Бақылау сұрақтары: Фердинанд де Соссюрдің тіл білімі саласына қосқан үлесі қандай?
Ғалымның ең негізгі еңбектерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№10 дәріс тақырыбы: Француз әлеуметтік лингвистикасы
Социологиялық бағыт туралы түсінік
Француз әлеуметтік лингвистикасы
Социологиялық мектеп . Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығн, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да басқа айтқан. Дегенмен , бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Тіл қоғаммен байланысты, тіл-қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ баскезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық лингвистикадген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері-Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960),Э.Бенвенист (1902). Мектептің социологиялықдеп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл –қоғамдық , әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамыбар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысты қаралу керек деп санайды.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін, оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқтатылып өтейік .
Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі терең де жан –жақты зерттелген. Француз тілінің ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттеп отырып, Лафарг ұғымының, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді болатындығындәлелдейді. Ол –тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.