2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. 3. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемеік тәсіл. 4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |