Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі380 Kb.
#85612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
общий про стандарт

Бесінші кезең - макроортаның кез-келген факторларымен (саясатты езгерістер, әлеуметтік және экономикалық фактор-лар және басқалары), жаңа нарыққа компанияның шығуымен, жаңа өнімнің жаңа бәсекелестерінің шығуымен және тағы да басқалармен байланысты саясатты мақсаттар мен міндет-терді кезеңмен талдау.
14000 сериялы: ИСО стандарттары шетелдерде кеңінен ен-гізілген және экосертификаттаудың нормативтік базасы қыз-метін атқарады. ЕО-да 14001 ИСО қабылдау мен жариялануға дейін 1993 жылы «Қоршаған орта менеджменті мен тексерулер жоніндегі» Бағдарламасы қабылданған, соған
байланысты онда 14000 ИСО мен ЕМА8 талаптарына екі сәйкестік экосертификат түрлері бар.
Батыс еуропа елдері арасында экоменеджмент төңірегінде Германия көш басшы. Онда мыңғажуық компания 14000 сер-иялы ИСО стандарттарын енгізді және жүйені сертификаттады.
Әлемдік масштабта осы стандартты ендірген фирмалар мөлшері бойынша бірінші орында Жапония (1000 аса компания).
АҚШ-та НССР (Нагагё апсі Сгігісаі Сопігоі Роіпіз) жүйесі әзірленген және кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты идеясы -тәуекелдерді сараптау мен тұтынушылар қауіпсіздігіне қатысты экоменеджменттегі қиын жерлерді анықтау. Жүйелердің қолданылу орнын бәрінен бүрын тағам онімін ондіру сферасынан (жекелегенде, қүс етін ондіру фабрикаларынан) табуда.
ТМД елдері бойынша Ресейде 14000 сериялы ИСО стан-дарттары мемлекеттік ретінде мүқабалық әдіспен қабылданды. РесейлікСТ/ИСО НОООэкоменеджментібойыншахалық-аралық стандарттардың аутенттік мәтінінде, бірақ аздаған толықтырулармен берілген.
Қазақстанда қоршаған орта сапасы менеджменті жүйелерінің мемлекеттік стандарты жобалары, оны пайдалану бой-ынша жалпы талаптар мен үсынымдар жасалынып, толықтырылу үстінде. Олар 14001 ИСО халықаралық стандарттары аутенттік мәтінінде жасалуда, бірақ аумақтық ерекшеліктерді де ескеруде. Стандарттың қолданылу саласы - бақылау жасауға мүмкін және жасау қажет үйымдастыру іс-әрекеттері экологиялық жүйелері немесе қоршаған ортаны қорғаудың аспектілері. Бірақ ол қоршаған ортаның нақты параметрлерін мемлекет орнатады дегенді білдірмейді. Стандартты, өз іс-әрекеттерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекет саясатына сәйкес екеніне куә болғысьмселетін, жүйесіне сертификаттау жүргізгісі келетін, жүйенің нағыз стандартқа сәйкестігі туралы өтініш-декларация жасау мен ез-өзін бағалағысы келетін мақсаттарды кәздейтін кез келген үйымдар пайдалануға болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1Стандарттау жөніндегі қызметтер?
2Стандарттаудың әр саладағы орны?

Ұсынылатын әдебиет:


1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.
4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
Дәрістің сабағының құрылымы:

№15 дәріс Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдар


Дәрістің мазмұны:


1 Стандарттау жөніндегі халықаралық ИСО ұйымы
2 Өңірлік ұйымдар

1 Халықаралық байланыстардың үздіксіз кеңейе түсуі, стандарттаудың жеке мемлекет шеңберінде шектеліп қалуына мүмкіндік бермейді. Түрлі елдердің саудалық, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта жетістіктерге жетуіне, бірінші кезекте халықаралық стандарттаудың маңызы орасан. Халықаралық стандарттарды өзірлеу қажеттілігінің әбден көзге көріне түсу себебі халықаралық сауданың осу қарқыны үлттық экономиканың дамуынан 3-4 есе асып түрса да әлемдік нарыққа үсынылған бірдей енімдердің үлттық стандарттарындағы айырмашылықтар халықаралық сауданың дамуына кедергі бола берді.


Мысалы, откен ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен көп-теген басқа елдердің теледидар стандарттарының айырмашы-лықтары болуына байланысты АҚШ өз теледидарларын экспортқа шығарудан бас тартты. Голландияның «Филипс» фир-масына импорт алатын ел талаптарын қанағаттандыру үшін бір радиоқабылдағыштың 12 вариантын (кернеу, жиілік, тоқ-тың күші және т.б. бойынша) жасау қажет болды. Тіпті бір кездері фирманың конструкторлық схеманы ауыстырып көп-теген қосымша бөлшектер, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануына тура келді.Ол әрине көп уақыт пен қаражат жұмсауына әкеліп соқты.
Бірыңғай өлшем жүйесі - метрлік жүйені қабылдауға дей-ін, бүрынғы еліміздің орман ағашын Англияға экспорттау-ында кеп қиындықтар болды, себебі ол елде дюймдік елшеу жүйесі қолданылатын. Сондықтан бірқатар ағаш дайындайтын көсіпорындар жүмыстары дюймдік жүйеге мамандануы-на тура келді. Тек Англия метрлік өлшеу жүйесін қабылдағанда ғана ол қиындықтар жойылды.
Халықаралық сауданың күрделі мәселйлерін шешуде стан-дарттаудың коммуникативтік қызметі (функциясы) нақты көрінеді. Халықаралық стандарттау адам, энергия және ақпараттардың араласуына ықпал жасайды, сондықтан халықаралық стандарттарды нарықты ашатын кілтпен теңестіруі кездейсоқтық емес.
Стандарттау ауқымындағы халықаралық ғылыми-техни-калық ынтымақтастықтың негізгі міндеті - үйлесімділік. Яғни, стандарттар деңгейін отандық енім сапасын және оның әлем-дік нарықтағы бәсекеге қабілеттігін көтеру мақсаттарында ұлттық стандарттау жүйелерін халықаралық, аймақтық және шетелдік алдыңғы қатарлы үлттық стандарттау жүйелерімен үйлестіру.
Халықаралық ынтымақтастық стандарттаудың халықаралық және аймақтық ұйымдар бағытында атқарылады.
Халықаралық стандарттау төңірегінде Халықаралық стандарттау үйымы (ИСО), Халықаралық электртехникалық комиссия (МЭК), Халықаралық электрбайланыс одағы (МСЭ) және басқа да кептеген ұйымдар жүмыс атқарады.
ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы
Ұйым 1947 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. ИСО-ның стандарттаудагы қызмет аясы өте кең, бірақ оған МЭК құзыретіне жататын электроника мен электртехникалары ғана кірмейді. ИСОжүмысына 120-данасаелдерқатысады. КСРО ұйымды алғашқы қалаушылардың бірі болды. ИСО-ның қаражат қоры мүше-елдер жарнасы, стандарттар мен басқа басы-лымдар сату, сондай-ақ қайырымдылықтардан қүралады. ИСО басшы органдары - Бас ассамблея, ИСО Кеңесі, Кеңес комитеттері, Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық; ИСО-ның жоғары органы - Бас ассамблея.
Бас ассамблея - мүше-комитеттермен тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиналысы. Әр мүше-комитеттен үшеуге дейін делегат қатысуға құқылы, бірақ олардың бақылаушылары еріп барады. Мүше-корреспонденттер мен мүше-абоненттер бақылаушы ретінде қатысады.
Бас ассамблеяның сессия аралық кезеңінде үйымның жүмы-сынастандарттау жөніндегі үлттықүйымдардыңөкілдері кіретін Кеңес жетекшілік жасайды. Кеңес қарамағында ИСО техникалық комитеттеріне басшылық жасайтын атқарушы бюро қүрылған.
Халықаралық стандарттар жобаларын техникалық комитет шеңберінде іс-әрекет жасайтын тікелей жүмысшы топтары әзірлейді.
ИСО өз міндеттерін тауарлар және корсетілетін қызметтермен халықаралық алмасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ интеллектті, ғылыми-техникалық мен экономикалық салалардың ынтымақтастығын дамыту мақсатында дүниежүзінде стандарттауды және стандарттаумен сабақтас қызметтер түр-лерін дамытуға ықпал етумен анықтайды.
Стандарттаудың негізгі нысандары мен стандарттар мел-шері (жалпы мөлшерден алынған %-ы) үйым мүдделерінің кең диапазонын сипаттайды:
Машинажасау-29; Химия- 13; Металемес материалдар ;Кендер мен металдар; Ақпараттық техника-8; Ауыл шаруашылығы-8; Қүрылыс-4; Арнайы техника-3; Денсаулық сақтау мен медицина-3; Негіз қалаушы стандарттар -3; Қоршаған орта- 3;Тауарларды буып-түю мен тасымалдау-2;
ИСО стандарттары әлемде өте кең көлемде пайдаланылады. Олар 100 млн асады, ал жыл сайын 500-600 стандарттар қайта қаралып және қабылданып жатады.
Техникалық комитеттер (ТК) - жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жүмыстар атқаратын ко-митеттерге бөлінеді. Жалпы техникалық комитет (ИСО-да олар 26) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді ше-шеді. Оларға, мысалы, «Өлшем бірліктері» 12ТК, «Үнамды сандар» 19ТК, «Терминология» 37ТК жөне тағы басқа коми-теттер жатады. Техниканың нақты салаларында жүмыстар ат-қаратын ТК (140 жуық), мысалы, «Автомобильдер» 22ТК, «Станоктар» 39ТК және тағы басқалары кіреді. Атқаратын қызметтері саланы (химия, авиациялық және ғарыштық тех-ника және тағы басқалар) түгелдей қамтитын техникалық ко-митет бөлімдер мен жүмысшы топтарын үйымдастырады.
ИСО-ның әр мүшесі мүдделілік дәрежесіне қарай өр тех-никалық комитет жүмысына езінің қатысу статусын анықтайды. Олар бақылаушы ретінде де белсенді мүше болуы керек. Халықаралық стандарт жобасы техникалық комитеттің белсенді мүшелерінің кепшілігінен (75%) қүптау алса, онда ол қабылданды деп есептелінеді.
Қазір шамамен 11 мың ИСО халықаралық стандарттары қолданыста. ИСО халықаралық стандарттарының 75% негіз қалаушы стандарттар, немесе сынау әдістерінің стандарттары.
Халықаралық стандарттау төжірибесінде енім стандарт-тарын әзірлеудегі негізгі күш өнімге бірыңғай сынау өдістемелерін, маркілеу, терминдеу талаптарын орнату, яғни енімді қай ел өндіретіні мен пайдаланатынынақарамай дайындаушы мен түтынушының езара үғынулары оларсыз мүмкін еместей болатын аспектілерге аса көңіл белу болып табылады. Со-нымен қатар, халықаралық стандарт енімнің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігі, өзара ауыстырымдылығы мен техникалық сыйысымдылығына қатысты талаптарын қою. Нақты енім сапасына қойылатын басқа талаптарға келетін болсақ, онда оларды халықаралық стандарт-тың белгілеуі қажет емес. Түтынушылардың түрлі категория-лары үшін нақты енім сапасының нақты нормасы тікелей келісім-шарттағы (контракт) баға арқылы қалпына келтіріледі.
ИСО-ның жалпы техникалық және салааралық техникалық комитеттер қызметтерінің нәтижелерін қарай отырып халықаралық өлшем бірлігі жүйесін әзірлеуі, бүрамның метрлік жүйе-сін, барлық келік түрлерімен жүк салатын контейнерлердің стандарттық размері мен конструкциясы жүйесін қабылдауы оның үлкен жетістіктері екенін атап ету керек. Қазіргі кезде 1979 жылы қүрылған «Сапаны қамтамасыз ететін жүйелер» 176ТК-нің жүмысы ерекше кеңіл аудартады. Оның міндетіне сапаны қамтамасыз ететін жүйе жасаудың негіз қалайтын принциптерін стандарттау мен үйлестіру кіреді. 1987 жылы кәсіпорындардағы енім сапасы мөселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 сериялы ИСО-ның терт стандартының бірінші үқсамы, ал 1994 жылы езгертулер енгізуден кейін - екінші, ал 2000 жылы келесі үқсамы жарияланды.
ИСО Кеңесіне жеті комитет- ПЛАКО,, СТАКО, КАСКО, ИНФКО, ДЕВКО, КОПОЛКО және РЕМКО кіреді.
СТАКО халықаралық стандарттар әзірлеу принциптері мен әдістемелері бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпарат-тық комек жасауға міндетті. Комитет күшімен берілген салада қолайлы нәтижелерге жету бойынша үсыныстар дайындау мен стандарттаудың негіз қалаушы принциптерін зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, СТАКО терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану женінде семинарлар үйымдастырумен айналысады.
ПЛАКО жүмыстың техникалық жақтарын үйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жүмыстарын жоспарлау жөнін-де үсыныстар дайындайды. ПЛАКО жұмыстарының сферасынатехникалық комитеттерді қүру мен тарату жөніндегі үсы-ныстарды қарау, комитеттердің айналысуы қажет стандарттау ауқымын анықтау кіреді.
КАСКО - өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақүлдау мәселелерімен айналысады, осы іс-әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайды. Комитет өнім, көрсеті-летін қызмет, сапа жүйелерінің сәйкестігін бағалау (серти-фикаттау) мен сынаулар, сертификаттау жөніндегі сынау зерт-ханалары мен органдарының қүзыреттілігін растау бойынша нүсқаулар әзірлейді. КАСКО жүмыстарының маңызды аясы - үлттық және аймақтық сертификаттау жүйелерін өзара мойындау мен қабылдау, сондай-ақ сынау мен сәйкестікті мақүлдау төңірегінде халықаралық стандарттарды пайдала-нуға ықпал ету.
КАСКО мен МЭК бірлесіп ИСО мен МЭК мүше-елдері кеңінен пайдаланып жатқан сертификаттаудың түрлі аспек-тілері жөніндегі бірқатар нүсқауларды өзірледі. Ол қүжаттар-дағы келтірілген принциптер үлттық сертификаттау жүйелер-інде ескерілді және де түрлі аймақтардағы елдердің сауда-экономикалық байланыстарында өзара жеткізілетін өнімдер сәйкестігін бағалау жөніндегі келісімдер үшін негіз болды. Сонымен қатар КАСКО сынау зертханаларын аккредиттеу мен аккредиттейтін органдар жүмыстарының сапасын бағалау бойынша аудиторларға жалпы талаптар дайындау және өнім мен сапажүйелері сәйкестігі сертификаттарын өзара мойын-дау мәселелерімен айналысады.
ДЕВКО дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңіре-гіндегі сүраныстарын зерттейді және сол елдердің осы сала-сына ықпал етуге үсынымдар әзірлейді.
ДЕВКО-ның басты функциясы:
- дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық ас-пектілерін кең көлемде талқылаулар үйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау;
- дамыған елдердің түрлі оқып-үйрету орталықтары база-сында стандарттау жөнінде мамандар даярлау;
- дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын үйымдар мамандарын тәжірибе жинақтауғажіберуге ықпал ету;
- дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу қүралдар дайындау;
- стандарттау және метрология төңірегінде өнеркәсібі да-мыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің екі жақты ын-тымақтастығының дамып-жетілуіне себепші болу. Бүл бағыт-тарда ДЕВКО БҮҮ-мен қызметтес болып келеді. Біріккен әрекеттердің, әсердің нәтижелерінің бірі халықаралық оқыту орталықтарын қүруы мен оның қызмет етіп жатуы.
КОПОЛКО міндеттеріне мыналар кіреді:
- өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ үлттық және халықаралық стандарттауға түтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау;
- тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған үсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып-үйрету бағдарламасын стандарттау позициясында жасап шығару;
- стандарттау, түтыну тауарларынастандарттарды қолдану (пайдалану) және түтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойыншажүмыстарғатүтынушы-лардың қатысу тәжірибелерін жинақтау.
КОПОЛКО қызметтерінің нәтижесі - түтыну мекемелері мүддесіне қажетті үлттық және халықаралық стандарттар тізімдерін басып шығару және де түтыну тауарлары сапасын бағалау басшылықтарын, нүсқауларын дайындау. Олардың кейбіреулерін көрсетейік:
12 нүсқау «Түтыну тауарларын салыстымалы сынаулар»;
14 нүсқау «Түтынушыларға тауар туралы ақпарат»;
36 нүсқау «Түтыну тауарларының эксплуатациялық си-патын өлшеудің стандартты әдістерін әзірлеу».
ИНФКО қүзыретіне мыналар жатады:
- ақпараттық қызмет көрсетулер, деректер базалары, мар-кетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңі-ректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру;
- стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру;
- ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жүмыстарын бақылау және басшылық жасау.
Осы негізгі міндеттерден басқа, ИНФКО ақпараттық іс-әрекеттеріне байланысты көп мөлшерде мынандай жүмыстар атқарады:
- стандарттау жөнінде ақпараттық орталықтар үйымдас-тыру мен ақпараттық орталық жүмысы бойынша нүсқаулар озірлейді;
- ақпарат және маркетингтік қызмет көрсетулер нарығына талдау мен зерттеулер жасайды;
- ақпаратжинау, сақтау, іздестіру, алмасуларының жалпы принциптері бойынша үсынымдар қүрастырады жөне тара-тады;
- ИСО-ға қүжаттар жасау мен тарату жүйелерін үйымдас-тырады және жүргізеді, осы жүйелердің өзара әрекеттеріне ықпал етеді;
- ақпараттық қызмет көрсетулер төңірегіндегі халықаралық стандарттарды көпшілікке танымал етеді және оларды пай-далануды мадақтайды;
- түрлі ақпараттық орталықтар жүмысы туралы тәжірибе мен ақпарат алмасуды үйымдастырады;
- ақпаратжәне оған байланысты қызметтер мәселелері бой-ынша халықаралық үйымдармен қызметтес болады;
- ИСОНЕТ мүшелерін қабылдау мен тіркеу бойынша әре-кеттер жасайды.
Осындай кең көлемдегі жүмыстар комитеттің қазіргі атау-ына негіз болды (бүрынғы атауы Ақпарат жөніндегі комитет).
ИНФКО-ның мүшесі ИСО мүше-комитеттердің кез келгені бола алады, егер оның жүмыстарына қызығушылық танытатын болса;<ГМүшелік үш категорияға бөлінеді: нағыз мүше (Р), бақылаушы (О), мүше-корреспондент.
ИНФКО қүрамына Басқару кеңесі мен ақпарат, жүйелер және маркетинг жөніндегі топтар кіреді. ,
ИНФКО жақын болашаққа мынадай мәселелерді белгілейді:
- стандарттар туралы халықаралық электрондық ақпарат қызметін жасау женіндегі ұсыным әзірлеу;
- ақпаратты қағаз жүзіндегі жөне электрондық тасымалдаудағы авторлық қүқықтарды қорғау бойынша жалпы басшылық принциптер дайындау;
- халықаралық стандарттау төңірегінде маркетингтің стратегиясын жоспарлау мен шешу міндеттері, оның ішіне Комитеттің өзінің қызметтерін жетілдіруге байланысты міндет-тер де кірді.
Комитет 61 нағыз-мүшелер мен 16 бақылаушы-мүшелерден түрады.
ИСОНЕТ ақпараттық жүйесі ИНФКО ақпараты жөніндегі топ қүрамына кіреді.
ИСОНЕТ-тің басым мақсаттары:
- халықаралық және үлттық стандарттар туралы, стандарт-тау жөніндегі қүжаттар туралы, стандарттау төңірегіндегі кітаптар, анықтамалар мен оқулықтар басып шығару туралы ақпараттар алмасуды қамтамасыз ету;
- басқа халықаралық үйымдар (БҮҮ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ жөне басқалары) ақпаратжүйелерімен байланыс орнату және бірыңғай ақпарат тілі – тезаурусты жасау.
ИСОНЕТ-тің 60 аса үлттық мүшелері, 10 жуық ассоциа-циялық пен халықаралық мүшелері және ИСО/МЭК ақпарат орталығы бар.
РЕМКО стандартты үлгілерге (эталондар) қатысты мәсе-лелер бойынша сәйкес нүсқаулар әзірлеумен ИСО-ға әдісте-мелік көмек жасайды. Оған «Халықаралық стандарттардагы стандарттар үлгілеріне сілтеме», «Стандартты үлгілерді аттес-тациялау. Жалпы және статистикалық принциптер» және тағы да басқа стандартты үлгілер анықтамалары мен бірнеше нүс-қаулар жатады. Бүлардан басқа, РЕМКО стандартты үлгілер бойынша ИСО қызметтерін халықаралық метрологиялық үйымдармен үйлестіруші, атап айтқанда МОЗМ - Заңнамалық метрология халықаралық үйымымен.
Ақпараттық қамтамасыз етуде үлттық стандарттар нүсқау-ларын дайындауғаәдістемелік негіз болатын стандарттау же-ніңдегі халықаралық жіктеуіштің маңызы зор. Бірнеше елдер (Канада, Исландия, Ирландия, Италия және басқалары) стан-дарттау женіндегі халықаралық жіктеуішке оздерінің ақпа-раттық жүйелерін енгізіп қойған. Қазақстан бүл жүйеге жақын болашақта енуге іс-әрекет етуде.
ИСО-ның қазіргі кездегі өте маңызды, мәні зор міндеті -стандарттар қоры қүрылымын жетілдіру%90-шы жылдардың басында машина жасау, химия (12,5% жуық) салаларының стандарттары асып артылды. Ал, денсаулық сақтау мен меди-цина теңірегіндегі стандарттардың барлық үлесі 3,5% болса, қоршаған ортаны қорғау 3% тоңірегінде. Салыстырмалы онша кеп емес үлес (10,5% жуық) информатика, электроника және ақпараттық қамтамасыз ету салалары стандарттары алды. Болашақтаәлеуметтік сфералар (қоршаған ортаны қорғау, денсаулықсақтау), сондай-ақ ақпараттық технологиялар ИСО қызметтерінде басты болуы қажет.
Нақты өнімнің әлемдік дайындаушылары болатын елдер мен фирмалардың бүкіләлемдік нарықтағы қызу бөсекелестігі халықаралық стандарт әзірлеу этапында басталады және кө-рінеді. Стандарттау женіндегі аймақтық және халықаралық үйымдардың арасында көшбасшылық үшін тартыстар үдайы жүріп жатады және солай болғандықтан да экономикасы дамыған елдердің нақты халықаралық стандарт жобасына сөй-кес үлттық стандарттарын көру толық әділдік және олар осы жобада оздерінің үлттық мүдделерін көрсету үшін күреседі. Барлық техникалық комитеттер әзірлеген ИСО халықаралық стандарттарының жалпы мөлшерінің 70% астамы әлемдегі өндірісі жетілген елдердің үлттық немесе фирмалық стандар-тына сәйкес болуы кездейсоқтық емес.
Қандай да болмасын елдердің халықаралық стандарт әзір-леуде кошбасшы болуы, көп жағдайда олардың мамандары-ның ИСО, МЭК, ЕО жүмыс органдары - техникалық комитет, комитет болімі, жүмыс тобында қатысу дәрежесімен анықталады.
Қазіргі кезде ИСО-ның 3 мыңға жуық жүмысшы органда-ры болса, оның ішінде 185 техникалық комитеттер, 636 коми-тет бөлімдері, 1975 жүмыс топтары мен 36 мақсатты топтар қызмет атқарады.
Халықаралық стандарттар жасау жүмыстарымен тікелей техникалық комитеттер мен оның бөлімдері және нақты ба-ғыттағы жүмыс топтары айналысады.
ИСО-ның ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс. ИСО-ның жалпы халықаралық стандарттарының 70% жуығы орыс тіліне аударылған.
Халықаралық стандарт дайындау схемасы мынадай тәр-тіппен жүргізіледі: мүдделі тараптар мүше-комитет, техни-калық комитет, Бас ассамблея комитеті (немесе ИСО-ға мүше емес үйым) атымен ИСО-ға стандарт әзірлеуге тапсырыс жі-береді. Бас хатшы мүше-комитеттермен келісім бойыншаТех-никалық басқару бюросына сәйкес техникалық комитет қүру туралы үсыныс береді. Техникалық комитет мынандай жағ-дайда қүрылады: егер кепшілік мүше-комитеттер жақтап дауыс берсе және олардың бесеуден кем емесі сол комитетке белсенді мүше болуға емеурін танытса, ал Техникалық басқару бюросы болашақ стандарттың халықаралық маңызды-лығынакүмән келтірмесе. Әдетте, жүмыс процесінде барлық мәселелер техникалық комитет қызметтеріне белсенді қаты-сушы мүше-комитеттер консенсусы негізінде шешіледі.
Стандарт жобасына қатысты консенсусқа жеткеннен соң, техникалық комитет оны дауыс беруге барлық мүше-комитеттерге жіберу мен тіркеу үшін Орталық хатшылыққа откі-зеді. Егер жобаны дауыс берушілердің 75% қүптаса, ол халықаралық стандарт ретінде жарияланады.
ИСО техникалық жүмыстарына әлемнің түрлі елдерінен 30 мыңнан аса сарапшылар қатысады. ИСО әділ және бейта-рап үйым ретінде әлемдік беделге ие және ірі халықаралық үйымдар арасында өте жоғары статусты.
ИСО халықаралық стандарттары міндетті емес, яғни әр ел оларды толық қолдануға, кейбірін жекелеп қолдануға немесе тіпті қолданбауға қүқылы. Бірақ, әлемдік нарықтағы қызу бәсекелестік жағдайларында, өнім дайындаушылар өздерінің бүйымдарының бәсекелестікке қабілеттілігін сақтауға ты-рысып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр бо-лады. Шетелдік мамандардың бағалауынша алдыңғы қатарлы әндірісі дамыған елдер ИСО-ның барлық фондының 80% дейінін қолданады. Экономикасы көп дәрежеде сыртқы сау-даға байланысты басқа елдердің де халықаралық үйымдары ИСО стандарттарын өте кеңінен пайдаланады. Оларға сыртқы саудасының үлесі ендірісінің жалпы келеміне қатынасы 40-50% қүрайтын Нидерланда, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания жатады. Бүл елдер халықаралық стандарттар бар салаларға өздерінің үлттық стандарттарын жасамауға тырысады.
2 Өңірлік ұйымдар
1992 жылы қабылданған үкіметаралық болып есептелінетін ТМД шеңберіндегі стандарттау, метрология және сертификаттау жүмыстарын «Стандарттау, метрология және сертификаттау ауқымында келісімді саясат жүргізу туралы» Келісімге сәйкес жүргізу үшін ТМД қүрамына кіретін барлық елдердің Үлттық үйымдары бірігіп Мемлекетаралық Кеңес қүрды. Мемлекетаралық Кеңес мемлекетаралық стандарттар (МСТ)* қабылдайды.
1995 жылы ИСО Кеңесі ТМД елдерінің Мемлекетаралық Кеңесін аймақтық стандарттау ұйымы деп таныды.
Мемлекетаралық Кеңес үйымындағы стандарттау ТМД елдері Үлттық стандарттау органдарынан түскен үсыныстарды жалпылау негізінде Мемлекетаралық Кеңес қүрастырған жоспарға сәйкес жүргізіледці 1996 жылдың аяғына дейінгі кезенде 2 мыңнан аса мемлекетаралық стандарттар қайта қаралды және жаңасы жасалындьрҮйымдастыру мәселелері мемлекетаралық ретінде қабылданған «Мемлекетаралық стандарттау жүмыстарын жүргізу тәртібі. Жалпы шарттар» 1.0 МСТ сәйкес шешіледі. Қосымша «Мемлекетаралық стандарттау тәртібі», «Стандарттау мемлекетаралық нормативтік қүжаттарын басып шығаруға дай-ындау және тіркеу тәртіптері» және басқа оларға негіз болатын нормативтік қүжаттар қабылданды.
Сертификаттау төңірегінде, сертификаттау бойынша 21 қү-жаты бар (тағамдық өнімдер мен шикізаттар, ойыншықтар, асханалық қүралдар, темекі, шәй, байланыс қүралдары және бас-қалары) басты өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына бірегей тәртіп қойылған мемлекетаралық нормативтік қүжаттар тізімі қабылданды. Тізімге туризм, техникалық қызмет көрсету, автокеліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, қонақжай сервисі және басқа көрсетілетін қызметтер қүжаттары кіргізілді. Қүжаттардың жартысын әзірлеу Ресейге тапсырылды.
ТМД шеңберінде «Сертификаттау нәтижелерін өзара мой-ындау туралы Келісім» іске асырылуда. Бірақ, бұл төңіректе көптеген ведомстволық сертификаттау жүйелері ережелерінде алшақтықтардан туындайтын мәселелер бар.
*Қүрылыстағы стандарттау мен техникалык нормалау Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының күзырына жататын, күрылыс ауқымындағы стандарттардан баска.
Мысалы, қиындық тудыратын мәселелердің бірі, Ресей тауарларды маркілеуде жүретін сэйкестік сертификатын сойкестік белгіге ауыстыруға көшетінінде.
1988 жылы аккредиттеу сияқты маңызды қүжатқа қол қой-ылды. Аккредиттеу тоңірегіндегі жан-жақты ынтымақтастық туралы хаттамаға ТМД-ның барлық елдері (Украинадан басқа) қол қойды. Стандарттаудың аймақтық үйымы -Мемлекетаралық Кеңесін халықаралық қауымдастықтың мойындайтын белгілері пайдаболабастады; ынтымақтастық туралы МЭК пен СЕН келісімдеріне қол қойылды. Ын-тымақтастық туралы келісім жобасы ИСО-ға жіберілді.
Мемлекетаралық Кеңес жүмысындағы өте көп туындай-тын мәселе сәйкестікке келісу аймақтық жүйесін зерттеп дайындау болып есептелінеді. Бүгінгі күнге дейін өр ел үлттық сертификаттау жүйесі тәртібімен, ездерінің сәйкестік белгі-сімен жүмыс жасауда. Барлық елдердің қүзырлы онімдері бірегей ереже мен сәйкестік белгісіне қажет екеніне үсыныстар жасағанмен, оған көшу қиындық туғызып түр жө-не ол үзақ болатын сияқты. Әсіресе Украина аймақтық жүйе жасау қажет емес деген ойын айтуда.
Мемлекетаралық Кеңесте ТМД елдеріне тікелей еуропа-лық стандарттарды мемлекетаралық стандарт ретінде қолдану жағдайлары туралы мәселе қаралды. Ол ұшін мынандай тәр-тіптер сақталуы (орындалуы) қажет:
- қандай еуропалық стандартқа ТМД стандарты сәйкес ке-летіні туралы форзацта нұсқау болуы керек;
- шығатын деректерде қүжатты кез келген қүралмен қайта шығару тек қана СЕН-нің келісімімен мүмкін екендігі корсе-тілуі қажет;
- ТМД елдерінің еуропалық нормаға қарамақайшы барлық үлттық стандарттары айналымнан алынып тасталуы керек;
- еуропалық норманың тікелей қолданылуы болатын стан-дарттардың барлык кошірмелері міндетті түрде СЕН-ға жі-берілуі қажет.
Мемлекетаралық Кеңес пен СЕН шеңберіндегі келісімдер-дегі тікелей қолданылатын еуронормалар Мемлекетаралық Кеңеске тегін беріледі. Стандарттау, сертификаттау, метро-логия және аккредиттеу бойынша тәрт ғылыми-техникалық комиссиялардың қүрылғаны Мемлекетаралық Кеңес бағыт-тарының қызметтес пен нақтылау тэжірибесінде алға жыл-жығандығы болып есептелінеді.
Метрология төңірегінде бірнеше бағыттарды бірлескен жүмыстар бағдарламапары іске асырылуда: физикалық шама бірліктерінің размерлерін беру; метрологиядағы негізін қалай-тын мемлекетаралық нормативтік қүжаттарды қайтақарау мен зерттеп дайындау; заттар мен материалдар қүрамы мен қа-сиеттерінің стандартты үлгілерін жасау мен пайдалану; ба-қылаудың бүзылмайтын өдістері.
і Мемлекетаралық Кеңестің бірінші кезектегі болашақ міндет-терінің ішінен мыналарды атап өтуге болады: стандарттау, серти-фикаттау және метрология бойыншаИСО, МЭК, СЕН және басқа халықаралық және аймақтық үйымдармен қызметтестікті дамыту;' Мемлекетаралық Кеңес шеңберінде сынақ зертханаларын аккредиттеу Еуроазиялық аймақтық үйымын қүру; бірегей кеңістіктегі стандарттау, сертификаттау жөне метрология жүмыстарын атқаратып болашақ мамандарды оқытатын, осы қызмет түрлері бойынша олардың «бірегей кеңістіктегі» жүмыстарын ескере, оқу пәндерін унификаттау мәселелерін шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет