БРЕНСТЕДТІҢ ПРОТОЛИТТІК ТЕОРИЯСЫ.
1923 ж., Бренстед И.Н. протолиттік теорияны ұсынды. Бұл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзінен протон бөлетін, ал негіз - өзіне протон қосып алатын зат. Бренстед теориясы бойынша кез келген протоны бар қосылыс әрекеттесіп тұрған қосылыстың табиғатына байланысты амфотерлі бола алады.
ЛЬЮИСТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ.
1923 ж., Льюис Дж.- электрондық теорияны ұсынды. Бұл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзіне электрондар қосағын қосып алатын зат, ал негіз – электрон қосағын бере алатын зат.
Қышқылдар мен негіздерге басқа да ғалымдар көп көңіл бөлген. Солардың ішінде 1939 ж., Усанович М.И. Усановичтің ілімі бойынша бір заттан катион бөлініп, ол катион анионмен қосылып тұз түзілсе, ол зат қышқыл деп аталады. Ал заттан анион бөлініп, ол анион электрондар арқылы катионмен әрекеттесіп тұз түзілсе, ол зат негіз деп аталады.
СУДЫҢ ДИССОЦИАЦИЯЛАНУЫ. СУТЕГІНДІК КӨРСЕТКІШ.
Су - әлсіз электролит. Диссоциациялану схемасы:
Н2О↔Н+ + ОН- немесе 2Н2О↔ (Н3О)+ + ОН-
Су аз диссоциацияланады, сондықтан судың молекулаларының концентрациясын тұрақты деп санауға болады.
Осы көбейтінді тұрақты, ол судың иондық көбейтіндісі деп аталады.
моль/л
- бұл сутегіндік көрсеткіш
- бұл гидроксил көрсеткіш
<7 – қышқыл орта
>7 – сілтілік орта
- бейтарап орта
7>
Достарыңызбен бөлісу: |