Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі


Фердинант де Соссюр Швейцар



бет14/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Фердинант де Соссюр Швейцартіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің пофессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. Де Соссюрді, әдетте , тіл біліміндегі циологиялық мектептің негізгі салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан–жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепцияжасаған адам. Ғылымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде. Ф.Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек Ф. Де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916жылы басылып шықты.
Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт т.б. болды. ХХ ғасырда бұл мәселені КСРО-да зерттеген Л. П. Поливанов, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин және т.б. ғалымдар. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902). Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А. Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А. Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет