Дәрістің мақсаты: Жылытқыш материалдар түрлерімен танысып, оларға сипаттама беру;
1. Үлбір. Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал болып есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігі және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады. Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі базасы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал бо- лып есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
2. Мақта. Тағайындалуына байланысты мақта матасы төрт түрге бөлінеді ол: киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтаны төменгі сүрыптарынан және (ІУ-УІ сүрып), мақта мамығынан, мақта иіру және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді. Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) және меланжды (тігін) болып өңделеді. Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді және талшықтардың жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жасайды. «Түкті» маталар бүйымдарының жылу шығармайтын жақсы қасиеттері болады.
3. Ватилин. Бүл бір жағын немесе екі жағын желімді эмульсиямен өңделген белгілі бір қалыңдықты киімдік мақтаның қабаты. Ватилин өндірісіне шикізат ретінде мақтаның төменгі сүрыптары, ал желімді жапсыр- ма мақтаны жылжып кетуден сақтайды. 1м2 шығарылатын ватилин салмағы 200-225г, 400-440г және 700-750г болады. Желімдік заттардың саны қалың ватилин салмағынан 1,5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспа- уы қажет. Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.
4. Күспе. Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі. Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель- машинасында шығады. Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартта көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін белгілейді және баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сүрыпқа 15 балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі. Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс *2(№40/2) қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м2-250- 400г, тігістер ара-қашықтығы 10мм болып шығарылады. Бүл күспенің стандартты ылғалдылығы 11% болады. Тығыз енгізілген күспені жүннің қыл-қыбырынан, мақтаның төменгі сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты штапель талшықтарынан, сиректілген мақта матасынан жартылай жүнді мақта тарамын қарау арқылы алады. Өндіріс бір жақты немесе екі жақты қақпалы күспені шығарады. Тігін өндірісінде көп қолданылатыны салмағы 1м2300г болатын, қүрамындажүнталшығынын 30% қақпалы күспе. Мата қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып тігеді.
5. Поролон. Пенополиуретан - жеңіл, жүмсақ, қатты кеуек, серпімді материал, жылу сақтау қасиеті жоғары. Киімге салу үшін поролон үзындығы 15-17м, ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керекті өлшем қажет болғанда бірнеше қабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ, кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді. Поролон төсемнің серпімділігінің арқасында киімнің пішіні жақсы сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді. Поролон қолданып тігілетін бүйымдарға деген үсыныстарды IІНИИІІІП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін машинасында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150 С да жүмсарады, ал, 180 С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау және арнайы еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды. Трихлорэтилен, перхлорэтилен және уайт- спиртпен өңдегенде поролон бүлінеді. Сондықтан, поролон қасиеті бойынша мақта және күспеден артық, ал киімде жылу шығармайтын аралық ретінде кең қолданылады. Түрлі киімдерге қолданылатын поролонмен негізделген беймата материалдар, трикотаж маталар шығарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жылытқыш материал үлбірге сипаттама бер
2. Жылытқыш материал мақтаның поролоннан ерекшелігі
3. Жылытқыш материал ватилиннің артықшылығы
4. Жылытқыш материал күспеге сипаттама бер
5. Жылытқыш материал поролонның ерекшелігі
Дәріс № 27. Іштік және астарлық материалдар
Дәріс жоспары:
1. Іштік маталар
2. Астарлық материалдар.
Дәрістің мақсаты: Іштік және астарлық материалдарға сипаттама беру, олардың ерекшелігімен танысу;
1. Іштік маталар. Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға, жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет) пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады. Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай зығыр қатырғылар, желімді және ара- лас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті табиғи және жасанды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және қою сары болады, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі. Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
Трикотаждық іштік - трикотажды , матаны бекіту үшін қолданады. Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жүмсақ болып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір керек тұсына желімдеуге болады.
Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созылады, серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін - көлденең бағытта пішіледі. Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздықты маталарда қолдану керек.
Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін арналған. Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес болып келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.
Маталы іштік - жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді. Егер іштікті қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді.
Жайғақ - орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.
Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады. Көлденең бағытта қатты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созы- лып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж үшін арналған.
Жиекті беймата іштік - майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау үшін - белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек қиықтарды бүгуде қолданылады. Іштіктегі тесулерді тігістермен және матадағы бүгілулерде теңестіреді. Іштік беймата материалдардың ассортименті әр түрлі және үнемі кеңейіп отырады. 10.1-кестеде флизелинді іштіктердің негізгі түрлері мен оларды үтіктеу тәсілдері көрсетілген. Кесте 10.1- Флизелинді іштіктердің негізгі түрлері
Флизелинді матамен берік біріктіру үшін үсынылатын температура мен үтіктеу уақытын қатаң сақтау керек (кестеден және флизелиндегі таңбалауды қараңыз). Егер, таңбалауға сәйкес іштік ылғалды тәсілмен үтіктелетін болса (мысалы, флизелин Н410 және 0405), пішім бөлшектерін іштікке ылғалды дәкені қолданғанда ғана желімді қабат жақсы еріп іштік біртегіс үтіктеледі. Сонымен қатар, үтіктің «қүрғақ» ізі арқылы пішім бөліктерінің бар бөлімі өңделгенін анықтауға болады. Ылғалды әдіспен іштікті үтіктегенде булы ылғалдатқышты үтікті қолдануға болмайды, біріншіден, будың шығуының және қысымның бірқалыпты болмауынан, екіншіден, мұндай өңдеуден кейін пішім бөліктері мен іштік ылғал болып қалады. Іштікті үтіктегенде пішім бөлшектері шамамен 10-15 мин арасында жайылған түрде сууы керек, себебі кейін үтіктегенде кетпейтін қыртыстар пайда болады.
2. Астарлық материалдар. Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге және химиялық тазалауға бояуы берік, негіз бойынша аз отыратын болуы керек. Астар маталарды көбінесе саржалы, сәтенді және атласты айқаспамен, сирек жаккардты, тегіс боялған, сирек жолақ түрінде баспа суретті және ала маталы болады, ені 80-150см, сызықтық тығыздығы 105-180г/м2, матаның отыруы негіз бойынша- 3,5-5%, арқау бойынша - 1,5-2%. Сыртқы бетінің тегістігінің арқасында бұл маталар үйкеліске төзімді, бірақ сырғанақ болып келеді, сондықтан астарды пішкенде төсем кезінде қабат санын азайтып, арнайы қысқыштарды қолданады. Астар маталар тозуға төзімділігі, салмағы және сыртқы түріне байланысты киімде қолданылатын сырт матаға сәйкес болуы керек. Астарға арналған маталар негізінен химиялық жіптерден ол: негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 11-16,6 текс вискозды, негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықты тығыздығы 13,3-16,6 текс вискозды және арқау бойынша сызықты тығыздығы 18,5-25 текс мақта иірімінен, негізі бойынша сызықтық тығыздығы 16,6 текс вискозды және арқау бойынша сызықты тығыздығы 25 текс вискозды иірім, негіз бойынша сызықтық тығыздық 13.3 текс вискозды және арқау бойынша сызықтық тығыздық 16,6 текс ацетатты болады. Астар маталардың ассортиментін кеңейтудің перспективалы бағыты - олардың беттік тығыздықтарын азайту және сызықтық тығыздығы 13.3 текс аспайтын вискозды жіптерді қолдану керек. Ацетатты жіпті құрамдас маталар тозуға төзімділігі аз және ұзақ киюге арналмаған киімдер үшін қолданылады. Негіз бойынша сызықтық тығыздығы 15,4 текс және арқау бойынша 11,8 текс иірімнен жасалған мақталы-лавсанды маталы (мақталы 33% және лавсанды 67%) талшықтар құрамынан дайындалатын саржа- лы айқаспалы Уъ астар құрылымы өңделеді. Беттік тығыздығы -135г/м2. Тәжірибелі эксплуатациялау кезінде ол үйкеліске төзімді: киіс мер- зімі-1500 күн болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Іштік маталарға сипаттама бер
2. Іштік мата түрлері
3. Астарлық маталар
4. Астарлық маталардың іштік маталардан ерекшелігі
Дәріс № 28. Киім бөлшектерін біріктіруге арналған тігін жіптері
Дәріс жоспары:
1. Тігін жіптері
2. Мақтадан жасалған жіптер
3. Жібектен жасалған жіптер
4. Синтетикалық жіптер
Достарыңызбен бөлісу: |