Пәннің оқу бағдарламасы – SҮllaвus


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26



бет28/58
Дата15.12.2021
өлшемі486 Kb.
#101557
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
teoriya i tehnologiya razvitiya rechi (2)

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26.

Қосымша әдебиеттер: 3, 10, 15,16.
Дәріс тақырыбы №13. Сөйлеу техникасы, оның мәнерлеп оқудағы маңызы.

Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.

Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция жатады.

Тексті мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.

Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.

Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, тіс, ерін, иек, т.б.

Өкпе-тыныс мүшелерінің бастысы. Өкпе көрік сияқты, бірде ауаны сыртқа теуіп, бірде ауаны ішке тартып тұрады. Өкепеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармадарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді де, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Сөйтіп тыныс мүшелері қызметітінің бірі-дем шығару, екіншісі демді ішке тарту болады.

Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ-кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруына діріл пайда болып, үн шығарады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқаншақ қуысы бар. Бұл ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасады.

Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады.

Дыбыстау мүшелерінің бір бөлігі жылжымалы келеді. Олар-актиив мүшелері. Бұлар түрленіп, қүбылып тұрады. Алуан түрлі дыбыстардың барлығы актив мүшелердің қимылы арқылы жасалады.

Тіл дыбыстарын, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы білу шарт. Дыбыстардың анатомиялық-механикалық жақтарын білудің теориялық мәнімен бірге практикалық маңызы да бар.

Тыныс. Сөздің айтылуы тыныс мүшелері арқылы іске асады. Дауыстың таза, әсем шығуы және түрлі реңкте құбылуы дұрыс тыныс ала білуге, яғни ауаны ішке жұту, сыртқа шығарумен байланысты. Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі, ал диафрагма төмен түседі. Ауа өкпеде іркіледі де, сөйлеу кезінде біртіндеп үнеммен сыртқа шығады.

Тысыс алудың үш түрі бар: диафрагма арқылы, көкірек арқылы, қабырға арқылы тыныс алу.

Дауыс. Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда, ең алдымен ауа жұтады, рдан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.

Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне көкірек қуысы, таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ,м кеңсірік жатады. Дауыс күші үн шығаратын дыбыстардың резонаторларға қарай бағытталғанына және резонаторлардың болуымен байланысты шықпақ.

Дауыста оның биіктігі, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.

Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.

Дикция. (үн реңі) тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет