ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#22871
1   2   3   4   5   6
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы

1 САБАҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының табиғи ортасының негізгі факторларын анықтау

Сабақтың мақсаты: картамен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру, ҚР және өзіңнің жергілікті жеріңнің физикалық – географиялық жағдайын анықтау, географиялық координаттарды анықтау қабілетін дамыту

Құрал - жабдықтар: Әлемнің саяси картасы. Масштабы: 1:20 000 000,

Қазақстанның физикалық картасы. Масштабы: 1: 1 500 000



1 Тапсырма. Әлемнің саяси картасын қолдана отырып, ҚР физикалық – географиялық жағдайын анықтаңдар және қысқаша сипаттама беріңдер .

ҚР физикалық – географиялық жағдайын сипаттау жоспары:



  1. Қай құрлықта орналасқан

  2. Қай елдермен шекаралас

  3. Қандай мұхит және теңіздермен жалғасады

  4. Мемлекеттің астанасы және оның географиялық координатасы.

2 Тапсырма. Қазақстанның территориясының көлемін басқа елдермен салыстырыңдар және әлемнің саяси картасында Қазақстанның алатын орны көрсетілген диаграмма құрыңдар

3 Тапсырма. Алматы мен Астана қалаларының арақашықтығын карта немесе глобус көмегімен анықтаңдар.

4 Тапсырма. Өзіңнің жергілікті жеріңнің географиялық жағдайын анықта.

(географиялық координатасын, Қазақстан картасындағы орнын, қай сағаттық белдеуде орналасқан).



5 Тапсырма. Біздің еліміздің территориясы қанша сағаттық белдеуде орналасқан.

6 Тапсырма. Қазақстан территориясының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі және батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын градус торы арқылы өлшеңдер.

7 Тапсырма. Қазақстанның солтүстік ең шеткі және оңтүстік ең шеткі нүктелерінің ендігін, батыс ең шеткі және шығыс ең шеткі нүктелерінің бойлығын анықтаңдар.

а) Кескін картаға Қазақстанның шекараларын түсіріңдер (құрлықтық және теңіздік).

б) ҚР шекаралас мемлекеттерді және олардың астаналарын жазыңдар, осы шекаралардың ұзындығын көрсетіңдер.

в) Қазақстан облыстарының шекарларын және олардың орталықтарын түсіріңдер.

г) Картада Қазақстан территориясының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі және батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын көрсетіңдер.
2 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғатын географиялық зерттеудің тарихы

Сабақтың мақсаты: картамен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстан табиғатын географиялық зерттеудің тарихын оқып білу

Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы. Масштабы: 1: 1 500 000. Атлас

1 Тапсырма. Қазақстан табиғатын зерттеген ХХ ғасырдың екінші жартысындағы атақты орыс географтары мен саяхатшыларын атаңдар. Қазақстанның кескін картасына олардың экспедицияларының маршрутын түсіріңдер.

2 Тапсырма. « Қазақстан табиғатын зерттеушілер» атты кестені толтырыңдар.


Зерттеушілер аттары

Өмір сүрген жылдары

Зерттеген аймақтары, еңбектері

Қазақстан табиғатының ежелгі кезеңде зерттелуі



















Орта ғасырдағы зерттеулер





















XVI- XIX ғасырлардағы зерттеулер




















XX ғасырдағы зерттеулер




















3 Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, асты сызылған жерге зерттеушілердің атын жазыңдар. Жауап нұсқалары мәтіннің төменгі бөлігінде көрсетілген.

I. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның физикалық – географиялық зерттелуі.



1. Өз жұмысын Орынбордан бастап, одан кейін Мұғалжар тауын, Үстіртті, Арал теңізінің солтүстік жағасын қарастырып, сапарын Сырдария бойынша жасап, Перовский фортына (қазіргі Қызылорда) жеткен. Экспедиция жұмысын солтүстік Қызылқұмға сапармен бастады. Арал – Каспий ойпатында пермдік, юра, бор, үштік, кейінгі үштік формациясын құрды. Зерттеуші Тянь – Шаньның ежелгі мұздануын, оның климаттық жағдайын, пайдалы қазбаларын, табиғаттың биіктік зональдылығының жүйелі сипаттамасын зерттеуге көп көңіл бөлді. Зерттеуші Тянь – Шань орманының әртүрлі жеміс жидектерге бай екендігін жазды. «Түркістан аймағы бойынша саяхат» кітабында жануар мен өсімдік әлемінің әртүрлілігін кең әңгімелейді. Қазақстан мен Орта Азияға экпедициясы кезінде сүтқоректілердің 15 жаңа түрі мен түр тармағын және құстардың 49 жаңа түрі мен түр тармағын ашып, сипаттайды.

2. Зерттеуші 1849 жылы Қазақстанның шығыс бөлігін зерттеуді бастады. Өскемен мен Нарым сағасы арасындағы Ертістен оңтүстіктегі жерді зерттеді.1851 жылы Жетісу, Жоңғар Алатауына экспедиция жасады. Жоңғар Алатауының баурайы мен оның өсімдігіне, Жетісудың физикалық – географиялық жағдайына қысқаша очерк жазды, Жетісу аңғарына сипаттама берді. мұқият бақылаулардың негізіне сүйене отырып, Алакөл, Сасықкөл және Балқаш көлдерінің салындысының құрамы ұқсастығын айтты.

3. (1850-1902) орыстың ұлы геологы, әрі ұлы физик- географ. 1874 жылы жұмысын тас – көмір кен орындарын қарастырып және жалпы зерттеп, Қаратау мен Тянь – Шаньның батысын зерттеумен бастаған. Орта Азия мен Қазақстанның кейбір аудандарының орографиясы мен геологиясы туралы өз көзқарасын өзінің «Түркістан» монографиясында сипаттайды. 1881 жылы Г.С.Романовскиймен бірге, Түркістан аймағының бірінші геологиялық картасын (дюймге 30 шақырым масштабтағы немесе қазіргі 1 : 120 000 масштабтағы) құрып (1884) және жариялады. ең басты еңбегі үлкен монографиясының бірінші томы тек 1886 жылы «Түркістан» деген атпен жарияланды. 1887 жылы Верныйдағы жер сілкінуді зерттеу үшін Қазақстанға ақырғы рет келді.



4. Тянь - Шаньды бірінші зерттеушісі. География ғылымында алғаш болып Тянь - Шаньның қар басқан шекарасының орналасқанын «өте биікте, басқа таулардан ондайды көре алмайсың» деп сипаттаған. Іле Алатауының геологиялық құрылысын сипаттап, жыныстарының петрографиялық құрамы туралы, олардың стратиграфиялық ара қатысы мен жотаның тектоникалық құрылысын қарастырды. бүкіл Іле Алатауын орографиясы мен геологиясы сипатын қорытындылай келе рельеф бойынша үш құрамдық бөлікке бөлді : 1) тау етегіндегі солтүстік тізбек, 2) тау етегі мен адыры аралығын бойлаған алқап, 3) оңтүстік тізбек.

5. 1856 жылы полковник М.М.Хоменский жетекшілігімен ұйымдастырылған әскери – ғылыми экспедицияда жұмыс атқарды. Ғылыми саяхаты 1856-1857 жылдардағы оның сапарлық очерктері «Ыстықкөлге саяхат күнделігі», «Іле аймағының географиялық очеркі», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б. жазылған. Осы еңбектерінде Тянь – Шань мен Жетісу географиясын, осы аймақтарда тұратын халықтар тарихын жақсы білетін бақылаушы ғалым ретінде көрсетті. Орталық Тянь – Шаньға алғаш болып орографиялық сызбасын сызды. Жоңғар Алатауының және Іле өзенінің бастауының картакескінін ең бірінші болып құрды. Ол Жоңғар Алатауының фаунасын алғаш болып сипаттайды.

6. Ертіс арқылы Катон – Қарағайдан өтіп, Рахман бұлағында болып, 1881 – 1884 жылдары Алтайдың қазақстандық бөлігін зерттеді. Өзінің арнайы зерттеуінен басқа, ол орнитологиялық және ботаникалық география үшін материалдар, сонымен қатар этнографиялық материалдарды жинады, тау жыныстарының, жәндіктерінің, балықтар, құстарының, сүтқоректілерінің коллекциясын құрды.

7. 1862 жылы Ресейдің шетелдік істер Министрлігі Орыс географиялық қоғамына өздеріне жабдықталған экспедицияға қосылуын, сонымен бірге қоғамның зерттеуші экспедициясын ұсынды. Оны басқарды. Ол астрономиялық, метеорологиялық және магниттік, географиялық бақылаулар жүргізді. Экспедиция кезінде Тарбағатай ауданы, Зайсан көлі, Ертіс өзенінің ағысы зерттелді. Тарбағатай тауында, Алет, Кешкентау, Тастытау шыңдарында барометриялық бақылаулар жүргізілді, аңғарлардың кейбір нүктелері арасындағы бұрыштар өлшенді.

А) В.М.Краузе

В) И.В.Мушкетов

Б) Н.А.Северцов

Д) Ш.Ш.Уалиханов

Е) К.В.Струве

Ж) П.П. Семенов- Тян- Шанский

З) А.Г.Влангали



II. XIXXX ғасырлардың аяғында Қазақстанның физикалық – географиялық зерттелуі.

1. Орта Азия мен Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде маңызды орын тиесілі. 1908 жылдан 1914 жылдар аралығында Өзбекстанның Ферған аңғары мен Оңтүстік Қазақстанды зерттеген, оның жетекшілігімен Қонысаудару басқармасының 8 топырақтық – ботаникалық экспедициясы ұйымдастырылды. 1908 жылы Шымкент уездінің топырағын зерттеумен айналысты. Оның экспедициясы үлкен территорияны қамтыды. Ол Талас Алатауының баурайын, Боролдай мен Арыс өзені бассейндерін, Қаратау жотасының шығыс бөлігін, Мойынқұм құмын зерттеді. «Шымкент уездінің топырақтық – географиялық очеркі» (1912) еңбегінде уезд ауданының барлығының топырағын сипаттады, олардың таралу заңдылықтарын белгіледі, рельефпен, климатпен және геологиямен байланысты әр аймақтағы топырақ түзілу жағдайын айқын көрсетті.

2. 1899 жылы Географиялық қоғамның Түркістандық бөлімінде қызмет істеді, Сырдария мен Арал теңізінде балық өндірісін бақылаушы болып жұмыс істеді. Жас ғалым қоғамның ең іскер қызметкерлерінің бірі болып, Арал теңізін зерттеу жобасын ұсынды. Арал экспедициясы (1900-1903) бассейнге географиялық – гидрологиялық зерттеу жүргізді. Көлдің өзі, оны қоршаған ортасы зерттелді, метеорологиялық бақылаулар жүргізілді. Бұл үшін Сырдария сағасы мен Арал теңізінің теміржол станциясында метеорологиялық станция салынды. Осыған сәйкес Арал теңізінің жағасындағы аймақтарға геологиялық және геоморфологиялық бақылау, маңызды ихтиологиялық зерттеу жүргізді, Арал теңізі жағалауын үш түрге бөлді: тегіс (батыс), қалақты (солтүстік), шығанақтық (шығыс). Арал теңізінің жағалауынан жоғары юра, бор, үштік және төрттік жүйе шөгінділерін тапты.

Географиялық зоналар туралы ілім өмірлік ісі болды. Географиялық зональдылықты зерттеуі зональды құбылыс ретінде қарастырған лесс мәселесін зерттеумен тығыз байланысты. Ол «Климат және өмір» монографиясында (1947) топырақтық немесе элювиальдық деп аталған лесстің қалыптасуы туралы теориясын толық баяндады. Ол лесстің эолдық қалыптасуы теориясын сынға салды.



3. 1905 жылы әйгілі геолог және Сібірдің зерттеушісі Жоңғар шекаралық аудандарында болды. Оның сапары 1906 және 1907 жылдары қайталанды. Үш жылдық сапарында Жоңғар ауданының көп жерін зерттеді.

1886 жылы бастаған Орта Азия мен Қазақстанның территорияларының геологиялық тарихын зерттеуі оның зерттеу жұмысының жалғасы болды. Тұран өлкесінің құмдары Амудария мен Сырдария өзендерінің ағысына байланысты пайда болғанын тұңғыш рет дәлелдеді. Соның өзінде ғалым бұл жағдайдың Орта Азия мен Қазақстанның жазық далаларына тән басқа табиғат құбылыстарымен өзара байланысты екенін ескерген. алғаш рет құмды жерлердің ғылыми негізделген сипаттамасын берді, оларды иір – иір «құм жалдарынан» немесе сусыма, үрмелі «дөңес», яғни біршама орнықты құмдарға бөлді. Ғалымның құмдар туралы ілімінің негізгі қағидалары «Каспийдің арғы жағындағы ойпат» - атты еңбегінде (1890) баяндалған. Бұл еңбек кейінгі табиғаттанудың жаңа саласы – «құмзерттеу» ғылымының қалыптасуына негіз салды.

А) Л.С.Берг

В) В.А.Обручев

Б) С.С.Неуструев
3 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін геологиялық қима құру

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тектоникалық және геологиялық картасымен жұмыс істеу, өз облысыңның тектоникалық құрылымы мен геологиялық шөгінділерін анықтау.

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. Қазақстан аймағының тектоникалық аудандастырылуы негізіне қандай принцип сәйкес келеді?

  2. Қазақстан аймағының геологиялық қалыптасуы қай уақыттан бері тоқтатылды?

  3. Палеозой эрасының қай кезеңінде каледон тау түзілісі едәуір белсенді байқалды?

  4. Қай уақытта Қазақстанда химиялық үгілу құбылысы кең дамып, үгілу қабаты қалыптасты?

  5. Қай уақыттан бері құрлықтың дамуы максимальды сипатта болды?

  6. Төрттік кезеңнің негізгі ерекшелігі?

  7. Плейстоцен мен голоцен қандай уақыт аралығын қамтиды?

2 Тапсырма. Таулы және жазық аймақтар үшін геологиялық қима құрыңдар

( таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін геологиялық қиманы құру әдістемесін оқып шығыңдар.



Геологиялық қима – қима сызығы бойындағы ауданның геологиялық құрылысының ерекшеліктерін көрсететін, гипсометриялық қиманың төменгі жағында орналасқан сызбаның бөлігі.

1. Геологиялық түзілістердің контуры бейнеленген, жасы көрсетілген геологиялық картографиялық негіз алынады.

2. Геологиялық картада қима сызығы жүргізіледі, картада бірнеше және соңғы нүктелері белгіленеді.

3. Қима сызығы мен геологиялық кешендердің шекаралары түйіскен нүктелері нөмірленеді (1,2,3,...N).

4. Табылған нүктелер өлшегіштің көмегімен картаның масштабын және қиманың горизонталь масштабын есепке ала отырып, қима сызығының горизонталь бөлігіне көшіріледі, нүктелер нөмірленеді.

5. Палеозой, мезозой, кайнозойдың және т.б. шөгінді, магмалық жыныстарының геологиялық түзілістерінің соңында геологиялық кешендердің индекстері жазылады.

6. Бейнеленген геологиялық түзілістердің шартты белгілері құрылады.

7. Табылған нүктелер гипсометриялық қиманың сызығына жобаланады.



8. Геохронологияны, геологиялық жыныстардың жасын есепке ала отырып геологиялық қима құрылады. Шартты белгілерге сәйкес боялады (1 - сурет).

1 – сурет. Геологиялық қиманың сызбасы

Шартты белгілер

Q

төрттік кезең

карбон


+

Рz жастағы граниттер

тектоникалық бұзылым









С







Д

девон




геологиялық кешендердің шекаралары



3 Тапсырма. А) Өз облыстарыңның геологиялық картасын қарап, өз облыстарыңның геологиялық шөгінділерінің орналасуына қорытынды жаса.

В) өз облыстарыңның геологиялық қимасын құрыңдар.

Б) тектоникалық картаны қарап, облыстарыңның қандай ірі тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар (морфоқұрылымы мен морфомүсіндерін анықтаңдар).

Г) өз облыс орталықтарың үшін стратиграфиялық бағанасын сызыңдар

(деректер негізінде).

Д) өз облыстарыңның рельеф формасын, төрттік шөгінділер құрамы мен қалыңдығын, негізгі және төрттік рельеф байланысын, негізгі жыныстар тереңдігін анықтаңдар (физикалық және геологиялық карта, геологиялық қима анализі негізінде).


4 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін гипсометриялық қима құру

Сабақтың мақсаты: Гипсометриялық қиманы құру кезінде карта құру әдістерімен жұмыс істеуді меңгеру (Қазақстанның геоморфологиялық және физикалық карталары негізінде)

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы

1 Тапсырма. Қазақстанның тектоникалық және физикалық карталарына анализ жасаңдар және «тектоникалық құрылым - рельеф элементі» сәйкестігін көрсетіңдер. Кестені толтырыңдар.


Тектоникалық құрылым

Рельеф формасы


























2 Тапсырма. Таулы және жазық аймақтар үшін гипсометриялық қима құрыңдар ( таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін гипсометриялық қиманы құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар.

Гипсометриялық қима - жер бетінің ерекшеліктерін көрсететін сызық.

1. Физикалық, гипсометриялық картада қима сызығы мен картаның горизонтальдары түйісетін нүктелер белгіленеді.

2. Нүктелер нөмірленеді (1,2,3,..., N).

3. Милиметрлік қағазға екі бір – біріне перпендикуляр сызықтар сызылады.

4. Вертикальды масштаб пен қима сызығының горизонтальды бөлігіндегі № 1 нүкте белгіленеді.

5. Картадан өлшегіштің көмегімен табылған нүктелер (1,2,3,...N) горизонтальды бөлікке түсіріледі. Нүктелер нөмірленеді (1,2,3,...N) және горизонтальдардың ( 1/100, 2/200, ...N/n) мағынасы жазылады. Өзендердің, көл жағалауларының, теңіздердің нүктелері жеке белгіленеді.



6. Вертикальды масштабты есепке ала отырып, табылған нүктелердің кеңістікте орналасуын анықтап, нүктелерді сызықпен біріктіреді. Бұл гипсометриялық қима. Оны өзендерді, су қойма жағалауларын жобалаумен қиындатады (2- сурет).




2- сурет. Гипсометриялық қиманың сызығы.



- 1

1 – гипсометриялық қиманың сызығы

Өзендер, суқоймалар (тереңдік) масштабтантыс белгілермен белгіленеді.

Егер горизонтальды бөлікте екі бірдей белгі (3/600 және 4/600) болса, оларды гипсометриялық есепке ала отырып қосады (төмен немесе жоғары).

3 Тапсырма. Қазақстанның орографиялық схемасын кескін карта бойынша құрыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет