Бақылау сұрақтары:
1. Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистикасы нені зерттейді ?
2. Неолингвизм қашан қалыптасты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№9 дәріс тақырыбы: Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
1. Фердинанд де Соосюрдің өмірбаяны
2.Еңбектері мен лингвистикалық көзқарастары
Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде.
Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.
Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол – тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды.
Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек – бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |