Папоротниктәрізділер Псилот тәрізділер, Псилофит тәрізділер, Плаун тәрізділер, Сына жапырақ тәрізділер және Папоротник тәрізділер Папоротник тәрізділер типіне жатады. Біз плаун тәрізділер, сына жапырақ тәрізділер және папоротник тәрізділер кластарының ең көп тараған кәдімгі түрлеріне сипаттама береміз.
Плаун тәрізділер— жапырақ-сабақты шөптесін өсімдік. Ең көп тарағаны кәдімгі плаун. Оларды шырша мен қарағайдың дымқыл ормандарынан кездестіруге болады. Плаунның сабағы жерге төселін өседі де, өркені жерден көтеріңкі болады. Споралар плаундардың көпшілігінін төбе жапырақтарында дамитын спорангийлерінде түзіледі. Спорангий түзілетін жапырақтардың реңі сарғыш жасыл болады да, масақ құрайды.
Споралардың өте тығыз қабықшалары болады. Қолайлы жағдайда споралардан өскінше дамиды. Бұл жьнысты ұрпақ болып табылады. Аитеридийлер меи археогонийлерде жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткалардан жаңа споралы ұрпақ дамиды.
Сына жапырақ тәрізділер класының кәдімғі өкілі — Қырықбуындар. Олардың топыраққа көлбей орналасатын тамыр сабақтарынан жіңішке тамырлар шығады. Сабағы тік, өте өзгеріске ұшыраған сабағы шоқтанып жиналған. Сыртқы клеткаларында кремнеземнің болуына байланысты бұл өсімдіктердің барлығы өте қатты болады.
Қырықбуындарда жыныссыз және жьнысты ұрпақтар алмасып отырады. Споралары көктемгі өркендер ұшына орналасқан спорангийлерде түзіледі. Бұл өркен споралары пісіп және шашылғаннан кейін тіршілігін жояды. Қолайлы жағдайға тап болған споралар өніп-өседі. Одан қырықбуының өскіншесі дамып жетіледі. Өскінше кішкене жасыл такта тәрізді болады. Онда жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткадан жыныссыз ұрпақ дамиды.
Папоротник тәрізді ірі өсімдіктер. Бұл кластың ең көп тараған түрі у сасыр. Қырықбуын мен плаун сияқты мұнда да жынысты және жыныссыз ұрпақтар алмасып отырады. Жаздың екінші жартысында папоротниктің әрбір жапырақтарының астыңгы бетінде көзге айқын көрінетін кішкене қоңыр бүртіктер пайда болады. Бұл қысқа аяқшаларға орналасқан спораигийлер шоғы, олардың үстін қол шатыр тәрізді дөңгелек тақталар бүркеп түрады.
Спорангийлерден төгілген споралар алғашқы бөліну кезеңінде жіптесіп балдырлар тарізді пішінде өніп-өседі. Сонан соң жүрекше пішінді хлорофилді тақта түзіледі. Бұл папоротниктің өскіншесі. Тақтаның мөлшері онша үлкен емес, 0,5 см шамасында. Оның бір жағынан антеридий бүртіктері мен бөтелке тәрізді архегонийлер түзіледі. Бір ескеретін нәрсе, бұл өскінше суға түсуі қажет — ұрықтану су өсімдіктері тәрізді жүреді. Папоротник өсетін дымқыл жерлерде жаңбырдан кейін шалшық пайда болады. Аитеридийлерден живчиктер жүзіп шығьш, архегоний ішіне өршелене кіреді. Бұдан кейіи өскіншедегі ұрықтанған жұмыртқа клеткадан папоротниктер өсіп шығады.
Папоротник тәрізділер біздің планетамыздың өсімдіктер дүниесінің даму тарихындағы тас көмір дәуірінде дамыған жоғары құрылысты алғашқы құрылық өсімдіктері болған.
Папоротниктер жапырақтарының таңбасы тас көмір қабаттарында сақталып қалған.