Мүйізді ірі қараның майда шикізатының келесі түрі - отқа ілінген бұзаудың терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10 кг дейін, аяқ киімнің жоғарғы бет былғарысын жасау үшін қолданылады. Белгілері: болашақ мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірақ біркелкі емес, мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы - 60-150 дм^, қалыңдығы - 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт емген бүзаудікіне қарағанда онша майда және әдемі емес, ірілеу. Бүзауларды сою күзде басталады, қысқа таман ылғалды түздау арқылы консервілейді.
Көркемдік суреттерді бастыру арқылы алынған табиғи былғары 11.8 -суретте көрсетілген. Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты Тана терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10- 13 кг дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5-7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1-1,5 жасында терісі осындай салмаққа жетеді. Ауданы - 120- 250 дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады. Тананы жазғытүрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды түздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары жасауға, юфть былғарысына пайдаланылады.
Өгізше терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы - 13-17 кг аралығында, ауданы - 200-270 дм2, сауыр терісінің қалыңдығы - 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады. Тайынша терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25кг жоғары) болып екіге бөлінеді. Сауыр терісінің қалыңдығы - 3,5-5 мм, қол терісініңкі - 2-2,5 мм, ауданы - 300-570 дм^, тұрқы 1,75-2,2 м аралығында болады. Тері құрылымы біркелкілеу, аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалык және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |