Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет146/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Денудациялық жазықтар - тау жыныстарының үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болады. Мұндай жазықтықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы. Осы тұрғыдан В.Дэвистің Сарыарқаны кәдімгі пенепленмен теңдестіргені де тегін емес.
Үстірт (плато) француздың plateau деген сөзінен шыққан -жазык. бағытта астасқан тау жыныстарынан құралған, тегіс бетті қыратты жазықтар. Бұлар төмендеу жатқан ойпатты жазықтардан кертпештер арқылы шектеледі.
Геологиялық құрылысына қарай құрылымдық және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық жыныстардың берік қабаттарымен тысталып қашалған түрін айтады. Жанартаулық үстірт аса зор көлемді магмалық массалардың жер бетіне шығып төгілуі нәтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті Кавказ сыртындағы кейбір үсітрттер осыған жатады.
Ал, құрылымдық үстіртің көрнекі үлгісі Арал және Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтақ үстірт жазықтығы. Оның солтүстік-батыс бөлігі - Қазакстанға қарайды, ал шығыс бөлігі Өзбекстанның Қаракалпақстан территориясына кіреді. Үстірт теңіз деңгейінен орта есеппен 200 метрден жоғары биіктікте жатқан жазықтық.Оның оңтүстік батыс бөлігі едәуір көтеріңкі. Үстірітің үстінде жазда кеуіп кететін ащы көлді жайпақ ойыстар кездеседі. Геологиялық құрылымында үстірттің астыңғы бөлігінде - палеоген кезеңінің, ал үсгіңгі жағында неоген кезеңіндегі әктас, құмтас және солардан құралған шөгінді қабаттар бар.
Таулы үстірт (плоскогорье) - кең ауқымды, біршама тегіс немесе белесті келген жайпақ жатқан немесе сәл-пәл деформацияға ұшыраған жымыстардан құралған биік өлкелер. Таулы үстіртердің жай үстірттерден айырмашылығы нақты биіктігі 1000 м-ге дейін, немесе одан да жоғары болуы және осыған байланысты терең тілімделуі. Қыратты өлкелердің ішкі жағы тегіс емес, олардың бірқатар бөлігін ойпаттар мен жоталар алып жатады. Таулы үстірттер ежелгі таулы аймақтың ұзақ уакыт тегістеліп, кейін қайта көтерілуі нәтижесінде түзілген. Бұлардың мысалы - Орта Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері.
Кейбір зерттеушілер таулы үстіртке жоғары көтерілген және тегістелген, деформацияланған тау жыныстарынан құралған денудациялық жазықтарды жатқызады. Мұндай кең ауқымды 3000 м-ден биіктіктегі ежелгі пенепленнің қалдықтарын Тянь-Шань т ауларында "сырт" деп атайды.
Таулы қырат (нагорье) - мегапішіндердің ерекше түрі, оның ішкі бйіктік өлкесінде жоталар мен таулы үстірттер, ойыстар мен кемерлер күрделі түрде астасып, аралас кездесетін таулы аймақтарын құрайды. Таулы қыраттар кең тараған, олардың мысалдары - Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет, Цайдам таулы қыраттары.
Т а у л а р дегеніміз жоғары биіктікке (8000 м-ге және одан да жоғары) өрлеген жер қыртысының қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымдармен күрделілеиген теңіз деңгейімен және өзін қоршаған жазықтықтармен салыстарғанда биіктік_көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың ұзындығы ондаған, жүздеген және мыңдаған шақырымға дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жаткаң аймактардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы өлке, таулы жүйе, таулы аудан және таулы жота деген атаулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуын қамтамасыз ететін бірден-бір шарт - жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыстардың сол таулардың мүжілу процесіне қарағанда әлдекайда қарынды болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне қарай олар - аласа (1000 м-ге дейін), орта (1000-3000 м) және биік (3000 м) тауларға бөлінеді. Биік тауларға - Гималай, Памир, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Альпі, Кордильері және басқалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет