ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/14
Дата13.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#3794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

2. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.

 3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

4. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

8 Дәріс. Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға игерту. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.

Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы туралы мағлұмат беру.

Жоспар:



  1. Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.

  3. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.

  4. Морфологияны оқытудың ұстанымдары.

  5. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі

Грамматика сабақтарынң мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жинтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілдерінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.

Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуыжайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді

Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.

Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы



Грамматика құрғақ қисын жаттау үшін оқылмайды. Схемалық жолды қуалап, түрлі форманың жалаң артына түсуімен ешнәрсе шықпайды. Осы сияқты, бір қыңыр мағынасын қуалап, түрден қол үзіл қалуға да болмайды. Екі жағын тең ұстау керек болады. Грамматиканы оқытқанда, мағына мен түрін тең алып бару ғана негізгі мақсатымыздың бәрін шешіп бере алмайды, сондықтан тек бұл екеуімен қанағаттанып, жайбарақаттануға тағы болмайды.

Грамматика жалаң грамматика үшін, оның мағынасы мен түрі үшін ғана оқылмайды. Тұрмысымызға керектігі үшін, бүгін таңда грамматикадан алған білімімізді социалистік құрылысымыздың қай саласына болса да қару етіп жұмсауға күшіміз жету үшін оқылады. Екінші, грамматика оқыту үстінде оқушылардың шығармалық талантына да көмек беріліл, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушылардың осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіл ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматика оқытушының кемшілігінен деп білуіміз керек.

Үшіншіден, грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматиканың әр тараулы білімін жаттықтыруда өзіне сай мөлшерде көркем әдебиеттен көніктіру үзінділері алынып отырылады. Бұл әрі дұрыс, әрі анық оқу, жете түсініп талқылау керек болады. Бұл жерде грамматика мен көркем шығармалар бірігіп, бір-біріне көмек етеді. Оқушылардың жан-жақты білім дамуы күшейеді.

Осы айтылғандардың бәрін бір бүтін етіп, бір жерге түйіп оқытқанда грамматикадан көздеген мақсат толық орындалуы мүмкін. Әдебиет тілімізді өркендетуге грамматика мұрындық болуы мүмкін.

Бұл арада тағы бір тоқтамасқа болмайтын мәселе, сауаттылығымыздың нашар болып келгендігі. Осы күнге шейінгі орталау мектепті бітірген оқушыларымыздың бір қатары қатесіз жаза алмайтын болып келді. Бұл да тек ылғи қисын жаттаудың әлегінен туған кемшілігіміздің бірі еді.

Кім не туралы жазса да, өзінің қара басы үшін жазбайды. Басқалар үшін, халық үшін, қоғам үшін жазады... Қате жазу деген тек еңбегінің пайдаға аспай қалғандығымен ғана шектеліп қалмайды... Өркендеп келе жатқан әдебиет тілімізді шұбарлайды, бұзады. Қатесіз жазу үшін күрес - әдебиет тілімізді өркендету үшін күрес екендігін естен шығаруға болмайды...

Дұрыс жаза білмейтін адамды сауатты адам деуге болмайды. Ондай адам сауатсыз саналады. Міне, осындай мықты адасудан құтылу үшін оқушылардың сауаты аса мол болып, қатесіз жазуға төселіп шығуын мұқият бақылауға тиіспіз. Грамматиканы сабақ үстінде өткізудің жалпы тәртібі қандай болуы керек?

  1. Грамматикадан оқылатын күнделікті сабақтың материалдары
    сатылы жүйелі жолмен өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі.

  2. Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толтырып, дами барылады. Сабақтың мазмұны күрделене,
    жеңілден ауырға көшіле барылады.

  3. План бойынша өтілетін әр теманың мақсаты түсіндіріліп, алдын
    алады. Өтілетін теманың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі.

  4. Грамматиканың әр өрілетін материалы тек түсінікпен,болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс
    жүзінде, прак
    тикада жаттықтырылады. Өтілетін материалдарға қарай, оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі.

  5. Грамматиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды
    қ
    ұбылыс екендігін ашыла барылады. Қоғамның экономика, мәдениетіне, кәсіп өндірісіне, өз ара қатынасына қарай тілдің
    өсіп, жетілгендігі бақылата барылады.

  6. Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса
    датүрі, мазмұны бірдей байланыстырылып жүргізіледі. Бұлардың бір-біріне байланысты өсіп дамуы, бір түрге, бірнеше мағына, бір мағынаға бірнеше түр келіл тіркесуінің себебі ашыла барылады.

  7. Тілдің мағынасы да, түрі де қоғам тұрмысына байланысты, әр
    кезеңдегі қоғамда, өндіріске қарай, құбылып отыратындығы зерттеледі. Мысалы: «жарыс», «ақсақал»-дың қазіргі мағынасы
    жаңа, біріккен, тұжырымды сөз түрлерінің шығуын айту сияқты.

  8. Грамматикалық атауларға жетілдіру. Осы күнге шейінгі ала-құла
    болып келген атаулардың бір ізге түскендеріне жаттықтыру жаңа
    бұл атаулардың не үшін олай аталатындық мәнісін ол атаудың неге қарап қойылғандығын тани бару.

  9. Грамматиканың бөлімдерін бір-бірімен бөліп алып кетпей
    (фонетика, морфология, синтаксис-пунктуация) байланыстырып, араларындағы жақын қатыстарын аша отыру. Бірінен бірі
    құралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін әбден мұқияттау.

10. Граматика мен көркем шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші
ете бару. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере
аларлық халге жеткізу. Міне, грамматиканың күнделік сабақ үстінде, оқыту процесінде, ескерілуге керек жағдайлары қысқаша айтқанда, осылар.

Морфология – грамматиканың үлкен саласы, сондықтан ол қамтитын мәселелердің барлығы тіл дамытуға қатысты. Өйткені морфологияның нысандары – олардың тілде қолданылу заңдылықтарының қорытындысы. Тіл дамыту сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтап, тіліміздің морфологиялық заңдылықтары бойынша сөйлеуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тіл дамыту жұмысы грамматикалық заңдылықтармен байланысты жүргізілуі тиіс. Морфологияны оқытуда студенттер тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды студент тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделді. Студенттер тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды. 
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету құрлысының негізін қалайды.

Әлі күнге шейін біздің біраз оқытушыларымыз грамматиканың орнын, оны оқытудағы негізгі мақсаттарды ұғынып жете
алмағандығы, ұғынса да толық орындап жүре алмағандығы байқалады.
Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылды. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу студенттің грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді (мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б.) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да студенттің морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді. Шешен билер сөздерінен үзінділер алып, ондағы әр сөздің грамматикалық мағыналары қай сөз табына қатысты екендігін айтқызуда да грамматикалық тапсырманы орындаумен қатар, билер сөзінің мәніне көңіл аудару студент тілінің толығуына әсер етеді. Студенттер мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел, шешендік сөздер арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалы болды.Тәжірибеде морфологиялық тақырыптардың әрқайсысына қатысты жаттығу, тапсырмаларда синоним, антоним, омоним сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді көбірек қолданып, жаттығу мәтіндеріндегі сөздерге морфологиялық талдау жасата отырып және ретіне қарай ол сөздермен мағыналас, қарсы мағынадағы немесе омоним болып келетін сөздерді тапқыздырту секілді жұмыстар жүргізілді. Осындай бағыттағы тапсырмалар антоним сөздерге де қатысты жүргізілді. Ғалымдар Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты оқулығында «Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне–көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы»,-деп көрсеткен. Ал Н.Оралбай сапалық сын есімдердің тағы бір қасиеті олар бір-бірімен антонимдік қатар құрайды, бұл қасиет қатыстық сын есімдерде жоқ екендігін, яғни сын есімнің нақты қай тобында антонимдік қатар болатындығын айтқан. Бұдан сөз таптарының ішінде, негізінен, сын есімдерде антонимдік қатарлар жиі кездесетіндігі, ал қалған сөз таптарында сиректеу болатындығы байқалды

Дәрісті қорытындылау: Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:



  1. Грамматиканы оқытудың мақсаты.

  2. Морфологияны оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз

Әдебиеттер:

1 Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.

2 Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.

3 «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.

4 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.

5 Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.

6 Ізденіс 2003ж.№4. 129б.

7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


9 Дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі Сөз тіркесін оқыту әдістемесі



Мақсаты: Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігін атап өту. Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру.

Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айырта алуға үйрету. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орнын көрсету.

Жоспар:


  1. Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі

  2. Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.

  3. Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі.

  4. Синтаксистік талдау түрлері.

  5. Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.

Синтаксис – грамматмканың морфологиядан кейінгі бөлімі. Тілдің қатынас құралы деп сипаттама бергенде, сол сипаттамаға сәйкес келетіе тілдік бірлік синтаксис болады. Тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелерінің бәрі тек синтаксис ардықы қатынас құралы құрамына ене алады. Синтаксис тілідің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелеріне сүйене, оларды жинақтай әрі олармен дидактикалық тұтастыққа ене отырып, адамның ойын қалыптастыруды, оны жарыққа шығарып, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

Өздеріңізге мәлім, синтаксистің «сөйлем», «сөз тіркесі» деген екі үлкен обьектісі бар. Сөйлем дәрежесінде с –с тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, осы тұрғыда ол – тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Демек, с-с курсының мектепте оқытылуының тілдік жүйе түрінде түсініп біліуінде үлкен маңызы бар. Синтаксистік бірліктер, алдымен сөйлем, бірініші сыныптан бастап оқытылады. Оның жүйелі курсы 5-7 сыныптарда, 6-7 сыныптарда әр сөз табының синтаксистік қызметі оқытылады.

Мектепте синтаксисті оқытудың міндеттері:


  • Синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесін саналы қабылдау негізінде ана тілінің құрлысы жайында оқушыларға саналы білім беру;

  • Тілдің синтаксистік нормаларына сәйкестік тұрғыда оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту;

  • Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;

  • Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай қабылдауына негіз қалау;

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, тілдіктәсілдер арқылы, оның материалын оқып үйрену арқылы оқушыларға тәрбие беру.

Синтаксистің лингвистикалық-дидактикалық негіздері. Синтаксистің мектеп курсының мазмұнын негізгі синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесі болады. Ұғымдар мен ережелер нақты тілдік материядан тыс қаралмайды. Синтаксистің әдістемесі үшін теориялық-дидактикалық материалды сұрыптау, түсіндіру және ұйымдастыру принциптері негізгі мәселе болып табылады.

Синтаксисті оқытудың қазіргі теориясы мен практикасы мына принциптерді жүзеге асыру: синтаксистің мектеп курсындағы ғылыми проблемасы, оқытудың ғылыми прингципі - дидктикалық дәлелдеуді ғылыми дәрежеге көтеру мәселесі. Синтаксис мазмұнының дәрежесін көтеру дегенді қалай түсінуге болады? Бұдан теориялық мағұлұматтардың көлемін ұлғайту деген ұғым тумайды, керісінше, теориялық және практкалық материалды сұрыптағанда барынша тілдік шындықты қамтитындай түсінік, талдау, ой қорыту болу керек. Бұл мәселені шешу синтаксистің мектеп курсындағы мазмұнын тіл туралы қазіргі ғылыммен жақындату болып табылады.

Мектептегі с-с курсын қазіргі ғылыми тұрғыдан жаңа мағлұматтармен толықтыру немесе жаңаша түсіндіру керек. ......( айтылу мақсатына қарай..... сөз тіркесі өз алдына қарастырылмайтын, 1950 жылдан бастап.......)

Сонымен ғылми синтаксисте сөйлем мен сөз тіркесі бір-бірінен ажыратылып, оған сәйкс олардың анықтамалары арқылы обьектілері белгіленеді. Сөйлем – тілдің біршама тиянақты ойды білдіретін, сондықтан да қарым-қатынас жасайтын синтаксистік бірлігі болса, сөз тіркесі – зат, құбыоыс, іс-әрекет жайында кеңірек түсінік беретін, бірақ өздігінен қарым-қатынас жасай алмайтын синтаксистік бірлік болады. Ол қарым-қатынас жасауға сөйлем құрамына неу арқылы қатыса алады. Бұлар өздерінің құрылымы, қызметі мен ойлаудың қатысы жағынан бір-бірінен ажыратылады.

Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын оқушыларға түсіндіру әдістеменің міндеті болса, бұларды негізгі айырым белгілеріне қарап салыстыру қажеттігі туады. Мектеп оқулығында сөйлем де, сөз тіркесі де қызметі, құрлысы және грамматикалық мағынасы жағынан сипатталады. Сол арқылы оқылып отырған материалды саналы меңгертуге жағдай жасалады. Сөз тіркесін оқытқанда, оқушылардың назарын сөздердің тіркесушілік мүмкіндігі мен талаптарына, олардың бір-бірімен байланысу нормаларына, жай және күрделі сөз тіркестерінің алуан түрлі модельдеріне, синтаксистік байланысқа түскен сөздердің арасындағы қарым-қатынасына көңіл аудару қажет.

Синтаксистің жүйелілік мәселесі. Белгілі обьектіні оқытуда жүйеліліктің болуы – мәселені ғылыми тұрғыда қарастырудың айрықша белгісі. Мектепте синтаксисті оқытудың жүйелілігі тек синтаксистік теориямен ғана емес, дидактикалық принциптермен де (жалпы мен жекелік ұғымдардың қатынасын оқыту), сондай-ақ ана тілінің құрлысын жете түсініп меңгеру заңдылығымен де белгіленеді. Ұғымдардың ғылыми жүйесі жалпыдан жекеге қарай деген принцип бойынша құрылады, синтаксистің негізгі бірліктері анықталып, олардың негізгі белгілері көрсетіледі.

Бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарда алдымен сөйлемнің белгілері санамаланып анықталады. Бұл аталған белгілердің әрқайсысы сөйлем түрлерін қарастыруға негіз болады. Мысалы, айтылу мақсатына қарай ( қарым-қатынастық бағдары), сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінсе, сөйлем соңындағы интонациясына қарай хабарлау, сұрау, бұйрық, өтігіш түріндек құбылады. Грамматикалық негізіне қарай екі тұрлаулы және бір тұрлаусыз мүщелі сөйлем, ал тұрлаусыз мүщелердің қатысу-қатыспауына қарай жалаң және жайылма болып, грамматикалық негіздерінің санына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Материалды осылай ұйымдастырып орналастыру тіл құбылыстарының арасындағы өзара байланыстылықты, олардың бір-біріне сатылай бағынуын анықтауға негіз болады, бұл сияқты байланыссыз шын мәніндегі жүйелілікті де, оқу материалын терең әрі берік меңгеру қажеттігі де болмайды.



Қазақ тілінің басқа салалармен синтаксистік өзара байланыстылық мәселесі. Синтаксисті оқыту кезінде оқушылардың лексика, сөз тудыру, морфология салаларынан алған білімі мен іскерліктерін жандандыру, ол үшін сөз өзінің лексикалық сағынасымен,сөз тудырушылық құрылымымен, морфологиялық қасиетімен синтаксистік категорияларды жасауға қатысатындығын саралап көрсетеді. Синтаксистік ұғымдарды лексикалық немесе морфологиялық ұғымдармен тепе-тең деп қараудан, синтаксисті формалды түрде қабылдаудан сақтандыру тұрғысынанда оқытуды ұйымдастыру қажет.

Мысал үшін сөз тіркесінің грамматикалық мағынасын, оның тұрлаусыз мүшелермен байланысын және бұлардың мектепте оқытылу әдістемесін алап қарайық. Сөз тіркесінің көлемінде әр деңгейдегі тілдік категориялардың өзара байланыстылығы айқын байқалады. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы:



  1. Басыңқы компоненттің қай сөз табынан болғанына тәуелді болады: білгенге маржан, білмеске арзан

  2. Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасына тәуелді болады: тауға қарады, тауға шықты

  3. Басыңқы компоненттің морфологиялық тұлғасына тәуелді болады: атқа міну, атты міну

  4. Бағыныңқы компоненттің ексикалық мағынасына тәуелді болады: дүкенге бару, нанға бару

  5. Сөз тудыру тұрғысында басыңқы компоненттің басқа сөз табындағы сөзбен сәйкесиігі: ойынға құмар, ойынға құмарлық

Сөз тіркесінің тұрлаусыз мүшелерге қатынасын қалай түсінуге болады? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, оның грамматикалық негізі болса, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, олардың өзі қатысты мүшелерімен байланысы, мағыналық қарым-қатынасы сөз тіркесіндегі бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің байланысы мен мағыналық қарым-қатынасына сүйенеді. Басқаша айтқанда, тұрлаусыз мүшелер мен сөз тіркестері белгілі дәрежеде өөзара байланысты болады. Сөз тіркесіндегібайланысу түрі мен мағыналық қатынас сөйлем құрамына енгенде де сақталып, бағыныңқы еомпонент сол мағынасына сәйкес анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы компонент сөйлемде басқа мүшелермен байланысу түріне және орын тәртібіне қарай әртүрлі мүшенің қызметін атқарады.Мысалы, Жастық туралы сөйлесу деген тіркес сөйлем құрамында: бағыныңқы компоненті жастық туралы жанама толықтауыш болады да, сөйлесу деген басыңқы компоненттің ыңғайына қарай баяндауыш болады. Т.б...Бұдан шығатын қорытынды: тұрлаусыз мүшені оқытқанда, оқушыларға сөз тіркесіндегі білімдері мен дағдыларын еске алып, солардың негізінде оқытып дағды беру қажет. Рас, сөз тіркесінде оның компоненттерінің арасындағы қатынас сол сөздердің лексикалық мағыналарына сәйкес нақтылықты білдіреді, сонымен қатар ол жалпы грамматикалық қатынас тұрғысынан да қаралады. Сөз тіркесінің бағыныңқы компоненті сөйлемде негізінен грамматикалық қатынас бойынша тұрлаусыз мүшенің мағыналық қатынасы болып есептеледі. Сөз тіркесінің жекелік мағынасы кейбір тұрлаусыз мүшенің өз ішінде мағынаға бөлінуінде ғана ескеріледі.

Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:

1. Көшіріп жазу жаттығулары.

2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.

3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.

6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.

8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.

10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.

12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.

13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.

14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.

15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.

16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.

Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет