Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет44/54
Дата05.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#17514
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Шабуылдауда доппен ойнау тәсілі. Допты саусақтарының арасын кең ашып, екі қолдап жан-жағынан қаусыра ұстайды. Допты дұрыс ұстай білуге үйрету: допты алып, оны жоғары көтеріп, тізе тұсына қарай шапшаң түсіру, содан соң қолды түзу ұстап допты оңға қарай көтеріп, шапшаң қимылмен солға ауыстырып, екі жаққа қарай шеңбер жасай ауыстыру. Допты саусақпен ғана, алақанның жоғары жағына тигізбей ұстау керек екендігін есте сақтаңыз.
Допты қағып алу. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып, допқа қарай бір аяқпен қадам жасап, саусақтарды кең ашып, допқа қарай қолды түзу, еркін созу керек. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп, допты кеудеге қарай жылжытады. Биікте ұшып келе жатқан допты қағып алуды дәл осылай жасалады, тек доп жылдамдығын бәсеңдететін қимыл алдынан – жоғарыдан жасалады және осыдан кейін допты кеудеге қарай түсіреді.
Жүгіріп бара жатқан ойыншының соңынан ұшып бара жатқан допты қағып алу үлкен қиындық туғызады. Жүгіру жылдамдығын төмендетпей, доп келе жатқан жаққа қарай иық пен басты аздап бұру керек те, дәл осы сәтте сол жаққа қарай қолды созу керек. Саусақ допқа тиісімен, оны сырғанатып өзіне қарай тартып, екінші қолмен ұстап қалады.
Төмен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай төмен созылу керек және мұнда аралары ашылған саусақтардың төмен, ал алақанның алға, ішке қарауын қадағалау керек. Траектория бойынша доппен амартизациялық қимылдар жасалады: тізеге-ішке-кеудеге, оңға немесе солға ұшып бара жатқан допты бір қолмен қағып алады, өзіне қарай жылжытып екінші қолмен ұстайды. Осыдан кейін доп кеудеге қарай өткізіледі, себебі осы жерден әперуде, лақтыру да қолайлы.
Допты әперу. Ойында кеудеден екі қолмен және бір қолмен әперу қолданыстары кеңінен таралған. Кеудеден екі қолмен әперу бастапқы қалыпта доп қарсыластан қауіпсіз жерде екі қолмен ұсталып тұрады, әперудің бұл түрі нақты да сенімді, оны бір орында тұрып та, қозғалыста да орындай беруге болады. Әперудің бұл түрінде доппен өзіне қарай жоғары-төмен түйін тәрізді кең емес қимылдар жасап, содан кейін оны қажетті бағытта лақтыру.
Ойында төменнен екі қолмен әперу қолданысы аялдаулар мен бұрылыстардан кейін жиі қолданылады. Доп лақтырарда төмен тізеге түсіріліп, санға қарай жылжытылады, сосын екі қолмен күрт қимыл жасай және алға қарай қадам жасап, қажетті бағытқа қарай жіберіледі. Әперудің бұл түрі өте ұзын бойлы қарсыласпен ойнағанда тиімді.
Иықтан бір қолмен әперу допты алыстан және тез беру керек болған кезде қолданылады. Бір қолмен «ілгек» әперуі – бастың астынан доға тәрізді кең қимыл жасау арқылы әперу.
Жалт беру алаңнан арқылы әперу шарт қозғалатын, епті қарсыласқа қарсы қолданылады. Әперудің бұл түрін бір қолмен де, екі қолмен де жасауға болады. Мұндағы негізгі шарттар: допты барынша қатты итеру керек, ал беру нүктесі ылғи да допты қабылдап алушы үшін жақын, ал әперуші үшін алыстау болуы қажет. Әперудің біл түрін допты алға немесе артқа қарай бұрау арқылы жасау өте тиімді.
Допты себетке лақтыру. Допты себетке лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептеп, қол, дене, аяқ қимыладарының сәйкес келуі талап етіледі.
Кеудеден екі қолдап лақтыру – жалт беруден кейін допты шапшаң, бірақ жұмсақ лақтыра отырып қажетті траектория бойынша себетке түсіру. Көздеуде аяқ аздап бүгіледі, ал допты лақтыруда толық түзетіледі де, дене түгелімен доптың соңынан тартылғандай болады.
Екі қолдап жоғарыдан лақтыру – лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, тек бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғары ұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға – бір қырына қарай бағатталған. Сонымен бірге бұл лақтыру қалқаннан ыршып түскен допты қайта ұруда жиі қолданылады.
Бастан бір қолмен лақтырғанды орындауда доп қолдың бірінің саусақтарымен ұсталып тұрады, бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолдап лақтырудағылармен бірдей. Егер лақтыру орта не алыс қашықтықтан жасалса онда, шеңбердің алдыңғы шетінің ортасын көздеу керек. Жақын қашықтықтан лақтырғанда қалқанды қосымша нысана ретінде пайдаланып, дәл түсіруді жеңілдетуге болады.
«Ілгек» жасап лақтыру – бір қолмен кең доға тәрізді қимылмен жасалады. Лақтырушы шеңбер жағына бұрылады да, нысананы тауып кең қимылмен тізеден айналдыра әкеліп допты бастың үстінен шеңбердің 30-45 см. жоғары қалқанға қарай бағыттайды. Ілгек жасап лақтыру ұзын бойлы қорғаушыларға қарсы ойнағанда тиімді.
Жақын қашықтықтан лақтыру секіру арқылы жасалады, бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да, екінші қадам жасап итеріледі, секіреді. Жоғарыға ұшып бара жатып, серпуші аяқпен алға-жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуші аяққа қара түсіреді. Секірген сәтте допты қолмен жоғары көтеріп, ең жоғары нүктеде лақтыруды орындайды.
Қорғаныста ойнау тәсілі. Қорғаныстағы ойыншының әрекеті үнемі шабуылдаушы командаға қарсылық көрсетуге бағытталуы және допты себетке түсіргенше оған ие болуға бағытталуы қажет.
Аяқты алға шығарып тұру дене салмағын екі аяққа бірдей түсірумен сипатталады. Бір қол жоғары көтеріледі де, екіншісі бір жағына қарай төмен түсіріледі. Алға қай аяқ шығарылса, жоғары қарай сол қол көтеріледі.
Допты ұстап қалу қозғалыста қағып алудың жақсы дағдыларын талап етеді. Бұл қолданыста қарсыласты тыңғылықты бақылап және есте ұстап отыру әсіресе маңызды. Допты әперу жылдамдығы мен траекториясы және допты шабуылдаушының қолынан түсу сәтін бақылап отыру қажет.
Допты ұшырып түсіру қолдың қысылған саусақтарымен қарсыластың қолындағы немесе жүргізіп бара жатқан допты үстінен, астынан соғу арқылы орындалады. Қарсыластың қолындағы доп жасырылмай, ашық тұрған сәтте соғу керек. Егер доп деңгейінде немесе одан төмен болса, онда допты үстінен, ал басқа жағдайларда астынан соғу керек.
Себеттен немесе қалқаннан ыршып шыққан допқа ие болу - қажетті сәтте секіріп, допты қағып алуды талап ететін қолданыс. Алдын ала қолданысты жасайтын орынды таңдауды, доппен кездесетін уақытты дұрыс таңдауды және секіретін уақытты дәл анықтауды үйрену керек.
Жеке әдістік әрекеттерді үйрету.
Қауіпсіздендіру. Шабуылдаушылар жағына өту мүмкіндігін пайдаланып, қорғаныс кезінде серігіне көмек көрсететін қолданыс. Қауіпсіздендіру қарсылас қорғаушыдан құтылып, бірақ әлі алысқа ұзай қоймай және жылдамдығын арттырып үлгермеген кезде өте пайдалы.
Ауыстыру (алмасу) – қорғаныс айласы, қорғаушылар өздерінің қамқарлығындағы ойыншылармен ауысады. Бұл жағдай қорғаушылардың бірі тосқауылға ұшырап, өз қамқоршысына ілесе алмаған кезде қажет болады. Ауысар кезде ойыншылар сөз немесе басқа белгілер арқылы түсінісе алады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет