Дәрістің мақсаты: Былғары мен терінің қасиеттеріне қысқаша тоқталып, олардың өңдеу үрдісімен таныстыру;
1. Былғары мен тері. Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады.
Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады. Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс емес. Түк қалташаларына жақын қыртыс өзеңге еніп жатады, ал ол өз кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы сылынып тасталған тері бетінде белгілі бір суреттер көрініп түрады, он бедер (мерея) деп атайды. Үлбір жасау үшін терідегі қыртысты бүзбай сақтау керек. Егер ол бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын болады.
Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды. Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретикулин талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған. Қарапайым коллаген талшықтарының диаметрі шамамен 5 мкм болып келеді. Осындай көптеген (30-300) қарапайым колла- ген талшықтары диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын қүрайды.
Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0,1 мкм болатын 200-3000 фибриллалар жиынтығынан түрады. Коллаген талшықтарының тобы өзең қалыңдығына көлбей орналасады да, олардың көлбеу бүрышы және жуандығы жануарлардың табиғаты мен терінің қүрылымына байланысты болады. Эластин талшықтары топ қүрамайды, бірақ тарам - тарам болып кеткендіктен, қалың торлар жасайды. Ол торлар көбінесе түк қалташалары мен қан тамырлары айналасында орналасады.
Ретикулин талшықтары тері өзеңінің барлық көлемінде қалың торлар қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. Өзең талшықтары арасында талшықаралық зат болады. Оның қүрамына былғары даярлау барысында өзеңнен шығып кететін альбуминдер, глобулиндер, мукоидтар, муциндер, мукополисахаридтер және басқа белок тәріздес заттар енеді.
Тері өзеңі екі қабаттан түрады. Бірі емізікше мен торлықабаттардың
шекарасы түк қалташалары орналасқан деңгей арқылы өтеді. Ал, шошқа, түйе және борсық терілерінің ерекшелігі - өзеңдегі бүл екі қабаттың шекарасы анық білінбейді, себебі түк каналдары өзеңінің өн бойынан өтіп жатады, терінің тік кесілген көрінісі (сурет11.1)
Емізікше қабат жүмсақ және ыдыраңқы болып келеді, өйткені онда тері мен май бездері, түк тамырлары және көптеген қан тамырлары бар. Торлы қабат біркелкі шиеленіскен қуатты талшықтар тобынан қүралған, сондықтан ол терінің беріктігіне үлкен әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |