4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады? 5. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңдер.
6. Физиканы оқыту әдістемесін түсіндіріңдер.
4,5 -тақырып. Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы. Пәнаралық байланыс, оның әдістемелік дидактикалық мәні
Дәріс мақсаты: Пәнаралық байланыс, пәнаралық байланыс түрлері жайында мағлұмат беру.
Жоспар:
Физика курсы мазмұнының басқа оқу пәндерінің мазмұнымен байланысы
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физика курсы мазмұнының басқа оқу пәндерінің мазмұнымен байланысы
Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен алған білімін екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру. Е. Аққошқаров өзінің «Физикалық ұғымдарды қалыптастырудың және терминдерді меңгерту тәсілдері» атты еңбегінде: “Әрбір оқу пәні бір-бірімен жүйелі түрде байланысқан және бірін-бірі толықтырып, дамытып отыратын ұғымдардан құралады. Өйткені, жеке оқу пәні шеңберінде тұйықталған, дараланған байланыс жүйелері толық білім алуға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пән ішіндегі байланысты пәнаралық байланыс дәрежесіне көтерудің маңызы зор”-деп көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |