Макромолекула пішініне қарай полимерлер:
сызықты – (ковалентті байланыспен ұзын тізбекке қосылған мономерлер буындар); тармақталған (егер макромолекуланың негізгі тізбегінде, оған қарағанда қысқа мономер буындарынан тұратын бүйірден тармақталу пайда болғанда), торлы (кеңістікті) – макромолекула тізбектері бір-бірімен көлденең көпіршелер арқылы негізгі валенттіліктерімен байланысқан) – деп ажыратылады.
Негізгі тізбектің құрылысы бойынша полимерлер үш топқа бөлінеді:
Картотізбекті – негізгі тізбек көміртек атомдарынан тұратын олигомерлер;
Гетеротізбекті – негізгі тізбек көміртек атомдарымен қатар N, O, S, P атомдарынан тұратын (полиэфирлер, полиамидтер, белоктар және т.б.) полимерлер;
Элементорганикалық – негізгі тізбек көміртек атомдарынан басқа да элементтерден тұратын (Al, Si, Ti т.б.) полимерлер.
Жоғары молекулалы қосылыстар алу әдісі бойынша – полимеризация және поликонденсациялық болып келеді.
Полимерлер температураға қатынасы бойынша термопластикалы және термоактивті болып ажыратылады.
Термопластикалыға – бірнеше рет қыздырып несуытқанда қасиеттері қайтымды өзгеретін полимерлер жатады. Термоактивтіге – қыздырып не суытқанда қасиеттері қайтымсыз өзгеретін, яғни қыздырғанда кеңістік күйге көшетін сызықты не тармақталған полимерлер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |