3.Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептилиялар класы Бауырымен жорғалаушылар құрылық омыртқалылырына жатады. Түрлердіц жалпы саны — 5000—5500. Олардың тіршілік етуі сулы ортаға байланысты қос мекенділерден өзгеше болады.
Бауырымен жорғалаушылардың көпшілігінің жүрегі үш камералы және оларда артериялық, веналық ағыстарға ажырау әжептеуір толық жүзеге асқан мұның өзі құлақшалар аралығының толық бөліне бастауымен, жүрек қарыншасындағы жетімсіз кедергіге байланысты пайда болған. Қос мекенділерге қарағанда нерв систсмасы да едәуір жетілген. Ми жарты шарлары айтарлықтай ірі. Мидың сұр және ақ заттары бар. Мида сұр заттың болуы бауырымен жорғалаушыларда ми қыртысының барлығын дәлелдейді, алайда ол әлі толық жетілмеген. Бауырымен жорғалаушылардың ми қыртысы да қос мекенділерге қарағанда едәуір күрделі. Оларда туа пайда болатын шартсыз рефлекстер байқалады және жаңа — шартты рефлекстер калыптасады.
Кесірткелер, жыландар, тасбақалар, крокодилдер бауырымен жорғалаушыларга жатады. Олар әр алуан жағдайларда тіршілік етеді. Көптеген түрлер тропиктік және субтропиктік ендіктерде мекендейді, шөл далада да рептиллялар көп. Бауырымен жорғалаушылардың сан алуан болуы солар мекендейтін ортаның әр түрлі сипатталатындығына байланысты. Кесірткелер насекомдармен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді, сарыбас жыландардың қорегі — бақалар, кесірткелер, кемірушілер, балық-тар. Бауырымен жорғалаушылардың барлығына дерлігі қорегін тұтас жұтады.
Рептилиялар көбеюінің бауырымен жорғалаушылардың көбеюінен айырымашылығы болады. Жұмыртқалары судан тысқары дамиды. Кейбір түрлері баласын тірі туады.
Бауырымен жорғалаушылардың маңызы әлі толық зерттелген жоқ. Алайда көптеген түрлері қоректену арқылы өсімдік зиянкестерін көп мөлшерде жойып жібереді. Жер планетасында кесірткелср мен жыландар өте көп тараған.
Кесірткелердің сыртқы бейнесі алуан түрлі болады. Олардың көпшілігінің денесі созылыңқы, алдыңғы және артқы аяқтары бар. Кейбір түрлерінде (сарыбауыр кесіртке) аяқ болмайды. Аяқсыз кесірткелердің сыртқы пішіні жыланға өте ұқсас. Кесірткелер барлық жерлерде тіршілік етеді. Олар жерде де, ағаштарда да, кейбіреулері суда да мекендейді.
Жыландар бүкіл жер шарында тараған. Жыландардың 2500 түрі бар деп есептеледі. Олардың бәрі тек қана азықпен қоректенеді. Қорегін тұтас жұтады. Жыландардың кейбір ірілері бұғының бұзауын жұта алады. Жыландардың улылары да бар. Сұр жылан, гюрза, қалқан тұмсық, күркіреуік жылан және басқа да толып жатқандары улы жыландар.