Пәннің оқу бағдарламасы – SҮllaвus


Дәріс тақырыптарының тезистері



бет6/58
Дата15.12.2021
өлшемі486 Kb.
#101557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
teoriya i tehnologiya razvitiya rechi (2)

2.2. Дәріс тақырыптарының тезистері.
Дәріс тақырыбы №1. Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері.

Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар. Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.

Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады. Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады. Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет