ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс №13,14,15. Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағаы жоспарды пайдалану



бет36/46
Дата24.04.2017
өлшемі4,83 Mb.
#14953
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46

Дәріс №13,14,15. Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағаы жоспарды пайдалану.
Жоспары:

1Жалпыланған сипаттағы жоспар туралы мағұлымат

2.Сабақта жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану жолдары

1. Оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Жүргізілген зерттеулер оқушыларға ұғымдарды игертуде, ұғымдарды оқып-үйренудің жалпыланған жоспарын жасаудың орны айрықша болатындығына көз жеткізді. Жоспардың жалпыланған деп аталу себебі: мұндай жоспарды барлық физикалық ұғымдар үшін құруға болады. Жоспар кез-келген ұғыммен жұмыс істегенде мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де пайдалы. Жоспар ұғымның қалыптасу және даму кезеңдерін бірізділікпен қамтыған сұрақтар жиынына жауап бере отырып жасалады. Ұғымды, құрылған жоспар арқылы оқып-үйрену, ол туралы мәліметтердің жинақы болуына, ең негізгі мәселелеріне баса назар аударуға, басқа білім аумағына еркін қолдануға кең жол ашады. Оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгеруінің басты құралы бола алатын жалпыланған сипаттағы жоспарлар төмендегідей:

Нысан: 1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Шама: 1. Қандай нысанды сипаттайды?

2. Өлшеу әдісі.

3. Өлшем бірлігі /БХБЖ жүйесінде/.

4. Оның басқа шамалармен байланысы.

5. Шама анықтамасы.

Тәжірибе: 1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.

Құбылыс: 1. Құбылыстың басты ерекшеліктері.

2. Өту шарттары.

3. Құбылыс бақыланатын эксперимент тізбегі.

4.Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байланысы.

5. Практикада қолданылуы.

6.Құбылыстың зиянды әсерлерінен сақтандыру амалдары.

Приборлар: 1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы).

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

Заң: 1.Нені байланыстырады, анықтайды, бекітеді.

2.Қандай негізгі фактілерге негізделіп тұжырымдалған.

3.Қандай физикалық шамаларды байланыстырады.

4.Заңды сипаттайтын формула.

5.Тәжірибе жүзінде бекітілуі.

6.Практикада қолданылуы.

7.Заңның анықтамасы.

Көрсетілген жоспарларды оқушылар ұғымдарды меңгеру жөніндегі өзінің қызметіне бақылау жасау үшін, ал мұғалімге оқушылардың ұғымды меңгеру сапасын тексеру үшін де пайдалануға болады.

Көрсетілген жоспарлар ұғымдары оқып-үйренудің өзекті мәселерін айырып алуға ықпал жасайды, оқушылардың ұғыммен өз бетімен жұмыс істеулеріне көмектеседі, сонымен қатар мұғалімнің ұғым туралы негізгі ойларын түйіндеуге, ұғымды оқытудың басты бағыттарын сараптауға мүмкіншілік туғызады.

Мұндай жоспарларға сүйене отырып жұмыс істеу, ұғымдарды оқушылардың меңгеру сапасын уақытылы тексеріп отыруға көмектеседі, ал ең бастысы оқушылардың молекулалық физика ұғымдарын меңгеруі мақсатты және саналы түрде жүргізіледі.

Көрсетілген жалпылама сипаттағы жоспарлардың кейбіріне қосымша пунктер енгізуге болады: мысалы, нысан – қандай басқа нысандардан тұрады, онда өтетін құбылыстар; шама – шаманың жеке жағдайлардағы мәні, белгіленуі, өзгеру аралығы, қолданылу шегі; құбылыс -қандай физикалық нысандарды сипаттайды, оны сипаттайтын физикалық шамалар, құбылыстың қысқаша теориясы; заң - оның білінуінің жеке жағдайлары, заңның қолданылу аясы.

2. Осы кеңейтілген жоспарды пайдаланып, физикалық ұғымдарды қалыптастыруды қарастырайық. Мұғалім қарастырылып отырған тақырыптың өзекті жерін түсіндіріп болғаннан кейін, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне арналған жалпылама сипаттағы жоспарды пайдаланады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құрады.

Сабақта қолдануға болатын жоспарлардың бір қатары төмендегі 5-10 - кестелерде көрсетілген.

5 - кесте - Идеал нысана „Идеал газ”



1

Нысанның жалпы сипаттамасы

Молекулалар арасындағы өзара әсер өлшеусіз өте аз және молекулалардың кинетикалық энергиясы өзара әсерлесудің потенциялық энергиясынан әлдеқайда көп болатын газ.

2

Қандай басқа нысандарға кіреді

Сиретілген газдармен жұмыс істейтін барлық физикалық приборларда қолданылады.

3

Қандай нысандардан тұрады

Бір-бірінен алшақ орналасқан молекулалар немесе атомдардан тұрады.

4

Пайда болу шарттары

Реал газды сирету арқылы аламыз.

5

Нысанның физикалық қасиеттері

Сиретілген газды идеал газ ретінде тек жылулық тепе-теңдік болғанда ғана қарастыруға болады.

Идеал газ ретінде аз қысымдағы, қалыпты температурадағы газды алуға болады.



6

Сапалық сипаттамалары

Идеал газ молекулалары немесе атомдары бір-бірінен алшақ орналасады.

Идеал газдың молекулалары немесе атомдары өзара әсерлеспейді.



Олар соқтығысқан кезде дефомацияланбайды.


7

Модель

Сиретілген абсолют серпімді (деформацияға ұшырамайтын) шариктер

8

Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер

;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет