Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22,
Қосымша әдебиеттер: 3, 10, 16,18..
Дәріс тақырыбы №12. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
Мәнерлеп оқудың тәсілдері: негізгі дауыс сарыны (тоны), интонация (айтылу мәнері) және оның компонентері. Интонацияның ең кіші бөлшектері. Интонация – естілетін сөздің мәнерлегіш тәсілдерінің біріне жатады. Олар (дауыстың қатты, жай шығып құбылуы- дайыс күші, кідіріс, дауыс қарқыны, сарын т.б) сөз дыбыстарымен қосақтала ілектесіп айтылады да үстемге мәнгі ие болады, бірақ сөз дыбыстарындай жеке-жеке ажыратылмайды және сөздің материалдық қабығынан тыс өмір сүрмейді.
Екпін түскен буын екпінді буын делінеді. Сөзге екпін түсуіне қарай барлық тілдер екіге бөлінеді:
лебізді динамикалық
музыкалық не тоникалық
Кідіріс – деп сөз түйіндегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес.Ол әдеби текстің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады.
Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күшіне оның аса қатты шығуы деп ұқпау керек, ол дұрыс емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтығы, тазалығы , оны игере білу, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қатты сөйлеуден ақырынға , керісінше ақырынан қатты сөйлеуге көше білу.
Орыс ғалымдары интонация жөнінде тұжырымды пайымдаулар айтқан. Белгілі тіл маманы, ғалым А.М.Пешковский «Интонация және грамматика» деген мақаласында ырғақты және сөз мелодикасын интонация аясында қарастырады. Ғалымның айтуынша интонация, біріншіден сөздің эмоциялық жағын білдіріп, екіншіден сөйлеудің сөздік құрамын байқатады. Үшіншіден интонация сөйлеудің грамматикалық жағын қамтиды. Тұтастай алғанда Пешковский интонацияны екі тұрғыдан қарастырады:
Интонацияның ең кіші бөлшектері буын мен ырғақ болып табылады.
Ең үлкен бөлшектері – жай фраза мен күрделі фраза.
Көрнекті ғалым Б.В.Томашевский интонацияны «айтылу мәнері» деген. Ал қазақ топырағында сонау отызыншы жылдардың өзінде аса ірі тюрколог Қ.Жұбанов «Сөз сазы» деп атаған.
Интонация – естілетін сөздің мәнерлегіш тәсілдерінің біріне жатады. Олар (дауыстың қатты, жай шығып құбылуы- дайыс күші, кідіріс, дауыс қарқыны, сарын т.б) сөз дыбыстарымен қосақтала ілектесіп айтылады да үстемге мәнгі ие болады, бірақ сөз дыбыстарындай жеке-жеке ажыратылмайды және сөздің материалдық қабығынан тыс өмір сүрмейді. Бұлардың реңк үстейтін қосалқы дыбыстар десе де болады.
Интонация арқылы орындаушы тыңдаушыларға әдеби көркемшығарманың мәнін ашып береді. Кейіпкерлерді, олардың көңіл күйін , мінез-құлқын , іс-әрекетін суреттейді, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын да білдіре кетеді. Айтылу мәнері арқылы орындаушының поэтикалық образдарды да табиғат көрінісін, оқиға өтіп жатқан жағдайды да өрнектейді.
Тексті оқып не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық мазмұнына байланысты болмақ. Текті оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.
Психологиялық кідірістікөркем шығарманың мысал жанрын оқығанда қолдану тиімді шықпақ. Мысалдыңөткір сатиралық мазмұнына орай орынды қойылған психологиялық кідіріс мысалды онан сайын үшкірлей түспек. Бұған «Түлкініңесекті жоқтап жылауы» деген мысалдың мынадай бір жолдарын алайық.
«Бір күні жортып келе жатқан түлкі өлген есекті көреді. Қараса өзі танитын есек болып шығады. Қасына кеп, басын құшақтап еңіреп жылайды кеп, жылайды кеп. Мұны көргенкүшігі таң қалып, әкесіне: - Әкебір есек өлді, қалды, оған несіне сонша көз жасыңды бұлайсың?» - дейді. Сонда қарт түлкі: - Е, балам, мұны ойлайтын әкеңнің де бар басы. Менің «Түке»деп атаныпжүргенімсол есектердің арқасы П» - депті. Осындағы «Менің Түке атанып жүргенім сол есектердің арқасы» дегеннен кейінгі психологиялық кідіріс хайуанат образы арқылы аллегориямен берілген астарлы ой түйіні тыңдаушыларды ойландырады.
Психологиялық кідіріс тыңдаушыларғакүшті әсер етеді. Сондықтан оны орынды жерінде, қажет деп тапқан да ғана пайдалану тиімді болмақ. Бұл толастарды таба білу әр-бір орындаушының көркемдік талғамына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |