Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс



бет32/160
Дата06.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#75085
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   160

Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс.

1.Физикалық ойлау деп оқушылардың:

а) физикалық құбылыстарды бақылау,

ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,

б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,

в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,

г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу,

д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу іскерліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін текресе білуі, г) физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі т.т.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет