Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет84/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану
69fadd66-b8cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeІ руб бақ
2.Сүт қоректілер
Сүт қоректілер — омыртқалы жануарлардың ең жоғары құрылысты класы. Орталық нерв системасының ерекше дамуы оларға тән қасиет. Балаларын ана құрсағында көтеріп, сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы біршама тұрақты. Жануарлардың денесін жүн каптаған. Тері бедері жақсы дамыған. Сүт қоректілердің тістері өте ерекше: жануарлардың әр түрлі топтарында тістерінің саны, пішіні және атқаратын қызметі жөнінде елеулі айырмашылықтар бар. Жүрегі төрт камералы.
Сүт қоректілер бүкіл жер шарында таралған. Сүт қоректілердің сыртқы бейнесі де алуан түрлі.Басқа омыртқалы жануарларға қарағанда олардың құрылысы едәуір күрделі.
Жұмыртқа салушылар ең қарапайым сүт қоректілер болып табылады. Олардың басқа сүт қоректілерден өзгешелігі- жұмыртқа салу арқылы көбейеді.
Қалталалылардың құрылысы едәуір жоғары болғанымен, оларда бірқатар қарапайым белгілерде бар. Олар баласын шала туады да, оны анасы ұзақ уақыт қалтасына салып көтеріп жүреді.
Қазіргі сүт қоректілердің ең көп тобы- жоғары сатылы аңдар. Насеком қоректілер,Қол қанаттылар, Кемірушілер, Жыртқыштар, Ескек аяқтылар, Кит тәрізділер, Тұяқтылар, Ит тұмсықтылар, Приматтар солапрға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет