ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химиядан мектеп оқушыларының Өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастыру әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/6
Дата05.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#936
1   2   3   4   5   6

Тапсырма2.8-11 сыныптың химия оқулығы бойынша кез келген бір параграф мәтініне жоспар құр және конспектісін жаса. Жоспарды құрудың желісін түсіндір.Мұндай тапсырмаларды оқушыларға не мақсатта беруге болатындығын түсіндірме бер.

№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Тапсырма 3.Сәйкестік тест тапсырмасын орында

Нұсқау Жауатарда цифрға сәйкес бір немесе бірнеше әріптер көрсетілу керек

1.Дидактикалық мақсатына сай өздік жұмыстардың бағыттары



2. Өздік жұмыстардың әдістері

ә) Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау.

а) Берген үлгілер бойынша көшіру.

б) Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу.

в) Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару.

г) Білім мен біліктерді жетілдіру.

с) Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.

Жауабы: 1-

2-

Тапсырма 4. Оқулықтан (Нұрахметов Н.Н және т.б. Химия оқулық. 8- сынып, Алматы, Мектеп -2005.) қорытынды сызбанұсқаның, немесе кестенің бір мысалын қарастырып, түсіндірме мәтін құрастыр.

Практикалық сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың оқулықтармен жұмыс дағдысын игере білуі

Жоспары:


  1. 5,6-тапсырмалардың мазмұнымен таныстыру

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 5,6-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Тапсырма 5. Топтық жұмыс түрінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің тарапынан жасалынатын жұмыстарының сипатын бер.

Тапсырма 6. Жартылай іздену сипатындағы есеп – жаттығулар мысалын қарастыр,түсіндірме бер( Мұғалімдерге арналған көмекші дидактикалық материалдарды пайдалан.)

№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Тапсырма 7 «Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту»-деген сөздің мағынасын нақтылы химияны оқыту үрдісіндегі мысалдармен байланыстырып, ашып көрсет .

Тапсырма 8 Төменде көрсетілген оқушының өзіндік жұмыстарының әдістерінен қайсысы жаңа материалды игеруде қолданылады? Пікіріңді дәйекте.

  • Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу.

  • Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу.

  • Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу.

  • Химиялық тәжірибелер жасау.

  • Химиялық диктант жазу.

  • Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару.

  • Графиктік жұмыс.

Практикалық сабақ №3.

Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың оқулықтармен жұмыс дағдысын игере білуі

Жоспары:


  1. 9,10-тапсырмалардың мазмұнымен танысу

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 9,10-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Тапсырма 9 8-11 сыныптың химия оқулығы (бір оқулықтан) бойынша суретті қолдану арқылы түсіндірілетін мәтінді таңдап алып, суретті қолдана отырып, оқушыға қойылатын сұрақтарды құрастыр.

Тапсырма 10 Жеке жұмыс түрінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің тарапынан жасалынатын жұмыстарының сипатын бер.

№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Тапсырма 11 Оқушыға жаңадан терминдерді, ұғымдарды еске сақтау үшін қандай жадынама (рекомендация) ұсынуға болады?

Тапсырма 12 Мәтінді иллюстрация, жаңа мысалдар, суреттер, түсініктемелер арқылы анықтап алуда мұғалім тарапынан оқушыларға қандай талаптар қоюға болады?

Практикалық сабақ №4

Сабақтың тақырыбы : Оқушыларда химиялық білімдерді қорытындылау және жүйелей алу дағдыларын қалыптастыру

Жоспары:


  1. 13,14-тапсырмалардың мазмұнымен танысу

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 13,14-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

...

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4



Тапсырма 13 «Көмірсутектер » тарауы бойынша қорытындылауға оқушыларға ұсынатын кесте құрастыр.

Тапсырма 14 Зертханалық жұмыстардың нәтижесін өңдеп,қорытындылау үшін оқушыларға мұғалім тарапынан жасалатын іс-әрекетіне сипаттама бер. Нақтылы бір зертханалық сабақтың мысалында көрсет.



№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Тапсырма 15 Көрсетілген сызба нұсқамен жұмыс жасау мақсатында оқушыларға қандай бақылау сұрақтарын құрастыруға болады? Мұндай сызба нұсқа қандай мақсатта құрастырылады?



Практикалық сабақ №5

Сабақтың тақырыбы: Оқушыларда химиялық білімдерді қорытындылау және жүйелей алу дағдыларын қалыптастыру

Жоспары:


  1. 16,17-тапсырмалардың мазмұнымен танысу

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 16,17-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Тапсырма 16 . Төменде сабақтың фрагментінен мысал келтірілген. Сабақ барысын оқушылардың өздік жұмысының үйымдастыру әрекеті, өзіндік әрекет тұрғысынан,дербестік дәрежесі бойынша, оқу дербестілігі сипаты, түрі, міндеті тұрғысынан сипатта.

Электрондық оқулықпен жұмыс. Қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттерін , лабораториялық алыну жолдарын көрсететін реакцияларды мұқият қарап, «Мұғалім-оқушы» ойынын ойнайды.

Ойын шарты :Партада отырған екіоқушының біреуі «мұғалім»,екіншісі «оқушы» рөлінде болады. Электронды оқулықпен жұмыс барысында «мұғалім» «оқушыға» қоятын сұрақтарын әзірлейді. Екінші «оқушы» рөліндегі оқушы тәжірибенің жүру барысына назар аударады.

Өйткені ол «мұғалім» сұрақтарына жауап береді .

Нұсқау:

Қанықпаған көмірсутектерді лабораторияда қандай тәжірибелердің көмегімен алуға болды ?



Қанықпаған көмірсутектердің жануын бақылаңдар .Тиісті реакция теңдеулерін жазып ,реакцияның жүру жағдайына көңіл бөліңдер .

Этиленді сынауықтардағы калий перманганаты ерітіндісі және бром суы арқылы өткізгенде не байқалды ?

Бұл реакциялардың маңызы неде?Ацетиленнің карбидтік әдіспен алу жолын және калий перманганаты ерітіндісі және бром суы ерітінділерімен әректтесуін және жануын бақылаңдар .Бұл реакциялардың маңызы неде деп ойлайсыңдар?

Диен көмірсутектерінің қанықпаған көмірсутек екенін қалай анықтауға болады?

Каучук пен резинаның айырмашылығы неде?»

Тапсырма 17 Төменде жаңа сабақтың фрагменті көрсетілген.Тақырыпты жүйелеу үшін қандай сызба нұсқа қолданар едің?

«Жаңа сабақ: (баяндау)

Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, атап айтқанда атом радиусының үлкендеу, валенттік электрондарының аздау болатынына тәуелді. Реакция кезінде металл атомдары өздерінің валенттік электрондарын оңай береді, сөйтіп оң зарядты катиондарға айналып тотығады:

Ме 0 – nе- = Me+

Металдар химиялық реакцяларға тотықсыздандырғыш ретінде қатысады. Металдар қосып алу және орын басу реакцияларына кіріседі. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті электрохимиялық кернеу қатарына орналасуына тәуелді. Олардың белсенділігі солдан оңға қарай әлсірейді.»

5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Практикалық сабақ №6

Сабақтың тақырыбы: Оқушыларда химиялық білімдерді қорытындылау және жүйелей алу дағдыларын қалыптастыру

Жоспары:


  1. 18- тапсырмалардың мазмұнымен танысу

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру


Тапсырма18 Төменде оқушыларға берілетін тапсырма түрі өздік жұмыс тапсырмаларының қандай түріне жатқызылады? Жауабыңды дәйекте

Кестеде қанша зат берілген? Заттарды ата.



1.СН 2 = СН – СН = СН2


2.СН 2 = СН – СН2 - СН3

2.СН 2 = СН – СН2 - СН3

СН 2 = СH– СН = СН2


3.НС ≡С – СН2 - СН3



4.СН 3 – С = СН2

І

СН3



5.СН 3 – С - СН3

//

СН2



6.СН 3 – СН2 - СН

//

СН2




7.СН 3 –С

///


С – СН3

8. СН 3 – С – СН2- СН3

//

СН2



9.СН 2 = СH– СН = СН2


10.СН 2 = СН – СН2 - СН3


11.НС ≡С – СН2 - СН3

12. СН 3 – СН2 – СН3



Тапсырма19 «Оқушыларда химиялық білімдерді қорытындылау және жүйелей алу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында тезис жаса

№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Төменде көрсетілген тасырмалардың қайсысы оқушыларда химиялық білімдерді қорытындылау және жүйелей алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған деп есептейсің,жауабыңды түсіндір

А)



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет