Полимерлерді бірнеше белгілері бойынша: шығу тегі, макромолекула пішіні, негізгі тізбектің құрылысы, температураға қатысы, алу әдісіне байланысты жіктейді.
Шығу тегіне байланысты жоғары молекулалық қосылыстар төмендегідей болып бөлінеді:
Табиғи полимерлер (белоктар, қышқылдары, крахмал, целлюлоза, табиғи каучук, лигнин т.б.).
Жасанды полимерлер-табиғи полимерлерді химиялық өзгерістерге ұшырату арқылы алады (нитро-, ацетоцеллюлоза, резина т.б.)
Синтетикалық полимерлер-төменгі молекулалық қосылыстардың мономерлердің) полимерленуімен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |