Дәрістің мақсаты: Былғары шикізатының түрлеріне сипаттама беру;
1. Былғары шикізатының топтастырылуы. Былғары шығаруға қолданылатын терілер майда, ірі және шошқа шикізаттары болып топтастырылады. Ұсақ шикізатқа ірі қара төлінің терісі (өлі туған бұзау, торпақ, бота, құлын, жабағы), қой терісі (жүнді жабынының жайына қарай жүнді, жартылай жүнді, жүнсіз болып бөлінеді), ешкі терісі (тау, дала, үй ешкісі) жатады. Ірі шикізатқа мүйізді ірі қара терісі (бұғыны қоса), түйе, есек, жылқы (ол, сауыр терілері) және басқа жануарлар терісі жатады. Шошқа шикізатына шошқа терісі жатады. Мүйізді ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топтарына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке, шөпке ілінген бұзау терілері. Өлі туған бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі үлбір жасауға жарамайды. Терісінің ауданы - 40-50 дм^, құйымшақ тұсындағы терінің қалыңдығы - 1,2-1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық былғары жасауға қолданылады. 11.7- суретте табиғи былғары көрсетілген. Еметін бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай бөлінбейді. Бұзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері тұздай құрғату арқылы консервіленеді.
Тері ауданы - 40- 90 дм2, қалыңдығы - 1,3-2,5 мм. Бір ерекшелігі - ірі малға қарағанда, терінің емізікше қабаты қалыңдау. Бүзау терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды. Ірі малдыкше қарағанда жүні әлі қатаймағандықтаң, иленген былғары бетіндегі табиғи бедері өте әдемі, майда болып келеді. Шикізат күйімен салыстырғанда жарғақ пен дайын былғарыда сорттылық біраз төмендеу болады, себебі бүзау терісіндегі кейбір ақауларды (түз дақтарын, сүт қыртыстарьш, шандарлы терілерді) байқау қиынға түседі Жоғарғы сортты желатин алу үшін бүзаудың бас терісі аса бағалы шикізат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |