ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет26/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Ызба. Ызбалар (тесьма) көп жағдайда өрілген болып келеді, ал тоқылған түрі сирек кездеседі. Өрілген ызбада өрілген жіптері бір-біріне зигзагқа үқсас қырларына бүрыш болып орналасады. Осы қүрылым арқасында ызба үзындығы және ені бойынша жақсы созылады және онымен тігіс шеттерін, күрделі конфигурациялы бөлшектерді жеңіл тігіледі. Ызбаны әйелдер және балалар бүйымдарында әшекейлі әрлеу ретінде қолданылады. Өрілген ызбаны түрлі енді (2,5-25мм) мақта матадан немесе штапельді иірімдерден, қүрамдас вискозды жіптерден және резеңке жіптерден класстарға бөлінетін ызба қүрауға қатысатын жіптерінің санына байланысты таспа тоқитын машиналарда дайындалады. Өрілуіне байланысты ызбаны бір шалымнан кейін өрілетін жіптерден бір өрімді, екі шалымнан өрілетін екі өрімді, үш жіп арқылы- үш өрімді болады. Қырларды тігуге арналған бір түсті ызбалар бүйымның түсіне байланысты таңдалады, әрлеу ызбасы тегіс боялған және екі, үш, одан да көп түстерден ала тоқылған түрлері болады. Өрілген әрлеу ызбаларының түрлі үршықтардың жіптерінің тартылысының өзгеруіне байланысты пайда болатын толқынға үқсас өрілген жолаққа үқсайтын кең тараған түрі «вьюнчик» ызбасы болып саналады. Әрлеу ызбаларының жаңа түрлерін өрімге түрлі суреттер және

қүрылымды бауларды қосу арқылы алынады. Тоқылған әрлеу ызбасы тегіс боялған болып келеді, бірақ тегіс боялған және ала тоқылған екі, үш және одан көп түсті болады.

Тоқылған ызба- мақта матаның иірімінен, вискозды штапельді және қүрамдас жіптерден тоқу машиналарында түрлі енді болып шығарылады.

Ызба жасайтын бүл машиналарды үршық санына байланысты кластарға топтайды. Өрімдерге байланысты ызбаларды бір өрімді, екі өрімді түрлері болады. Әр-түрлі енді тоқылған ызбалар арқау тоқитын машиналарда шығарылады. Ол бір түстімен қатар түрлі-түсті, шілтерлі әсерлі және рельефті қүрылымды көлемді жіптерден, штапельді вискозды және лавсанды иірімдерден пайда болады.

Баулар - өрілген және оралған болады. Өрілген бауларды ызбаға үқсас тоқыма машиналарында дайындай- ды. Өрілген баулар вискозды, капронды, мақта матадан және штапельді иірімдерден - қүрамдас жіңішке жіптерден өрілетін, бірнеше мақта ма- тадан қалың жіптерден (жүректі) өрімдерден пайда болады. Әрлеуіш тоцылган бау-сутаж бау ортасында, өрім арасында қуыс пайда болып, сыртынан қүрамдас вискоза жіптерінен өрілген ені 2-3,5 мм екі қалың мақта матадан ширатылған өрімнен пайда болатын әрлеуіш өрілген бау болады. Сутаждың сыртқы өрімі бір түсті және әр түрлі түсті болады. Сутажды әйелдер және балалар көйлектеріне, со- нымен қатар балалар костюмдерін әрлеу үшін қолданылады. Тоқылған бау арнайы дөңгелек тоқыма машинасында алынады (ШВМ), олар түрлі енді және формалы болады. Негізінен балалар киімдері үшін әрлеу ретінде қолданылады. Диаметрі 2 мм шамасындағы мақта матадан өрілген өңірлік бауларды рельефті ілгекке астар үшін қолданылады. Ілгекті өрілген баулардың ортасы мақта маталы, сыртынан вискозды және капронды жіптерден өрілген болып келеді. Олардың диаметрі 4мм шамасында болады. Оралган бауларды мақта матадан, вискозды және жүн жіптерден- ширатылған бірнеше өрімдерден алады, кейбір кезде әрлеу бауларына мишура (металлдан жасалған жіптер) қосылады.

Шілтерлер - деп жіптерден дайындалған мөлдір тор өрнекті қолмен немесе машина әдісімен орындалатын бүйымдарды атайды. Қол шілтерлері өрілген, филейные (тігілген) және тоқылған, жиек формасында, тақырыпты, кейбір кезде жеке бүйымдарда - жағаларда, ендірмелерде болады. Шілтеріні әйелдер және балалар іш-киімдеріне, көйлектер және блузкаларда қолданылады.

Жиек- қарсы беті тісті, тігілетін матаға бірдей болып келетін шілтерлі жолақ. Бастыра тігу- екі бүйымның арасына тігілетін бірдей жиекті шілтерлі жолақ.

Тақырыпты- шақпақ, овал, дөңгелек формасындағы шілтерлі ендірме. Қол жүмысымен өрілген шілтерлер бағалы болып келеді, олардың өндірісі Вологодский, Рязанский және Ресей Федерациясының басқа аудандарында дамыған көркемөнер саласы. Өрілген шілтерлерді мақта матадан, дөрекі зығыр және жіптерден алынады. Қол жүмысы үдерісі өте күрделі және қиын болып келеді, жастықшаға цилиндр пішінді өрнек салынған қағазды түйреуіштермен қадап бекітеді. Ұршықтың көмегімен- бір жағына жіп байланған, бір жағы үстау үшін арналған үшталған ағаш таяқшалардың көмегімен жіпті түйреуіштің айналасына орап белгілі бір мөлдір өрнекті қүрап тоқиды. Бүл жолмен шағылысқан шілтерлер алынады. Тізбекті шілтерді дайындағанда бірінші үршық көмегімен өрнекті дайындайды, содан кейін ілгек қүрайтын сирек тормен бір-біріне жалғайды. Шілтерлер аса күрделі емес, қайталанбалы суретті, тура саналған жіптердің са- нымен жасалатын айқаспалы болып келеді. Шілтерлер санаулы жіптер санының айқаспасымен дайындалатын күрделі емес, қайталанатын суретті болады. Филейные (тігілген) шілтерлерді қалың жіпті торда өрнектерді инемен кестелеу арқылы пайда болады. Тоқылған шілтерлер кроше жіптерінен ілгек арқылы тоқиды. Машиналы шілтерлер іш-киімдер және көйлектерді әрлеу үшін жиектеме түрінде, сонымен қатар той киімдері және блузкалар үшін бүтін шілтерлі жайма ретінде шығарылады. Шілтерлерді арнайы шілтерлі машиналарда өру машиналарында дайындалады. Олар өрілген, тоқылған және кестеленген болады.

Өрілген шілтерлер (басонные) - ауыр, массивті, анық бедерлі суретті қалың өрнекті (көмкерме) жіптердің көмегімен жасалады. Екі жіптер жүйесінің өрім көмегімен (негізгі және өрнекті) ілгекті жаккардты машиналарда мақталы, вискозды және текстурленген жіптерден пайда болады. Сонымен қатар қалың өрілген шілтерлер шығады, олар қолдан тоқылған шілтерге үқсайды.

Тоқылған шілтерлер негіз тоқитын көп тарақты шілтерлі машиналарда шығарылады. Өрілген шілтерден айырмашылығы, грунт бойынша квадратты немесе алты қырлы үяшық (тюль) арқылы тығыз емес өрнек өтеді. Суреттері геометриялық немесе өсімдікті өрнектер, өте күрделі, жаккардтты болады. Тоқылған шілтерлерді тоқыма автоматтарында, тегіс тюлде немесе тоқыма жаймада (жіңішке мақталы немесе капронды) сурет пайда болады. Суреттері әр-түрлі, вискозды немесе мақта маталы жіптерден дайындалады.

Кесте жайма бойымен керекті жолақ енімен арнайы машиналарда кесіледі. Кестеленген шілтерлер трикотаж бүйымдарын әрлеу үшін қолданылады. Машиналы шілтерлі және шілтерлі жаймаларды мерсерленген ширатылған мақта маталы иірімдерден, вискозды және капронды қүрамдас жәптерден, ал сирек жағдайда штапельді, лавсанды немесе жүн иірімдерден шығарады.

Жаккардты аппаратты шілтерлі машиналарда үш жүйелі жіптерден түратын шілтерлер мен шілтерлі жаймалар дайындалады ол: негізгі, өрнекті, арқаулы болады. Шілтер ені 12,7 мм болатын арқау жіптерінщ санына байланысты шілтер машиналары 7 - 16 топтарға бөлінеді. Шілтерлі машиналарда арнайы шілтерге біріктіру жіптерінің енгізу арқылы, соңғы әрлеу кезінде шығарып 50 -300 дейін дайын шілтер жолақтарын (еніне байланысты) шығарылады. Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтердің негізгі түріне 12.1 - кестеде көрсетілген, жіңішке (валансьен), жіңішке енді (малин), жіңішке рельефті (бретон), рельефті енді (брабант), орыстың (торшон) түрлері жатады.

Өрілген (басонные) шілтерді мақта маталы иірімді, вискозды және капронды қүрамдас жіптерден өрнекті екі жіптің жүйелі айқасынан дайындайды. Кестеленген шілтерлер тегіс боялған мақта маталы немесе жіңішке трикотаж жаймамен, ал сирек капронды маталарда кестелеу автоматтарында кестеленеді. Әр түрлі суреттерді кестелеу автоматтарында мақта маталы, вискозды жіптерден орындайды. Кесте бүкіл жайма бойы- мен өңделеді, оны арнайы машиналарда керекті енді жолақтарға кесіледі. Бүл шілтерлерді әйелдер трикотаж іш-киімдеріне қолданылады.

Гипюр (ауалы кесте). Кесте мата бойымен мақта маталы иіріммен орындалады, ал кейін оны алып тастайды, соның арқасында кестелен- ген сурет фонсыз қалады. Кестені термоөңдеуден және механикалық әсерден кейін алып тасталынатын, алюминий түздары сіңген мақта маталы матада кестелеу автоматында орындалады. Жіңішке гипюрді өңдеу кезінде ерітіп жіберілетін табиғи жібек матасынан кестелеп жа- сайды. Гипюр - ауыр, массивті шілтер, блузка және көйлектерді әрлеу үшін қолданылады.



Тюль (тор) - ағартылған немесе түрлі-түсті алты қырлы немесе төрт қырлы үяшықты формалы тор жайма. Қолданылатын шикізатқа байланысты тюль мақтақағазды, жартылай жібек (вискозды жіптермен) және синтетикалық болады. Тюль тегіс және өрнекті, суреті бар болып бөлінеді, тюльді іш киімді, көйлектерді, блузкаларды әрлеуге қолданылады. 12.5., 12.6., 12.7- суретте кестеленген, гипюр шілтерлер көрсетілген. Кесте 12.1 - Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтерлер

Тігісті - арнайы машинада дайындалған кестеге қосылған тесіктері бар ағартылған жіңішке мата жолағы. Тігісті түрін жиек және басып тігілген

түрінде шығарылады, әйелдер және балалар бүйымдарын әрлеу үшін қолданылады. Тігісті түрін әрлеуіш мата түрімен шатастыр- мау қажет, олар

тігіс түріне үқсас кестелі болып келеді, бірақ өлшенген жайма түрінде шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет