ПӘннің ОҚу бағдарламасы (Силлабус)



бет1/10
Дата01.04.2017
өлшемі2,07 Mb.
#12790
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

СИЛЛАБУС




Силлабус

«Абайтану» пәнінің оқу бағдарламасы



№ __ басылым______

Силлабус 042-__-1.____/01.2016







ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Силлабус)


«АБАЙТАНУ»
«5B050400» Журналистика мамандықтары

бойынша ІІ, студенттері үшін



Семей, 2016 ж.



Кіріспе

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Болесова А.Е. – қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

_____________ «___» ___________20___ жыл.


2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.


Төрайым _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.


4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 1 БАСЫЛЫМЫ



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет:

Болесова Ажар Ерсингазыевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагогика магистрі

Кафедра: «Қазақ әдебиеті»

Байланыс ақпараты: телефон: 87778516358, gabit_azhar@mail.ru

Сабақ өтетін орын: №1 оқу ғимараты, 802-аудитория, Кредит саны: 3





    1. Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұраларын меңгерту. Абайдың өмірі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі бір жүйелі дәрежеде толық та, кең көлемде мағлұмат беріледі. Ақын өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Ақын шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беріледі.
1.3 Пәннің мақсаты:

пәнді игеру үшін дағды мен білім студенттерге берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері.

Курстың теориялық бөлімінде қазақ әдебиеті тарихын жаңаша бағамдау пәнін ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны, , басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.



1.5 Пәнді оқытудың нәтижелері:

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығы мен танысып, абайтану ілімі жайлы білімін тереңдетеді.


1.6 Курстың пререквизиттері

Қазақ әдеби сын тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихы
1.7 Курстың постреквизиті:

Қазақ баспасөзінің тарихы



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

1 Кесте




Тақырыптар атауы

сағаттар

әдебиеттер

Дәріс

Тәжір

СТС

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7




1.Модуль. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті.
















1

Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары

2

1

1,5

5

16, Б. 3-9

12, Б. 3-8

3, Б. 3-11

4, Б. 3-12




2

Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.

2

1

1,5

5

1, Б. 12-23

2, Б. 8-37

3, Б. 11-20

4, Б. 12-23



3

Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай – ойшыл, философ ақын.

2

1

1,5

5

16, Б. 25-37

4, Б. 64-68

8, Б. 23-38

9, Б. 63-67






Абай - өз заманының жыршысы.

Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. Абайдың заманы


















4

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны

2

1

1,5

5

15, Б. 37-53

4, Б.38-78

5, 24-28


5

Ақын мұрасындағы табиғат тақырыбы. . Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген Абай.

2




1,5

5

2, Б. 53-61

4, Б. 80-92

5, Б. 20-24


6

Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті.

2

1

1,5

5

2, Б.63-68

9, Б.92-125

5, Б. 25-37


7

Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары

2

1

1,5

5

2, Б. 52-68; 79-132

4, Б. 126-134; 134-166

7, 38-41























8

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары. Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыс ақындарына еліктеуден махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшуі.еті.

2

1

1,5

5

8, Б.133-148

4, Б. 166-183

5, Б. 42-45


9

Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

2

1

1,5

5

2, Б. 148-164

7, Б. 183-190

16, Б. 46-48


10

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

2

1

1,5

5

12, Б. 164-178

14, Б. 191-207

16, Б. 95-120


11

Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

2

1

1,5

3,5

3. Б. 179-200

4, Б. 207-222

6. Б. 121-132





Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..
















12

Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

2

1

1,5

3,5

2, Б.200-322

4, Б.222-333


8, Б. 12-24

13

Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы. Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. «Абай» журналының жарық көруі

2

1

1,5

3,5

2, Б. 200-322

4, Б. 222-333

10, Б. 64-71


14

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.Отызыншы жылдарда Абай шығармалары жөнінде іргелі ғылыми зерттеулердің туа бастауы. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырап, бастырып, насихаттау ісіндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы

2

1

1,5

3,5

2, Б. 322-331

4, Б. 333-344 7, Б. 72-81



15

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары. Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыс ақындарына еліктеуден махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшуі.еті.

2

2

1,5

3,5

2, Б. 332-349

4, Б.344-358

5, Б. 82-86



3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОЖСӨЖ мақсаты – тіл дамыту әдістемесі саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.

ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • тіл дамыту әдістемесі және оның ерекшелiктерi туралы.

Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.



5 ПӘН САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.


6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

«Балалар әдебиеті » пәнінің ұпайларға бөлінуі Кесте 2

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

І аттестация

ІІ аттестация

Дәріс

30 ұпай

30 ұпай

Семинар




15

15

15

20

20

20

10

10

10

15

15

15

15

15

ОСӨЖ




10




10




10










10




10




10




СӨЖ







25




25




25










25




25




25

Аралық бақылау


60 ұпай



60 ұпай

Барлығы

300 ұпай

300 ұпай

Емтихан

400 ұпай

қорытынды

1000 ұпай




  1. ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(1945,1954,1957,1977 және 1995 ж.ж толық жинағы)

2. Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

3. Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.

5. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу, мақалалар 20 томдық.- Алматы: Жазушы,1987.

6. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б.

7. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. – 448 б.

8. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004.

9. Мұхаметханов Қ.Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993-224 б.

10. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б.

11. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 1988.


Қосымша әдебиет:

12.Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

13. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

14. Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

15. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны.

16. Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

17. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1 т,1959.

18. Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б

19. Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

20. Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

21. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

22. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

23. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

24. Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б.

25. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

26. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

27. Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б.

28. Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 005.

29.Ердембеков Б

30.Оразалин К. Абайдан соңғы ақындар. «Жұлдыз», 2000ж. №6.

31.Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. Алматы, 1971

32.Ысмайлов Е. Ақындар Алматы, 1956

33.Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, 1988

1-дәріс

Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану.

Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б.

Сабақтың жоспары:


  1. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы

  2. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады.

Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды »(1) - деген қорытынды жасайды.

Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де баруы осымен байланысты болса керек.

Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған.

Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысында талдайды.


Бекіту сұрақтары:

    1. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады?

    2. Абайтану пәнінің мақсаты?

    3. Абай мұрасын танытудағы еңбектер?

Әдебиеттер тізімі:

1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж.

2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж.


Дәріс №2 Ақынның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру.

Тірек сөздер:ақын, философ, медресе, уез,жүз,ру.

Сабақтың жоспары:

1.Абайдың өмірі

2.Абайдың шығармашылығы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,


Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,


Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.


Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткеніндей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.


Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.

Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.

Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.


Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.

Бекіту сұрақтары:

1 Абайдың ақын болып қалыптасуына ықпал еткен кімдер?

2.Абайдың балалық шағы қай жерде өтті?

3.Абайдың шығармаларының тақырыбы?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет