Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет15/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Бақылау сұрақтары:

  1. Социологиялық бағыт туралы түсінік беріңіз

  2. Француз әлеуметтік лингвистикасының өкілдері кімдер?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
11 дәріс тақырыбы: Америкалық этнолингвистика

1. Дескриптік мектептің қалыптасуы


2. Металингвистиканың зерттеу нысаны
3. Америкалық этнолингвистиканың қалыптасуы

Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.


Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарихы дегендер ескерілмейді. Дескриптивтік мектеп-тілдік текстерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән береді. Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдісті дүниеге келуіне себепші болған индеецтер тілдерін ең алғаш зерттеген адам –Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858-1942). Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік психалогияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінез -құлықты ғана зерттеу керек, ал мінез-құлық дегеніміз-организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.
Дескриптивистер тіл –ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика,деп аталатын салаларды қамтиды. Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.
Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Америка этнолингвистикасы. Ф. Боас және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л. Блумфилд, Л. Блумфилдттің постулаттар қағидасы. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар). Сепирдің модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері: Ф. Боас, Э. Сепир, С. Лэм, Б. Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Микролингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

  2. Дескриптік мектеп қалай қалыптасты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет