ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химиядан мектеп оқушыларының Өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастыру әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


І. Оқып шыққан мәтінге жоспар қалай құруға болады?



бет3/6
Дата05.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#936
1   2   3   4   5   6

І. Оқып шыққан мәтінге жоспар қалай құруға болады?

1. Параграф мәтінін немесе оның бір бөлігін мұқият оқып шығыңыздар.

2. Мәтінді өз ойларыңызда қайталап шығыңыздар. Мәтіннің негізгі мазмұны атауына сәйкес пе?

3. Материалды ой бөлшектеріне бөліңіздер, яғни мәтінді соған байланысты топтастырыңыздар.

4. Негізгі ойға байланысты әр бөлшекті атаңыздар.

5. Жоспардың түрін, грамматикалық формасын таңдаңыздар (қарапайым, күрделі).

6. Дәптерге жоспарды жазып, оны тексеріңіздер.

ІІ. Оқулық мәтінінде ең басты нәрсені қалай бөліп көрсетуге болады?


  1. Параграф немесе оның бөлігін мұқият оқыныздар.

  2. Оқып болған мәтінде басты нәрсені (негізгі ой) бөліп көрсетіңіздер.

  3. Материал мазмұнында басты нәрсе (негізгі) мәтінде бар екенін дәлелдейтін мысалдар мен фактілерді табыңыздар.

  4. Зерделенген материал мазмұнында басты мәселені ашып көрсететін өмірден алынған мысалдарды ойлап шығарыңыздар (мәселен: заттардың қасиеті туралы, заттардың қасиеттеріне байланысты олардың қолданылуы, т.б.)

  5. Оқыған мәтіннің басты ойларын өз сөзіңмен дәптерге жазыңыздар. Зерделенген материал қорытындысын мәтінде табыңыздар.


ІІІ. Оқып болған оқулықтың мәтінін қалай айтып беруге болады?

  1. Ұсынған параграф мәтінін мұқият оқып шығыңыздар.

  2. Мұғалім қойған сұрақ жауаптарын мәтінде тауып, оқулықтағы сөздермен оларға жауап беріңіздер.

  3. Сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап құрастырыңыздар.

  4. Параграф мазмұнын өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер (қысқаша, толық, мәтінге жақын).

  5. Оқулық және иллстрацияларды пайдаланып, параграф мәтінінен әңгіме дайындаңыздар.


IV. Химиялық терминдермен қалай жұмыс істеуге болады?

  1. Дәптер – сөздікке жаңа терминдерді жазып алыңыздар.

  2. Термин немесе оның анықтамасын оқып, сол сөзді қайталаңыздар.

  3. Айтылған терминнің ой мағынасы неде? (түсінігі неде) нені білдіреді?

  4. Термин немесе оның анықтамасын өз сөздеріңізбен қайталаңыздар.

  5. Терминді анық сипаттайтын мысалдар мен фактілерді параграф мәтінінде табыңыздар (анықтамалыр, түсініктер, заңдар).

  6. Осы түсінікті, анықтаманы суреттейтін өз мысалдарыңызды ойлап шығарыңыздар.


V. Оқулықтың нұсқауын қалай пайдалануға болады?

1. Зертханада тәжірибе өткізу үшін нұсқауды мұқият оқып шығыңыздар. Сізге барлығы түсінікті ме?

2. Сізге ұсынған нұсқаудың мақсаты неде?

3. Оның атауына ой салыңыз. Ол қай тәжірибені суреттейді?

4. Сіз ұсынған тәжірибеден бөлек химиялық операциялардың орындалуы қай ретімен жүруі тиіс, ойланып көріңіз?

5. Нұсқауға кірген осы зертханалық тәжірибеге арналған иллюстрацияларды (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар) қарап шығыңыз.

6. Дәл нұсқау басшылығымен тәжірибені жасаңыздар.

7. Бақылау нәтижелерін кестеге жазыңыздар. Орындалған жұмысқа қысқаша есеп беріңіздер.

Оқушының кітаппен жұмыс істеу ережелері маңызды болып табылады: әдебиет көздерін библиографиялық тұрғыдан суреттеу; сөздіктер, энциклопедиялар, каталогтарды қолдану ережелері; жоғары сынып оқушыларын арнайы сұрақтар бойынша әдебиетті тез табуға, ғылыми ақпаратты жинақтауға үйрету. Сол үшін мұғалім әртүрлі әдіс арқылы оқушылардың кітап оқуға қызығуын оятады: сабақ үстінде немесе бір мақаланы оқуға ұсынады, кітапханаларда жаңа кітаптарды көрсету арқылы библиографиялық анықтамаларды өткізеді, химия кабинетінде кітап көрмелерін ұйымдастырады, ұсынған кітаптардың ішінен қызықты нәрселерді оқып береді, сыныпқа кітап тізімін құрастырып іледі, оқушыларды жаңа кітаптарға аннотация, анықтама, рецензиялар жазуға тартады, оқыған кітаптар мен мақалаларға реферат пен баяндамалар жазуға тақырыптарды ұсынады және сабақ үстінде оларды қорғауға жағдай жасайды; оқырман конференциясы мен диспуттар ұйымдастырады т.с.с..
Тәжрибе көрсеткендей өздік жұмыс алынған білімді жетілдіруге қызығушылық туғызады, алған білімін іс – тәжрибеде қолдануға үйретеді, ақыл –ой әрекетін ұйымдастырады. Проблемалық оқыту идеясы мектеп қабырғасында білім беру жүйесіне кеңінен еніп сенімді теориялық негізді құрайды. Проблемалық тәсілді қолдану оқушының талдау, жүйелеу, қорытындылап болжау іскерлігін дамытады.

Сабақ үстінде оқулықтың әдістемелік аппаратымен жұмыс істеуді де ұйымдастыруға болады. (6) Ол үшін алдымен оқушыларға оқулық мәтінінің белгілі бір бөлігі өз бетімен оқуға тапсырылады. Сонымен бірге оқушыларға оқулықтың әдістемелік ақпаратын еске сақтау ұсынылады (сұрақтар, жаттығулар, есептер, сызбанұсқалар, кестелер т.б). Бір мезетте оқушыларды параграфта баяндалған мәтін бойынша жоспар құрып, сұрақтар таңдауға, схема жасауға, жауаптарын тірек схемасы түрінде белгілеуге тапсырма беріледі.

Мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып оқушылар бойында өзбетімен білім алу икемділігі мен дағдысын дамыту есептеледі.

Сыныптан тыс жұмыс кезінде проблемалық жағдаят туғызу яғни зерттеушілік сипаттағы, тәжрибе жүзінде маңызды ізденгіштік әрекетті оқытушымен бірге атқаруға жағдай туғызу. Ол оқушы әрекетіне әлеуметтік түрткі туғызып, үлкен бастама береді, дербестікке ұмтылдырады. Кез келген жұмысты аяғына дейін жеткізу – сыныптан тыс жұмысты, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың негізгі құралы. Сонымен қатар оқушы химиядан өзіне қажетті білім негізін қалап, тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқушылармен оқулық мәтінімен жұмыс істеуді қалыптастыру қажеттігі Порус Б. н. Мен Сараева В.Г. жұмыстарында берілген. (7) Оқулық мәтінімен жұмыс алдымен оның мазмұнын түсіну процесінен басталады. Мәтінде ақпараттық мәні бар элементтерді «мәндік пункттерді» белгілеу және оларды бір тұтас етіп біріктіру. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы санасына түскен ақпараттар көріністер бейнесіне айналады. Ал оны қайта жаңғыртқанда бұл бейнелер жаңа мәтінге айналып, бастапқы мәтіннен өзінің қалпы мен құрылымы жағынан бөлек болғанымен негізгі мәлімет мәні сақталады.

Оқулық мәтіні алты типке бөлінеді: баяндаушы, сипаттаушы – суретті, математикалық әрекетті түсіндіруші, алгоритм мәтіні, нұсқау, аралас мәтін. Баяндаушы мәтін төмендегідей сипатты өздік жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді:



  1. Оқулық мәтінін мәнді бөліктерге бөліп, әрбір мәтінді атау.

  2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

  3. Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.

  4. Баяндаушы материал жоспарын құру.

  5. Мәтін бойынша тірек-схемасын құру.

Бір мақсатқа бағытталған өздік жұмыс оқушының оқулықпен жұмыс істеу іскерлігін дамытып, оның танымдық қызығушылығын, ойлау еркіндігін дамытады, оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, тірек конспектілері мен тірек схемаларын құру негізін қалыптастырады.

Дәріс №5 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :



  1. Байқаудың өзіндік таным әрекетіндегі ролі қандай?

  2. Оқу эксперименттері арқылы өздік жұмыстардың маңызы неде?

  3. Есеп шығару арқылы оқушылардың ізденісін дамытудың мүмкіндігі қандай?

  4. Оқулықтармен жұмыстың білім білік дағдыларын қалыптастырудағы мәні неде?

6-ДӘРІС .ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

1. Конспекті жасау

2.Реферат

3. Аннотация

4.Баяндама

5.Интернет жүйесімен жұмыс


1. Конспекті жасау
8 сыныптан бастап мұғалім оқушыларды конспект жазуға үйрете бастауы керек. Біз оқушыларға дәріс сабақты конспектілеудің алты ережесін ұсынамыз:

1.Әдеттегі материалдың қажетті жерін жазып отыру.

2. Басы артық материалды сызып тастау.

3.Бір-бірімен байланысты идеяларды бір негізге топтастыру мен алмастыру.

4. Бір-бірмен байланысты идеяларды ең маңыздысымен алмастыру.

5. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді көшіріп ал.

6. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді өзің құрастырып жаз.

Оқушылар конспект жасауды қалай жүргізуі керек деген педагогикалық сауал ұлттық мектеп мұғалімдерін қатты алаңдататыны белгілі. Оқушыларға конспект жазуға үйретудің оқу процесінде білім, машық, дағды қалыптастырудағы негізгі төрт сатысы бар:



  1. басты және қосымша ақпараттың арасындағы айырмашылықты білу;

  2. сөздерді қысқарту;

  3. мәтінді өз сөзімен жазып шығу;

  4. жоспар құру.

Оқушылар ғылыми мәтінді оқыған кезде ондағы төмендегідей құрылымдарды аңғаруы тиіс:

1) жинақтау идеялардың түсіндірілуі немесе дамуды анықтайтын негізгі идеяны іздеу;

2) санамалау ретімен кезектесіп келетін фактілерді іздеу;

3) кезектестік – әлдебір процестің жағдайлары мен кезеңдерінің байланыстық қатарын іздеу;

4) классификациялау – категория бойынша топтасқан материалды іздестіру;

5) салыстыру мен қарама-қарсы қою – екі немесе одан да көп заттар арасындағы байланысты іздеу. Міне, осы арқылы мектеп оқушыларын өз қабілеттерін визуалды таныта алуға қалыптастырамыз. Ұстаз осындай білім беру амалдары негізінде өз шәкірттерінің жаңа мүмкіндіктерін барынша аша алады.


2.Реферат

Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.

1.Рефераттың көлемі (бастауыш, 3-5 бет) жалғастырушы деңгей бойынша талап етілетін көлем 5-8 беттен аспауы тиіс.


2.Жұмыс барысында құрған жоспары бойынша студент өз ойын сілтемелер арқылы бере отырып, жүйелі түрде жазып шығуы қажет.
3.Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек.
4.1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек.
5.Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. Пайдаланылған материалдар 3 дереккөзінен кем болмауы қажет.

Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.


3.Аннотация

Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, [1]автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
4.Баяндама

Баяндама– нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама. Жан-жақты ақпаратқа және ғыл. талдауларға, тәжірибе қорытындыларына негізделеді.



  1. Интернет жүйесімен жұмыс

Жаңа  ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемалардың ең басты орын алады. Қазіргі замандағы ақпараттық  технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық  қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік  жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі. Оқушыларға қазіргі ақпараттық технологияларды  қолданып сабақ өткізудің тиімділігін және өзектілігін қарастырсақ онда бiрiншiден, ол оқушыларды қазiргi типтегi  программалық жабдықтармен, жасанды ақыл-ой жүйесiмен зор көлемдегi соның iшiнде тұрақты және ауыспалы аудиовизуалдық ақпаратпен жұмыс iстейтiн мультимедиа құрылғысының жабдықтарымен жұмыс істейді, екiншiден, арнайы құралдармен қамтамасыз етедi; үшiншiден, ақпараттық қарым-қатынастарды телефондық, телевизиялық және спутниктiк байланыс құрылғылары мен компьютерлiк желiлер деңгейiнде жетiлдiру барысында  телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланылады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен  қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады.

Желілік технология – білім алушы, оқытушылар әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу – әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде коммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік технологиясына жатады:



  • Интернет желісін пайдалану

  • Электрондық поштаны пайдалану

  • Телекоммуникация құрылғыларын пайдалану

  • Мультимедиямен жабдықталған интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс

Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады; Мәселен, романды оқуға екі немесе үш  сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.

Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; “Windows  жүйесінде мәліметтер алмастыру” 11 сынып осы технологияның ой шақыру, ой қозғау түртіп алу, топтау, жұптау, мағынаны тану стратегияларын қолдау тиімді. Paint – та салған суретті Word – та да салу керек болғандай жағдай туғызу керек. Сонда оқушы жаңа сабақ мағынасын өзі ашып береді. Мысал үшін, Paint – та салған суретті пайдалануға бола ма, яғни Word – қа әкелуге болмас – па екен деген сияқты сұрақтар қойып, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысу мүмкіндігін қарастырып пікірлеседі
Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз; Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады.

Дәріс №6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :



  1. Конспекті жасаудың талаптары қандай?

  2. Рефератқа қандай талаптар қойылады?

  3. Аннотация қандай мақсатта жасалады?

  4. Баяндама дайындауда оқушының іс-әрекеті қалай жүзеге асырылады?

  5. Интернет жүйесі мен оқушының өздік жұмыстағы

7-ДӘРІС ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДАҒЫ САРАЛАНҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ



  1. Үлгі бойынша өздік жұмыстың тапсырмалары

  2. Реконструктивті-өздік жұмыстардың тапсырмалары

  3. Эвристикалық өздік жұмыстардың тапсырмалары

  4. Шығармашылық (зерттеушілік) өздік жұмыстардың тапсырмалары

Оқу үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмысының қойылған мақсатқа байланысты танымдық іс-әрекетті жетілдіруде және оны ұйымдастыруда маңызы зор. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың оқу материалына қызығушылығы, жаңа әдет дағдылары, өзіндік шығармашылық белсенділіктері қалыптасады.

Педагогикалық ғылым практикасында оқушылардың танымдық әрекетінің негізінен үш деңгейі және оған сәйкес өзіндік жұмыстардың: 1) репродуктивті; 2) жеке ізденіс (эвристикалық); 3) зерттеу сияқты үш типі белгілі.

Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияныі негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке әзденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.

Репродуктивті тапсырмаларды орындау оқушының жадында білімнің ұзақ сақталуына, өтілген материалды жан-жақты ойластырып бекітуіне мүмкіндік береді.

Тапсырмалардың төмендегідей оқу әрекеті тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп таңдап құрастырылғаны жөн болады, олар: дайын үлгі бойынша тапсырманы орындау; үсынылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру; дайын нұсқау бойынша экспериментті орындау; оқулық мәтіні бойынша кесте құрастыру; кестені оқу; зат қасиетін, құбылыстарды және прибордың құрылысын сипаттау; оқулықтағы белгілі бір тақырыпты, кинофильм, видиофильм, диафильмнің мәтінін, мұғалімнің баяндағанын қайталап айтып беру; ұсынылған сурет бойынша прибор құрастыру; химиялық сөздік құрастыру; прибордың, зат құрылысының бөлшектерін бейнелеп салу; модельдер жасау және тағы басқа түрлі тапсырмалар. Тапсырмалардың мәтінін мұғалім өзі құрастыруына немесе сәйкес құралдан дайын күйде алуына болады.


Дәріс №7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :



  1. Үлгі бойынша өздік жұмыстың тапсырмаларына мысал келтір?

  2. Реконструктивті-өздік жұмыстардың тапсырмаларының ерекшелігі неде?

  3. Эвристикалық өздік жұмыстардың тапсырмаларының ерекшелігі?

  4. Шығармашылық (зерттеушілік) өздік жұмыстардың тапсырмаларының сипатын көрсет?



2 МИКРОМОДУЛЬ «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПРАКТИКАСЫ»

8- ДӘРІС. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



  1. Дәрістерді өткізу

  2. Оқушылардың оқу эксперименттерін өткізу әдістемесі

Дәріс (лекция) бұрын жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беретін дәстүрлі және жетекші білім беру формасы болса, енді ол ұлттық жаңартпашылық мектептердің де педагогикалық өмір салтына еніп отыр. Оқытудың бұл формасы көне Грекиядан бастау алып, ежелгі Римде және орта ғасырдағы Еуропада кең қанат жайып өркендеді. Дәріс латын тілінде жүргізілді. Орта ғасырдағы Еуропа университеттерінде таңертең әдеттегі дәріс оқылса, кешкісін шағын қайталама дәріс оқылды. Дәрістен кейін студенттер онда оқылған материалды бірлесе талқылап отырды. Сонымен, мектептегі дәріс дегеніміз – жүйелі және бірізділікпен түзілген белгілі бір оқу пәніне қатысты ғылыми проблеманың айқын баяндалуы болып табылады.

Дәстүрлі дәрісте мұғалім жетекші рөлге ие болады. Ал қазіргі ұлттық жаңарпашылық мектептегі оқушының дәріс үстіндегі енжарлығын болдырмау үшін дәрістің жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтсақ, проблемалық, визуалды, алдын ала ойластырылған қателіктерге құрылған, пресс-конфернеция, екеуара, дискуссия дәріс және т.б болып табылады.


Дәріс түрлері


кіріспе, қорытынды, бекіту



  • проблемалық дәріс

  • кеңес беруші дәріс

  • пресс-конференция дәріс

  • екеуара дәріс

  • сұхбат дәріс

  • алдын ала ойластырылған қателікке құрылған дәріс

  • зерттеушілік дәріс

  • нақты жағдайды талқылауға арналған дәріс

  • техникалық кері байланыс қолданылатын дәріс

  • визуалды дәріс

Жаңартпашылық мектептің мұғалімі сыныптағы оқушыларға сабақ түсіндіруде 15-20 минуттан тұратын аталған дәріс түрлерінің біріне жүгінеді. Осы арқылы ол біріншіден – білім беріп, екіншіден – оның нәтижесін тексере алады. Бұл үшін ұстазға сыныптағы бала санының әдеттегі мектептен аздығы мүмкіндік береді.

Дәрістерді бағалау критерилері – ғылымилық,қолайлық, мазмұн мен форма бірлігі, эмоциялық баяндалу, басқа пәндермен, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен табиғи байланыстың болуы.

Дәріс өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:

1.Түсіндірілетін сауалдардың айқын құрылымға ие болып, бірізділікпен ашылуы;

2. Теориялық жағынан айқын маңызды проблеманы көтеру;

3. Алдыңғы өтілген сабақтың материалымен байланыстылық;

4. Сенімді мысалдар, фактілердің келтірілуі;

5.Оқушылардың қызығушылығын туғызып, дербес жұмыс істеуге бағдар беру;

6.Оқу материалының бала ұғымына сай әдістемелік өңделгенін таныту;

7. Оқу материалы балаларға ұсынылған -дыбыс, -бейне, жазбалармен, үлгі, көрнекілікпен үйлесуі шарт;

8. Балаға түсіндірілетін терминдер мен ұғым-түсініктердің үлестірме материал ретінде алдын ала таратылып беруі түрінде болып келеді.

Мектептегі дәрістегі ең бастысы – ой мен жүйелілік, түсіндірілетін сауалдың қызықты тұсын көрсете білу, қысқа да, нақ, тез есте сақталатын түйіндеме жасау, оқушылардың өрелік деңгейінің артуына, бала назар аударуының мұғалім ойымен ілесіп отыруына қол жеткізу болып табылады.


Ұлттық мектеп дәрісінің құрылымы негізінен төмендегідей бөліктерден тұрады:

1.Кіріспе – өтілетін тақырып, оның жоспары, үйден оқып, қосымша ақпарат алатын әдебиеттер анықталады.

2. Негізгі бөлім (10-20 минуттық баяндау) – сабақ тақырыбының ғылыми мазмұны мен негізгі мәселелері түсіндіріліп, дәлелдеулер жүйесі келтіріледі.

3.Қорытынды:



  • мұғалім сабақ тақырыбын қайыра бір еске салады;

  • оқу материалының негізгі түйінін ұғындырады;

  • қойылған сауал тұжырымдалады;

  • мұғалім шағын қортындылау жасап, қойылған сауалдарға жауап береді.



Мектепте оқылатын дәрісті даярлау құрылымы төмендегідей:

Мақсат

Міндеттер

Мазмұн


Әдістер

Амалдар

Формалар

Тапсырма


13-сурет.

Мектепке арналған дәріс сабақты жоспарлау құрылымының үлгісі жалпы түрде мынадай болып келеді:


Тақырып:

Мақсат:

Дәрістің дидактикалық, ғылыми, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері:

-оқушыларға заманалық, тұтас, өзара байланысқан білім деңгейін нақты тақырыпқа байланысты бере білу;

-танымдық, зерттеушілік ғылыми дағды мен машықты қалыптастыру;

-дәріс үстінде оқушының мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын қамтамасыз ету;

-оқушыларды оқытылатын пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-оқушылардың математика пәні бойынша өз бетімен дербес шығармашылық ойлауын дамыту;



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет