Тақырыпты бекіту:
Қандай реакцияларды қайтымды және қайтымсыз деп атайды? Мысалы келтіріп, жүру жағдайларын түсіндіріңіз?
Химиялық тепе-теңдік деген не? Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы үшін Ле-Шателье ұстанымының қандай маңызы бар?
Неге химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысы заттың концентрациясына тәуелді емес?
Егер реакцияда қатты заттар қатысса онда тепе-теңдік тұрақтысы қалай өрнектеледі?
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына қандай факторлар әсер етеді және қалай?
Ле-Шателье ұстанымның анықтамасы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.
Ділманов Б. Жалпы және анорганикалық химия практикумы. – Алматы, 1972.
Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.
Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.
Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.
Глинка Н.Л. Общая химия.-М.: Интеграл-Пресс, 2000.
Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.
Надиров Н.К. Химическое равновесие и принципы его смещения.Алма-Ата,1977.
№ 19,20 Дәріс. Ерітінділер.
Мақсаты: Ерітінділермен танысу, еру процесін және ерітінділердің сандық сипаттарын оқып білу, ерітінділерді дайындау үшін есептеулерді жасау білу.
Негізгі сұрақтар:
Дисперстік жүйелер.
Еру физикалық-химиялық процесс.
Ерітінділердің концентрациялары.
Қысқаша мазмұны:
ДИСПЕРСТІК ЖҮЙЕЛЕР.
Ерітінділер – дисперсті жүйенің бір түрі. Бір затта екінші заттың ұсақ бөлшектері біркелкі таралғанда түзілетін жүйе дисперсті жүйе деп аталады. Дисперсті жүйе дисперстік фазадан және дисперсиялық ортадан тұрады.
Дисперстік фаза дегеніміз ұсақ бөлшектер түрінде таралған зат, ал сол бөлшектер таралған орта – дисперсиялық орта.
Ерітінділер қатты, сұйық, газ күйінде болады. Қатты ерітінділер – металдық құймалар (Қ/Қ), сұйық ерітінділер – біркелкі фазадан тұратын көп компонентті жүйе (Қ/С), эмульсиялар (С/С), газ күйіндегі ерітінділер – газдардың қоспасы, аэрозольдер (Г/С) және басқалар.
Дисперсті фазаның өлшеміне байланысты дисперсті жүйелер жүзгін, коллоидты және шынайы ерітінділерге бөлінеді.
Жүзгін ерітінділер үшін: ұсақ бөлшектердің радиусы r > 10-7 м;
Коллоидты ерітінділер: 10-9 – 10-7 м;
Нағыз ерітінділер үшін: r < 10-9 м.
Коллоидты жүйемен шынайы ерітінділерді Тиндаль эффектісі арқылы ажыратуға болады.
Ерітінді деп – екі не одан да көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелерді айтады.
ЕРУ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС.
Ерітінді еріген заттан және еріткіштен тұрады. Д.И. Менделеев еру процесін еріген зат пен еріткіштің химиялық әрекеттесуінің нәтижесі деп түсіндірді (ерітінділердің химиялық теориясы, 1887 ж). Қазіргі көзқарас бойынша еру физикалық-химиялық процесс. Еру кезінде еритін зат пен еріткіштің молекулалары бір-біріне диффузияланып қоймай, өзара әрекеттесіп молекулалық қосылыстар түзеді. Сусыз ерітінділерде бұл қосылыстарды сольваттар, ал судағы ерітінділерді – гидраттар дейді.
Еру процесі химиялық реакциялар жүретін заңдылықтарға бағынады.
Егер ; <0 болса – зат өз еркімен ериді.
Сонда энтропия өседі: ∆S>0.
Заттар суда ерігенде жылу құбылыстары байқалады. Зат ерігенде не жылу бөлінеді, не жылу сіңіріледі. Бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды заттың еру жылуы деп атайды. Бір моль зат ерігенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды сол заттың молекулалық еру жылуы деп атайды. Еру кезінде байқалатын жалпы жылу эффектісі қатты зат ерігенде болатын әр түрлі процестердің жылу эффектілерінің алгебралық қосындысына тең.
Мұнда: - кристалдық тордың бұзылу жылуы;
- гидраттану жылуы
>0 – кристалдық тордың бұзылу – эндотермиялық процесс, ал <0 – гидраттану процесінде жылу бөлінеді, демек ол экзотермиялық процесс.
Суда қатты, сұйық және газ тәрізді заттар ериді. Заттардың суда ерігіштігі олардың табиғатына байланысты болады.
Заттардың ерігіштігіне температура және қысым әсер етеді. Көптеген қатты және сұйық заттардың ерігіштігі температураның өсуіне байланысты артады (ерігшітік қисығы). Газдардың ерігіштігі температураның өсуіне байланысты төмендейді.
Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның артуына байланысты өседі. Сұйықтың белгілі көлеміндегі еріген газдың салмақ мөлшері қысымға тура пропорционал болады. (Генри заңы).
0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |