Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалык комитет (СЕНЭЛЕК)



бет9/16
Дата07.02.2022
өлшемі380 Kb.
#85612
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
общий про стандарт

Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалык комитет (СЕНЭЛЕК)
СЕНЭЛЕК екі еуропалық үйымдар - ЕАСТ пен ЕО-ға (ол кезде ЕЭО) мүше-елдер электртехникалары стандарттарын үйлестіру жөніндегі еуропалық комитеттерін 1971 жылы біріктірумен қүрылды.
СЕНЭЛЕК-ке 16 Еуропа елдері - Австрия, Бельгия, Үлыбри-тания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция мүше. Олардың барлығы (Люксембургтен басқалары) үлттық электртехникалық комитеттерімен кірген және МЭК-тің мүшесі болып келеді.
Үйымның басында - Бас ассамблея. Оғ&н мүше-елдердің стан-дарттау жөніндегі үлттық үйымдары мен үкімет органдары және ЕО мен ЕАСТ өкілдері кіреді. Бас ассамблея мүше-елдер үлттық үйымдары делегациясынан (5 адамғадейін)түратынӘкімшілік кеңесін қүрады. Стандарттау үшін жауапты қүрылымдары СЕН-дей СЕНЭЛЕК олармен тығыз қызметтес (19-сурет).
СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты - ЕО және ЕАСТ-пен тығыз ын-тымақтаста электртехникалық өнімдер стандарттарын әзір-леу. СЕНЭЛЕК стандарттары бірыңғай еуропалық нарық қү-руға қажет қүрал ретінде қаралады.
СЕНЭЛЕК жұмыстарының басты бағытының мөні - мүше-елдер үлттық стандарттары, стандарттар талаптарына бүйым сәйкестігін сертификаттау тәртіптері арасындағы кез-келген техникалық айырмашылықтарды жою және сол арқылы элек-тртехника салаларының өнімдері саудасындағы техникалық кедергілерді болдырмау.
Жаңа технологиялар төңірегінде стандарттау жөнінде жү-мыстар жоспарланғанда ЕО пен ЕАСТ талаптары ескеріледі, СЕН және басқа үйымдардан мамандар қатыстырылады. Егер информатикаға қатысты мәселелерді шешетін болса, онда еуропалық конференцияға қатысуға пошта мен телебайланыс басшы органдарын* шақырады.
*СЕНЭЛЕК жоне СЕН жүмыстарындағы кайталануларды болдырмау үшін осы үйымдармен бірігіп Акпараттық технологияларды баскару комитеті күрылды.
СЕНЭЛЕК-тің негізгі стандарттау нысандары мыналар:
- түрақты тоқтағы номиналды күші 75-1500 В, ауыспа-лыдағы - 50-ден 1000 В өндірістік және түрмыстық жабдық-тары;
- медицинаэлектржабдықтары;
- электрмагниттік сыйысымдылық, оның ішіне радио кедергілер де кіреді;
- жарылуқауіпті атмосферада (жарылыстан қорғалған жабдықтар) пайдалануға арналған жабдық;
- өлшеу қүралдарын, электрондыларды қоса метрология-лық қамтамасыз ету.
СЕНЭЛЕК осылардан басқа, ЕО жөне ЕАСТ тапсырмасы-мен еуропалық нарық өте қажетсінетін, бірақ олардың енуіне болып түрған және болашақта болуы да мүмкін техникалық кедергілерді болдырмайтын электржабдықтардың жеке түр-леріне еуропалық стандарттар әзірлейді.
СЕНЭЛЕК қызметінің тағы бір бағыты - бағдарламалық комитеттер үсыныстары мен нүсқауларын қарауға арнайы қү-рылған Техникалық кеңес басқаратын стандарттарды үйлес-тіру. Бүл жүмыс МЭК-ті қайталауды болдырмау, сондай-ақ еуронорма немесе аймақтық ретінде оларды қабылдау базасы сияқты МЭК халықаралық стандарттарын (және де олардың жобаларын) мезгілінде қолдану үшін қажет. Осындай талдау аймақтың басқа үйымдарына да қатысты жасалынады.
Егер қандай да болмасын халықаралық стандарт базалық ре-тінде таңдалған болса, онда СЕНЭЛЕК стандарттау жоніндегі барлық үлттық үйымдарға осы тоңіректе стандарттау әзірлеуді тоқтатуды үсынады. Халықаралық негізде жасалынған СЕН-ЭЛЕК еуропалық стандарты үлттық ретінде болып қабылданады. СЕН/СЕНЭЛЕК жалпы ішкі ережелерімен қаралған осындай тәртіп «Әрекет етпеу туралы келісім» - деп аталады.
СЕНЭЛЕК еуронормасы (ЕЬІ) - мүше-елдер үлттық нор-мативтік қүжат ретінде қабылдаған, келісілген техникалық мәтіндегі еуропалық стандарты. Үйым ережесі стандарт мә-тініне қандай болмасын өзгертулер енгізуге рүқсат етпейді.
ЕЫ үш ресми тілде (ағылшын, француз, неміс) жарияла-нады, бірақтитуль бетін индоссамент* туралы ресми өтініш-пен басуга болады. Еуронормалардың нөмірленуі 50001 басталады. Е^ жариялау (басу) елдер тілінде мәтінді нақты сақтау (орындау) және кез келген ауытқуларсыз үлттық деңгейде жі-беріледі. Стандарттарды пайдалануға анау-мынау үлттық ерекшеліктердің жағдайлары оған ақпараттық қосымша фор-масында енгізілуі мүмкін.
Индоссамент - қандай да болсын қүжатты (бүл жағдайда стандартты) бір жактан басқағаберу күкығын куоландыру. Бүл жағдайдаСЕНЭЛЕК-тен үлттык үйымдарға беруде.
СЕНЭЛЕК пен СЕН техникалық органдары жүмыстары-ныңүқсастығынақарамай, Электрондықкомпонентжөніндегі комитет (СЕСС) пен Бағдарламалық комитеттер ерекшелік-терін атап өту қажет. СЕСС өте ерекшелік төңірегінде қыз-меттер болып саналатын электрондық компоненттер сапасын бағалаумен айналысады. Сондықтан, комитеттің өзінің жеке Бас хатшылығы болады және СЕНЭЛЕК Бас ассамблеясына тікелей бағынады. СЕСС-тің жеке бюджеті мүше-елдер жар-насынан қүралады.
Бағдарламалық комитеттер сессия кезінде Бас ассамблеяға есеп береді, бірақ олардың қызметтері СЕСС және Ақпарат комитетіне қатысы жок. Бағдарламалық комитеттер СЕН-ЭЛЕК қызметтерін түзету мақсатында барлық деңгейдегі стан-дарттау жөніндегі жүмыстарды үдайы қадағалап отыруға мін-детті. Осындай дәрежеде СЕН сияқты, СЕНЭЛЕК еуропалық стандарттар өзірлеу мен қабылдауды жеделдетуге мүдделі. Бүл бағытта бірнеше шаралар қабылданады: сүраныс пен дауыс беру этаптарын біріктіру, аудару қызметтерін жеделдету, олардың индоссаменттуралы шешімдерін тез қабылдау үшін МЭК стандарттарын (жоба мен оны жариялау кезеңдерін де қоса) қарауға СЕНЭЛЕК техникалық комитеттерінің барлы-ғының қатысуы туралы шешімді қабылдау. Барлық мүше-ел-дерге СЕНЭЛЕК стандарттарын әзірлеуде база ретінде қол-дануға МЭК-те түп нүсқасы (аналогы) жоқ үлттық стан-дарттар ішінен табу үшін, оларға талдау жүргізу үсынылды.
Жоғарыда айтып откендей, ақпараттық қамтамасыз ету еуро-палық одақ комиссиясы мен ЕО сөйкес директивасы негізінде атқарылады. Осы сферадағы қызметтерді реттеу үшін ақпараттық технологияны басқару комитеті қүрылды, ал әзірлемелерге қатысуда қайталануды болдырмауға пошта мен телефон-телеграф байланысы еуропалық конференциясы кірістіріледі.
Ақпарат технологиясын басқару комитеті стандарт жобаларын дайындау техникалық тапсырмаларын жоспарлау және орналастыру, ерекше маңызды стандарттар қабылдауды же-делдету бойынша үсыныстар дайындау мен жүмыс графигін қүрастырулармен айналысады.
Ақпараттық технология тоңірегінде комитеттен басқа екі мақсатты сараптау - ақпараттықтехнологияны сертификаттау және ондірістік технология тоңірегінде стандарттау қажетті-лігі мәселелері бойынша кеңес беру топтары жүмыс істейді.
СЕН/СЕНЭЛЕК бірнеше бірлескен жүмыс топтары жүмыс атқарады:
- конфиденциалды хабарламаларды өңдеу, локальді желі-лер, файлдарды ауыстыру, әкімшілік қүжаттар және басқа жүйелер бойынша;
- еуропалық стандарттаудың негізгі бағыттары бойынша барлық мүдделі жақтар келісіміне жеткізу мақсатын атқара-тын ашық жүйе - еуропалық жүмыс топтары. Бүл топтың тех-никалық қүжаттары барлық халықаралық үйымдар мен СЕН/ СЕНЭЛЕК арналған.
Ақпараттық технология мен электрбайланыстар төңірегін-де СЕНЭЛЕК-тің соңғы жылдары ЕО-да ролі біршама ескен, сондай-ақ Еуропалық электрбайланысы төңірегіндегі стан-дарттау институты - ЕТСИ-мен тығыз ынтымақтастықта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет