай.

Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.

Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:



  • Синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;

  • Тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;

  • Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;

  • Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Мәтінді оқыту

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.

2. Сөздіктермен жұмыс.

3. Сөздік қорларын жетілдіру.

4. Тіл дамыту.

5. Ережемен жұмыс

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі улкен.

1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.

2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.

3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.

4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды уйрету керек.

5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.

Дәрісті қорытындылау: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз

  2. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері.

  3. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет