Түйе терісі. Түйе терісінің қүрылымы бостау болып келеді. Ерекшеліктері - мойын терісінің қалыңдығы біркелкі емес, түк қалташалары өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп түрады. Түйенің көп жатқан жағының терісі бүдырланып кетеді. Терінің ауданы үлкен, салмағы ауыр болады. Теріні сыпыру түйенің арқасынан басталып өркеші арқылы аяқталады. Түйе терісін түздай кептіру арқылы консервілейді. Жасына қарай түйе терісі бота және түйе терісі болып екі түрге бөлінеді. Салмағы 10 кг дейін болады. Түйе терісі салмағына қарай жеңіл (10-17 кг), орташа (17-25 кг) және ауыр салмақты (25 кг жоғары) болып бөлінеді. Бота және жеңіл түйе терісі үлтарақ, юфть жасау үшін қолданылады. Ауыр салмақты түйе терісінен иленбеген шикі қайыс (сыромять) және үлтан дайындайды. Мойын терісінен галантереялық былғары, ал өркешінен өкшеге қаптайтын былғары алынады.
Шошқа терісі. Шошқа терісі басқа төрт түлік малдың терісінен өзгешелеу. Шошқа қылы (түгі) нашар дамыған, қыртысы қалың, ол өзең қалыңдығының 2-5% қүрайды. Шошқа терісінің сортын анықтау біршама қиынға түседі, себебі терінің бетіндегі ақаулы-кемістікті айыру қиындау. Шошқа түгі сирек- теу және ірі болғандықтан, түк пен қыртысты алып тастағанда, өзеңнің беті тегіс емес, сондықтан былғарының бедеріде сүлу емес, нашарлау бүдырлы көрінеді. Бірақ, тері берік, үйкеліске төзімді бүл қасиет былғарыда да сақталады. Шошқа терісіндегі май мен тер бездері, бүлшық еттері түкті тік түрғызып түрады және ол тері қалыңдығының өн бойын тесіп өтеді де, түк қалташалары өзеңнің төменгі қабатына орналасады. Сондықтан шошқа терісінің өзеңін торлы және емізікше қабатқа бөлмейді. Дайын былғарының бетінде түк орны өзеңде көптеген тесік түтікшелер түрінде қалады да, оның су өткізгіштігіне әсер етеді, табиғи бүл ақауды жөндеу үшін тері арнайы өңдеуді қажет етеді. Эластинді талшықтар терінің өн бойында орналасқан және тері асты май қабаты жақсы дамыған. Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 дм^), орташа (70- 120 дм^), ірі (120-дм2 артық) болып бөлінеді. Шошқаның бөксе терісі ауданы бойынша шағын (30-50 дм^) және ірі (50 дм^ жоғары) болып бөлінеді. Олар аяқ киімнің жоғарғы жағына былғары жасауға, юфть әзірлеуге, ер-түрман былғарысын дайындауға, үлтан мен үлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін қолданылады. Шошқа мегежіні терісінің ауданы 80 дм^ жоғары болады.
Теңіз жануарларының терілері. Теңіз жануарларының ішінен теңіз мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшық жүні теріліп, түбіт жүні қара түске боялған немесе қылшық жүнін тер- мей, табиғи, боямаған түрінде әйелдер пальтосы үшін, жакет, жаға, бас киімдер және басқа да бүйымдар жасауға қолданылады. Түкті жабынды тюлень терілері жас шамасына қарай ерлер бас киімі мен күртелері үшін қолданылады. Тюлень терілері былғары өндірісінде, сондай-ақ үлбір өндірістерінде қолданылады. Олардың қүрылымының жалпы, белгілері эпидермисінің мүйізді қабатының жақсы дамуы, тері өзеңінің емізікше мен торлы қабатының үзіліп бөлінуі остік шаштарының тамырының тереңдеп орналасуынан емізікшесі торлыдан қалыңырақ. Тері өзеңі үшін майлы қабаттарының мөлшері тән сипатты. Тюлендердің әр түрлерінен жиі кездесетіні греландық, беломорлық, каспийлік, нерпа, лахтах, теңіз қояны. Тюлень түріне тәуелді терілер өзара айтарлықтай ажыратылады. Соны- мен бірге, бір түрде және әр түрлі жастағы терілердің қолданылуы әр түрлі.
Морж терілері. Морж жарғақ аяқтылар отрядының ірі аңдарының бірі. Терілерінің ауданы 600 дм^, ал салмағы 200 кг жетеді (орта- ша салмағы 70-80кг ) үлкен аңдар 150-200 кг май береді. Терілерінің қалыңдығы 30-50 мм. Үсті сирек жүнмен жабылған, терең әжімдерімен қатпарлары бар, тері үлкен босаңдығымен ерекшеленеді. Морж терілері техникалық былғарыға (аралық поршень, муфт) шыныштарды қайта өндіріледі. Олар өте қалың, дөрекі, босаңдау және тегіс емес бетімен ерекшеленеді. Морж терілерінің сипатты ақаулары атудан, шіруден, кесуден, қүрт жегеннен туындайды.
Рептилий терілері. Бүл терілер - қолтырауын, бақа және жылан - галантереялық былғарыларды шығаруда өндіріледі. Қолтырауының терісінің қүрылымы - қалың көп қабатты эпидермистен, ал бақа мен жылан терілерінің мүйіздік қабаты жүйелі өзгеріп отырады. Өзеңі бір бірімен талшықты көпіршелермен байланысып, горизонталь бағытта коллаген талшықтарының шоғырымен айқасатын пласталармен түзілген. Терілерді сорттауда үзындығы бойынша үсақ, орташа, және ірі деп бөледі.
Қолтырауын терілері Үндістанда, әсіресе, Калькутта, Бразилияда және Оңтүстік Индия төңірінде, жылына 300 мың дана дайындалады. Қолтырауын терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.11-суретте көрсетілген.
Жылан терілерін Үндістанда көбірек өндіреді. Терілерді жыландардан шүлық секілді сылып алады. Консервілеу ылғалды түздау арқылы жүргізіледі. Өндірілетін жыландардың үзындығы 2-5м жетеді. Рептилий терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.12- суретте көрсетілген.
2. Жасанды былғары
Тігін өндірісінде жоғары пайдалану сапасы қаматамасыз ететін және бар тәсілдермен киімдерді дайындауға мүмкіндік жасайтын, қасиеттер жиынтығына ие болатын жүмсақ жасанды былғарыны қолданады. Киімге арналған жасанды былғары иілмелі, жүмсақ, беткі қабаты негізбен берік қосылған киімде, пішінін түрақты сақтайтын және пішінді, сәнді көрінетін, жаңа қүралдармен жеңіл пішілетін болуы тиіс. Былғарыны тігін машиналарында тігу барысында жолдан таймау керек, ал пісіру кезінде берік эласты тігістерді қамтамасыз етуі тиіс. Бүйымды кию жағдайын ескере отырып, киімге арналған жасанды былғары көп ретті иілуге берік, түрақты, пайдаланудың, температураның және ылғалдылықтың әр түрлі жағдайында қасиетін өзгертпеуі тиіс. Киімге арналған жасанды былғары белгілі бір гигеналық қасиеттерімен сипатталды: аз мөлшерде жылу өткізгіш, жетерліктей ылғал өткізгішті және ауа өткізгішті. Оның бу өткізгіштігі 1 м / (смг) кем болмауы керек.
Жасанды былғарылардың негізгі түрлері - негізгі (мата, тоқыма немесе мата емес төсеме) полимермен немесе полимер қоспасымен жабылған (сіңдірілген). Жүмсақ жасанды былғары үшін «жасанды былғары» атауы қабылданған. Былғарының арналуы және жасанды былғары өндірілген полимердің қысқаша аталуы көрсетіледі (поливинилхлоридті - винил. каучукті - эласто, полиамидті - амид, нитроцеллюлозды - нитро, по- лиэфируретанды - уретан). Соңында әріппен негіз түрі белгіленеді (Т- мата, ТР - тоқыма, НТ- мата емес төсеме). Жүмсақ жас былғарыны полимер қоспаларымен негізін-ерітінді, пластизолмен, қүймаларымен, дисперсияларымен өңдеу арқылы алады. Жүмсақ былғарыны өңдеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады: ағызып әкелу, каландрлі, калалирдік, ламинирлеу, сіңдіру. Полимерлі қоспа негіздің бар қалыңдығы бойынша енуі немесе тек беткі қабат түзуі мүмкін. Ағызу әдісін қолданып, жасанды былғарыны алуда жүмысты тікелей немесе жылжыту тәсілімен орындайды. Тікелей тәсілде по- лимер қоспасын негізге үздіксіз жағады. Мысалы, негізге алды- мен полимердің кеуекті қабатын жағып, содан соң кеуексіз қабатын жағады. Бүл тәсілді негізгі аз созылатын жасанды былғары өндіру үшін қолданылады. Керісінше тәсіл кезінде беткі жабынды негізге емес, табан етегі таспасына жағады және керісінше тәртіппен - алды- мен кеуексіз қабатқа, содан соң кеуекті қабатқа жағады. Соңынан бүл қабаттарды негізбен қатырмалайды. Бүл тәсілді негізгі тығыз емес, қатты созылатын жасанды былғарыларды алу үшін қолданылады.
Жасанды былғарыны каландр әдісін қолдану арқылы алу кезінде арнайы
жабдық қарастырылады, онда алдын ала ингредиенттер салынып, араластырылып, қажетті полимерлі қоспа дайындалады. Арнайы каландрлер дайындалған полимерлі массаны үлпек түрінде қалыптайды және Т, ТР, НТ -негізімен қосады. Каширлеу әдісін қолдана отырып, жүмысты, негізгі бөлігі екі білікті каландр болып табылатын кашировальды машина орындай- ды. Алдын ала түйіршік түрінде дайындалған полимер қоспасы, еріткіш білік аймағына беріледі, онда үлпек түрінде қалыптасады, содан соң кесетін білік зонасында негізбен қатпарланады. Бүл тәсіл көп қабатты жас былғарыны өндіру үшін қолданылады. Негізінен по- лимер қоспаларының монолитті қүрылымынан түрады. Манимерлеу әдісі кезінде экструзионды - ламинирленген қүрылғысы қолданылады. Қүрылғымен жүмыс кезінде полимер балқымасынан білік зонасында негізбен біріктірілетін үздіксіз үлпек түзіледі. Вилинис былғарысы қарастырылған әдістердің бірімен мата немесе тоқыма негізінде кеуекті, монолитті немесе кеуекті монолитті жабынмен өндіріледі. Негізі ретінде жүмсақтығы, созылғыштығы, қүрылымының жоғары қозғалғышытығымен алынатын мата немесе тоқыма төсеме қолданылады. Жабын ретінде негізгі үздіксіз жағылатын поливинилхлорид (ПВХ) қолданылады, қалыңдығы 0,1-2 мм.
Кеуекті қабатты жасанды былғарыны алу үшін - кеуек түзгіш - органикалық заты бар полимерлі қоспаны қолданады. Келесі термо өңделуде, нәтижесінде поливинилхлоридті босаңсытатын көп газ тәрізді өнімдерді түзе отырып, бүл заттың ыдырауы жүреді. Нәтижесінде көп мөлшердегі кеуекті көбіктенген поливинилхлорид қабаты алынады. Одан кейін кеуекті - монолитті жасанды былғарыны өндіру кезінде екінші, кеуексіз поливинилхлорид қабаты жағылады. Былғары тектес түр беру үшін оның жоғары бетіне әрлеу лагін жүқа қабатымен жабады. Эласты былғарыны мата негізіне каучукты жабынды жағу жолымен алады. Мақта қағазды репсі негізінде екі түрдегі кеуекті жабын- мен өндіріледі: К - карбоксилатты каучук С жабынымен және С - біріктірілген каучуктер негізіндегі жабын. Бүл жасанды былғарының үстіңгі бетінің тығыздығы 40г/м, ол арнайы киімдерге - 40°С температурада тасымалданатын, майға, бензинге түрақты Т эласты былғарысы. Мақта қағаз негізінде диагоналі бойынша бір жақты латекспен жабылған, жасанды былғарының үстіңгі бетінің тығыздығы 450 г/м. Пелакс материалы латексті жабынымен өңделген жасанды былғарының көптүрлілігі болып табылады. Оны негіздің теріс бетіне көпіршіген латекс қабатын жағу жолымен алады. Негізі ретінде мақтақағазды немесе жібекті маталар қолданылады.
Уретан жасанды былғарысы монолитті бір жақты полиэфируретанды (ПЭУ) жабынымен және кеуекті жабынымен өндіріледі. Жасанды замша негіздің үстіңгі бөлігіне талшықтарды электростатикалық әдіспен жағу арқылы алады. Технологиялық процесстің ерекшелігі, аз өлшемді талшықтар (киімге арналған зам- шаны өндіруге, сызықтық тығыздығы 0,55 - 0,33 текс, үзындығы 0,5-1 мм болатын капронды талшықтар қолданылады) белгілі бір зарядты алған соң талшықтар көп ток астында керекті бағытқа бағытталып және негізм қоспасымен жағылған және қарсы заряд белгісі бар негіз бетіне қатаң тік жүргізіледі. Нәтижесінде негізмді негізбен түк талшықтары жетерліктей берік қосылып, замша тәрізді бет түзіледі. Негіз ретінде маталар, тоқыма, мата емес төсеме және басқа да матери- алдар қолданылады; түкті жүргізу үшін полиуретан, поливинилхлорид, эпоксидті смола, негізм ерітінділері негізіндегі негізмдер қолданылады. МЕМСТ 28461-90 сәйкес жасанды былғары тоқыма негізіне поливи- нилхлорид немесе полиуретанды жабын жағылған материал.
Жасалуына қарай жасанды былғарыны екі түрге бөледі: жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа, жоғарғы киімдер; жаңбырдан қорғау үшін арналған жоғарғы киімдер. Жасанды былғарыларды шартты белгілері хлорид жабынды жоғарғы киімдер үшін төмендегідей: жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа - винилжасанды былғарысы - Т-В МЕМСТ 28461 -90; жаңбырдан қорғайтын полиуретанды жабын- мен тоқыма негіздегі үстіңгі киімдер үшін уретан жасанды былғарысы -ТР-П МСТ -28461-90. МЕМСТ 28461-90 сәйкес өңделген физико-механикалық көрсеткіштері бойынша жасанды былғарылар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет және 11.1- кестеде көрсетілген. Кесте 11.1- жасанды былғарылардың физико-механикалық көрсеткіштері
Салмағы бойынша шекті ауытқу көрсетілген мәннен ± болуы тиіс. МЕМСТ 28461-90 сәйкес жасанды былғарыны үстіңгі бетіндегі сыртқы түрінің ақауларының болуынан тәуелді 2 сортқа жіктейді: 1-ші және 2-ші. Сыртқы түрінің ақаулары орнықты (дақ, сыдыру, сынуы, сызат, қалыңдығы, жаншылуы) және тараған (реңтің әр түрлілігі, бастырып сурет салудың анық еместігі, талшықтығы) түрде болады. 1 сортқа үзындығы 30 м жасанды былғарыға бес орнықты ақау ғана рүқсат етіледі, ал 2-ші сорт үшін сегіз орнықты және бір таралған ақау рүқсат етіледі. Белгіленген мөлшерден нақты үзындықтың ауытқуы кезінде орнықты ақаулар саны қайта саналады.
Бақылау сұрақтары:
1. Былғары шикізатының топтастырылуы
2. Былғары шикізатының түрлеріне сипаттама бер
2. Жасанды былғарының ерекшелігі немесе кемшілігі
Дәріс № 26 Жылытқыш материалдар
Дәріс жоспары:
1. Үлбір
2. Мақта
3. Ватилин
4. Күспе
5. Поролон
Достарыңызбен бөлісу: |