ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет11/14
Дата13.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#3794
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Әдебиеттер:

  1. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001

  2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001

  3.  3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

  4.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

  5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.

Мақсаты: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары туралы білім жетілдру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі неге сүйенеді, оның ғылым ретінде қандай негіздері бар.?

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер, олардың қандай еңбектерін білесіздер?

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қалай дамыды, оның даму сатысына талдау жасаңыз.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына тіл білімінің қандай әсері болды?

  5. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

Әдебиеттер:

1. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары

2. Салқынбай А., Көккөзова М.Қазақтың тілші-әдіскер тұлғалары. Алматы, 2006

 3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005


4.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыт әдістмесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.



Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығын анықтау. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымын айқындау.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығы. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыту оқыту ұстанымына негізделетіні. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Олардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде психологияның алатын орны мен маңызы қандай?

  3. Мұғалім қазақ тілін оқыту барысында қандай психологиялық ерекшеліктерді, талаптарды білуі қажет, оған талдау жасаңыз

  4. Дидактикалық ұстанымдар

  5. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар

Әдебиеттер:

1.   Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005


2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.

3. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


2 модуль. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

3 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау



Мақсаты: Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастаға талдау жүргізу. Қазақ тілін оқыту әдістерімен таныстыру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу). Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастар. Қазақ тілін оқыту әдістері. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерін атаңыз.

  2. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын әдістер

  3. Әдіскер-ғалымдардың ұсынған әдістерін сұрыптап саралу

  4. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістері

  5. Танымдық әдіс түрлері

  6. Оқыту әдістерінің түрлері

Әдебиеттер:

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

 5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
4 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ тілі сабақтары Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар. Сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ тілі бағдарламасы. Қазақ тілі оқулығы. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.

Мақсаты: Қазақ тілі сабақтары және оның құылымы, қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері, бағдарламаның түрлері, оқулықтың жасалу теориясы, Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері, оқу-әдістемелік қосымша құралдар туралы білімдерін жетілдіру.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілі сабақтары және оның құылымы, қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Оқулықтың жасалу теориясы мен жүйелік-құрылымдық сипаты. Оқулықтардағы теориялық материалдардың берілу логикасы. Жаттығу мен түрлері, олардың оқулықтарда орналастырылу желісі. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа оқу-әдістемелік қосымша құралдар: мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, диктанттар мен мазмұндама жинағы, тест жинағы, түрлі сөздіктер, дидактикалық картиналар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика материалдары, сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар жинағы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Орта мектепте оқылатын қазақ тідлі оқулығы қандай талаптар негізінде жазылуға тиіс: теориялық материалдардың берілуі, жатығулар жүйесі, оқу материалдары қандай әдістер мен жолдар арқылы беріледі?

  2. Қазақ тілінің бір оқулығына талдау жасаңыз (мазмұны мен құрлысына, оқушының жас ерекшелігіне, оқулықтағы көрнекілік пен пәнаралық байланыстың қалай берілгегіне көңіл аударыңыз)

  3. Сабақты ұйымдастыру жолдары

  4. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен. Осының ішінен кеспе қағаздар жинағын жасаңыз

Әдебиеттер:

1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

2. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.

3. Көккөзова М., САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.

4. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.

 5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
3 модуль Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі
5 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте фонетиканы оқытудан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары, фонетикалық талдау т.б. туралы білім толықтыру

Әдістемелік нұсқаулық: Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығулар, оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Мектепте фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері мен ұстанымдары

  2. Фонетиканы оқытуды кездесетін қиыншылықтар

  3. Фонетикалық жаттығулар, оның негізгі түрлері

  4. Фонетикалық талдау, оны өткізу әдістемесі

  5. Фонетика сабақтарында көрнекі құралдарды және техникалық құралдарды пайдалану

  6. Фонетикагн оқытумен байланысты орфографиялық, орфэпиялық дағдыларды қалыптастыру

  7. Орфоэпиялық сөздік

Әдебиеттер:

1 Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002

2. Н. Уәли «Ө.Қыдырбаев. Қазақ тілі (сөз мәдениет)». Алматы: Мектеп 2006 ж – 118б

3. Дюсебаев С., Байтелеуова Т.   Қазақ тілі. Алматы: «Мектеп» 2007 ж 7-8б,


4. Шакирова Ж.  Қазіргі қазақ  тілі. Алматы: 2004 ж – 91 б
5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
6 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі. Фразеологияны оқыту әдістемесі

Мақсаты: Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексиканы оқытуда көренкілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырылуы тиіс машық – дағдылар.

Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдарын ұсыну.



Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеті. Берілетін білім мазмұнының көлемі. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде кездесетін лексикалық қателер, оларды болдырмау жолдары. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Лексикалық негізгі ұғымдарды меңгертуде кездесетін қиыншылықтар

  2. Лексиканы оқытудың әдістері

  3. Оқушы тілінде кездесетін лексикалық ортақ қателер

  4. Сөздіктің түрлері, олармен жұмыс жүргізудің тәсілдері

  5. Лексикаға арналған жаттығу түрлері

  6. Сөздің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді оқыту әдістемесі

  7. Омонимдер, синонимдер, антонимдерді оқыту әдістемеі

  8. Диалект сөздер, кәсіби сөздер, термин сөздерді оқыту

  9. Фразеологияларды меңгертуге арналған сабақ үлгісін жазыңыз

Әдебиеттер:

1 Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №3.41-43бб.

2. Жұлдыз 2003ж.№6. 87б.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж. №5. 68б.

4. Қазақстан мектебі 2000ж.№8. 57б.

5. Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 №2 3-9бб.

6. Ахметкәрім Қ. Қазақ тілін оқыту негізінде басқа пәндерді меңгерту. // Ұлағат 2003, №6 47-49бб.

7. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 №12 3-7бб.

8. Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің түрлері. // Қазақ тілі мен әбебиеті 2002. №9 3-12бб.

7 Тәжірибелік сабақ: Сөзжасамды оқыту әдістемесі



Мақсаты: Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану, жаттығулар жүйесі т.б. туралы білім жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, ұстанымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері

  2. Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы ұстанымдары.

  3. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.

  4. Жаттығулар жүйесі.

  5. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану

Әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

2. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.

 3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

4. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


8 Тәжірибелік сабақ: Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту, грамматикалық қателіктерді болдырмау үшін алдын – ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканың ролі, грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері туралы білім жетілдіру.

Морфологияны оқытудың практикалық маңызы, морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесін қарастыру



Әдістемелік нұсқаулық: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, мктепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі, грамматикалық қателіктерді болдырмау үшін алдын – ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканың ролі, грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері, грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері. Талдаудың түрлері.

Морфология – грамматика жүйесінің бір бөлігі екендігі. Морфологияны оқытудың практикалық маңызы, морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі. Морфологияның тілдік фактілердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор екендігі. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфолгиялық талдау.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Зат есімді оқыту

  2. Сын есімді оқыту

  3. Сан есімді оқыту

  4. Есімдікті оқыту

  5. Етістікті оқыту

  6. Үстеуді оқыту

  7. Еліктеу сөзді оқыту

  8. Одағайды оқыту

  9. Шылауды оқыту

Әдебиеттер:

1 Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.

2 Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.

3 «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.

4 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.

5 Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.

6 Ізденіс 2003ж.№4. 129б.

7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


9 Тәжірибелік сабақ. Синтаксисті оқыту әдістемесі Сөз тіркесін оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау түрлері.

Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі туралы білім жетілдіру.



Әдістемелік нұсқаулық: Синтаксис – грамматиканың қөлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары – сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің құраушылары – жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.

Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Синтаксистік талдау әдістемесі.

Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Сөз тіркесін талдау әдістемесі. Сөз тіркесіне байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдерін оқыту әдістемесі

  2. Сөз тіркесінің құрлысын оқыту әдістемесі

  3. Сөз тіркесі синтаксисін оқытуға қатысты еңбектерге сараптама жасау

  4. Синтаксистік талдау түрлері

  5. Сөз тіркесін талдау жолдары

Әдебиеттер:

1 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

2 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.

3 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.

4 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

5.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

10 Тәжірибелік сабақ: Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі



Мақсаты: Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемді талдаудың әдіс – тәсілдерітуралы білім толықтыру.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін игертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер. Сөйлем мүшелерінің орны тәртібінің, кондинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесін талдау.



Әдістемелік нұсқаулық: Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жалаң және жайылма, жақты және жақсыз сөйлемдерді, толымды, толымсыз сөйлемдерді қатысымдық тұрғысынан меңгерту әдістемесі.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Тұрлаулы мүщелерді оқыту

  2. Тұрлаусыз мүшелерді оқыту

  3. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту

  4. Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін оқыту

  5. Оқшау сөздерді оқыту

  6. Жай сөйлемнің түрлерін оқыту

Әдебиеттер:

1Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

2 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.

3 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.

4 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.

 5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

11 Тәжірибелік сабақ: Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі

Мақсаты: Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесін қарастыру

Әдістемелік нұсқаулық: Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.

Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдарын оқыту әдістемеі. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі.

Сабақтас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдарын оқыту әдістемеі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі.Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оны оқушыларға меңгерту. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Салалас құрмаласты оқыту

  2. Сабақтас құрмаласты оқыту

  3. Аралас құрмалас сөйлемді оқыту

  4. Төл сөз бен төлеу сөзді оқыту

  5. Мәтінді талдау әдістемесі

  6. Х.Арғыновтың Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

 2. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

3.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

4. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

5. Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.

6. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000
12 Тәжірибелік сабақ: Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

Мақсаты: Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық талдау, орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері туралы білім толықтыру.

Әдістемелік нұсқаулық: Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.

Мектепте пунктуацияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер және оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет